Дәріс Қазіргі әлемдегі өзін-өзі тану тұжырымдамаларының басымдылығы. Қазіргі заманның ғаламдық қпроблемалары


Дәріс 7. Адамның ішкі жан әлемі. Рухани дамудың танымал



бет8/13
Дата11.03.2022
өлшемі127 Kb.
#135223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәрістер ҚӘӨӨТТ АБА 2

Дәріс 7. Адамның ішкі жан әлемі. Рухани дамудың танымал
Мақсаты – докторанттарға адамның ішкі жан дүниесінің руханилық сипаты, аспектілері және өзіндік даралығы туралы түсінік беріп, оларды адамгершілік құндылықтар мен пен нормалар негізінде өзін -өзі тануға тәрбиелеу.
Жоспар:

  1. Адамның ішкі жан дүниесінің руханилық сипаты

  2. Адам руханилығының мәні және оның аспектілері

  3. Тұлғаның мотивациясы мен құндылығының арақатынасы

  4. Ішкі жан дүниенің өзіндік даралығы және жан мен тән үйлесімі

Адамзат баласының сан ғасырлық даму тарихына жүгінетін болсақ, ұрпақ тәрбиесінде руханилықтың мәні зор болған. Руханилық дегеніміз адам өмірінің материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген рухтық-сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті болып табылады. Ол адамның шынайы келбетін, болмысын, ішкі жан дүниесін білдіретін асыл қасиеттерде көрініс табады. Ғалым А.Г. Косиченко «руханилық адамның өмір сүру тәсілінің нәтижесі, адамның жақсылық жасай алуының өзі руханилық», - деп түсіндіреді.
Ал С.Б. Крымский «руханилық сыртқы болмыстың әмбебаптылығын тұлғаның ішкі әлеміне этикалық негізде айналдыру қабілеті, адамның сол ішкі әлем арқылы өзінің ойы мен ісін сәйкестендіре алуы», - дейді. Бұл ғалымдардың пайымдауынша руханилық дегеніміз өмір заңы емес, ол адамның адамдық қасиетін ашатын адамгершілік заңы,адамның ішкі жан дүниесінің байлығы, өзіндік сипаты, адамға ғана тән қасиет.
Руханилық, бұл - адам және адамзаттың шабытты-сезімдік жағы, адамдардың ойлауы мен өмір әрекетінің ерекше бейнесі. Ол ең алдымен адамның түрлі өнер, әдебиет, поэзия, философияны дамытудағы рөліне негізделген адам өмірінің керемет қырларының бірі ретінде адамның ішкі жан дүниесін байытатын құндылық . Руханилықты адамның ішкі дүниесінің басты сипаты ретінде адамгершілікке, адами құндылықтарға, әсіресе ақиқат пен жақсылыққа бағытталған өзіндік ойдың нәтижесі деп түсінуге болады.Адамның ішкі жан дүниесіне керекті руханилық рухани қажеттіліктермен айқындалады.
Рухани қажеттіліктер – әрбір адамның жан дүниесінің тереңінде жатқан, оны түрлі әрекеттерге ұмтылдыратын өмірдің идеалды формасы. Бұл өмірге, сұлулыққа іңкәрліктен, тұрмыс қуанышынан, адамдар арасындағы қайырымдылық пен өзара түсіністіктің мәнін және өзінің өзгелерге керектігін сезінуден туындайды.
Танымдағы рухани қажеттіліктер сана-сезімнің формалық жағынан кеңеюімен, мазмұны жағынан тереңдеуімен байланысты туады. Бұл социумда болып жатқан түрлі құбылыстардың табиғатын, себептерін, мәнін тануға деген ішкі мүдделіліктен басталады. Мұндай танымға жүрек пен ақыл, сол құбылыстың жалпы мәнін түсінуге ұмтылған абстрактылы-жинақтаушы ойлау мен нақты эмоционалдық күй тең дәрежеде қатысады. Рухани қажеттіліктер адамның интеллектуалдық және эмоционалдық сапалық ерекшеліктерін жетілдіруге ықпал етеді.
Адамның руханилығы тұлғаның ішкі жан әлемінің негізі ретінде интеллектуальдық, этикалық, эстетикалық тәрізді үш і аспектіде көрініс тауып, адамның өзін-өзі тануына көмектеседі. Адам жанына үңілу, жеке тұлғалық белсенділікті ояту өзін-өзі танудың жетекші қағидасы адам жаны махаббат пен мейірімділік сәулесіне бөленген, бастапқы құндылық, ол сол сәулені айналасындағы адамдарға, қоршаған әлемге төге отырып, жақсылық жасауға ұмтылдырады. Әрбір адам өз дамуында этнос өкілі ретінде этникаланудың бірнеше деңгейінен өтеді. Тұлғаның этнос субъекті ретіндегі үйлесімді дамуының көрсеткіші – оның өз жасы мен жынысына сәйкесті, диалектикалық бірлікте этноәлеуметтік рөлдерді игеруі болып табылады. Сондықтан өзіңді тани отырып, өзгелерге қайырымдылық, төзімділік, бауырмалдық көрсете алу өзін өзі танудың этникалық аспектісін білдіреді.
Табиғаттың ерекше перзенті — адам, соның сұлулығы. Ол сапа жағынан екі құрамда ажыратылып қабылданады, оның бірі — сыртқы, түр-тұрпат сұлулығы, яғни субъективтік сұлулық, екіншісі - рухани, ішкі, яғни объективтік сұлулық деп аталады. Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым-қатынасының т.б. жиынтығы ретінде қоғамда калыптасады. Ал жүректегі данышпандық, кемелділік, қайырымдылық, ұлықтық бұлардың бәрі ақылдың ықпалымен адамның жан-дүниесінде пайда болатын қасиеттер. Сондықтан бұлар өзара үйлесімде болғанда ғана адамның рухы биік, жан әлемі де таза болады.
Абай: «Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді», - десе, Шәкәрім “адам баласында екі ұмтылыс болады, біреуі тән ұмтылысы, екіншісі - жан ұмтылысы” деген. Бұл нақыл сөздердің мағынасы адамның қадір-қасиеті оның сыртқы тұлғасында емес, керісінше, оның жан дүниесінде екенін білдіреді.
Өзін-өзі танудың басты нысаны адам, яғни дара тұлға. Сондықтан қоғамдық ғылымдарда тұлға мәселесі ең өзекті деп танылады. Қазіргі ғалымдар тұлға мәселесін зерттеуде тұлғаның психодинамикалық, аналитикалық ,гуманистік когнитивті, мінез-құлықтық, іс-әрекеттік, диспозициялық теориясы сияқты ұстанымдарды бөліп қарастырады. Бұл ұстанымдардың негізі жалпы психологиялық болғанымен, олар өзін өзі танудың да өзегін құрай алады. Олай болса, тұлға дегеніміз - адамның даралық өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік сипаттарын көрсететін көп өлшемді және көп деңгейлі психологиялық сипаттамалар жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет