Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
Алғаш рет З.Фрейд адам санасынан басқа оған бағынбайтын бөлігін тауып, түсінік берді. Невроздарды зерттей келе, ол сана бөлігінен бөлектенген сезімдерді тауып, оны «түпкі сана» деп атады. Ашу, сараңдық, жек көру, қорқыныш, қызғаныш және т.б. төменгі сананың ішінде орын алады.
К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа «жоғарғы сана» бар екенін айтты. Егер сырттан алған ақпаратты дұрыс, сүйіспеншілікпен қабылдасақ, төменгі санамыз таза болады. Егер төменгі санамыз таза болса, онда интуиция арқылы жоғарғы санаға қол жеткізуге болады. Біз сонда ғана руханилыққа қол жеткіземіз.
Сананы тазарту
Сананы тазарту жалпыадамзаттық құндылықтардың жарық сәулесін біртіндеп бойға сіңіру арқылы іске асырылады. Бұл құндылықтарды өмірімізге енгізу арқылы біз түпкі санамызда орын алған негативті үдерістерден арыламыз, осы орайда эмоция күші мен билігінен айрылып, біртіндеп өмірімізден алыстай бастайды. Сондықтан да санамызды тазарту барысында эмоциямызға бақылау жасап, тыныштыққа қол жеткізуіміз керек. Біз әрқашанда жоғары сана аймағына жетеміз деген позитивті оймен өмір сүруге үйренуіміз керек. Бұл күрделі жолға, тек жақсы позитивті ойлар, әдемі суреттер, жақсы кинофильмдер, табиғаттың әдемі бейнесі т.б. арқылы жете аламыз. Сонымен қатар жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік те тыс қалмайды. Бұндай риясыз сүйіспеншілікті бастан кешіру санамызды оятатын рухани энергияны қажет етеді.
бағдарламасын тиімді жүзеге асыру шарттары (әр шартының мәнін нақты ашуға мысалдар келтіру)
Достарыңызбен бөлісу: |