Өзін- өзі бақылау сұрақтары
Адамның жан әлемі дегенді қалай түсінесіңдер?
Рухани қажеттіліктердің өзін- өзі танудағы мәні неде?
Адамға руханилық не үшін керек? Оны тән сұлулығы көрсете ала ма?
Жаны таза, ішкі әлемі әдемі деген сөздің мағынасы неде?
Тұлғаның өзін-өзі тануына қандай рухани қажеттіліктер керек?
Ішкі жан дүниенің даралығын неден байқауға болады?
Тұлғаның мотивациясы өзін-өзі тануға қалай әсер етеді?
Дәріс 12. Өзін-өзі тану және басқа пәндердің құндылықтар иерархиясындағы интеграциялық сипаты: мәні мен түрлері
Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуының мәні мен түрлері. Ықпалдастыру жолдары. Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру, integеr – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылды тереңдету
Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндермен интеграциясы - ықпалдастық, кіріктіру, біріктіру, шоғырландыру, деген мағынаны білдіреді.
«Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез-келген ғылым әрдайым зиян келтіреді» (М.Монтень)
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» (Әл Фараби)
Білім тек табыс табу үшін емес, өмір сүру үшін қажет.
Интеграциялаудың жолдары
Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру
Қазіргі ғылыми жаналықтармен таныстыру
Әрбір оқу пәндерінің мазмұнын жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау
Мысалдар: Химия пәнінен Атом туралы айтқанда: Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек. Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |