Дәріс бойынша тапсырма



бет2/4
Дата09.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#110503
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университет1

Жібек жіптер. Жібек жіптер  екі қайтара ширату арқылы шикі жібектен алынады. Алдымен шикі жібектің бірнеше жібін біріктіреді де ширатады. Сонан соң ширатылған үш жіпті біріктіреді де бірінші ширатпаға қарсы бағытқа ширатады. Өңдеу процесінде жібек жіптер қайнатылады да әртүрлі  түске боялады.

Жібек жіптердің саудалық нөмірі: №75, №65, №33, №18 және №13.  Жіптердің метрикалық нөмірі саудалық нөмірден біршама төмен. Жұқа маталардан киім тіккенде байланыстыратын тігіс үшін №75, №65 және №33 тігін жіптерін пайдаланады. №18 және №13 жіптер түйме тесігін машинамен торлағанда және әртүрлі матадан тігілген киімге сәнді тігістер жүргізу үшін пайдаланады.

Жібек жіптерді катушкамен, бобинамен, картон патрондармен және орамамен шығарады. Картон патрондардағы №75 және 65 жіптердің ұзындығы 100 және 200 м, ал №33-50 жіптердікі 100 м. Жібек жіптерде сырт көрінісін бұзатын, мықтылығын төмендететін ақаулар болмауға тиіс: ширатпадағы түйіндер, жамау жіп, майланған, былғанған жіп, боялмай қалған, әртүстілік болмауға тиіс. Жібек вискоза жіптері вискоза жіптерінен алынады, түйме тесігін машинамен торлау үшін пайдаланады. Вискоза жіптер таза жібек жіптері сияқты екі қайтара ширатылады, соңғысы үш қабатталынады. Жіптер әртүрлі түске боялады, 50-100 м орамамен шығарылады.

Түйме тесігін қолмен торлағанда, түйме тіккенде, сәндік тігістерді жүргізгенде ширатылған жуан таза жібек жіптері - №3 және 7 гарус пайдаланылады. Гаурстың сызықтық тығыздығы 333 немесе 143 текс және 90 шикі жібек жіптерден тұрады. Гарусты түрлі түспен 8-50 м орамамен шығарады. 

             Штапельдік полиноздық талшықтардан жасалған жіптер жұмсақ, жылтыр, құрғақ - дымқыл күйлерінде де мықтылығы жоғары (вискоза жіптерімен салыстырғанда), жуғанда төзімді, құрғақ кезіндегі ұзаруы (8-10%) мен дымқыл кезіндегі ұзаруы (10-12%) онша көп емес. Жылуға төзімділігінің жоғары болуына байланысты полиноз жіптерді пайдалағанда тігін-машинасының жұмыс жылдамдығын еш шектемеуге болады. Мықтылығы жағынан полиноз жіптер мақта жіптерден осал. Полиноз жіптерінің қасиетін зерттеу негізінде мықтылығы басым полиноз жіптерін шығару жайында ұсыныстар жасалды.

Киімнің барлық түрін тігуде мақта жібі атқаратын барлық перацияларға полиноз жіптерінде пайдалануға болады.

  Синтетикалық жіптер. Химиялық талшықтан жасалатын жіптерді шығарудың арқасында тігін өнеркәсібінде қолданылатын жіптердің ассортименті жыл асқан сайын көбеюде. Әсіресе синтетикалық жіптер кең қолданылуда, себебі таза талшықты жіптерге қарағанда олардың кейбір қасиеттерінің артықшылығы бар. Синтетикалық жіптер тартқанға және үйкеліске мықты, шамалы апшиды, жарық-ауа райына, тотыққанға, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді, гигиеналық қасиеті жақсы, өңезденбейді.

Синтетикалық жіптерді пайдалану саласы жыл сайын артуда. Ол тігін өнеркәсібінде отырмайтын немесе аз отыратын жіптері керек ететін материалдарды пайдалануға байланысты: синтетикалық талшықтары басым маталар мен синтетикалық маталарды; қосарланған материалдарды, арнаулы сіңдірмесі бар маталарды (апшымайтын, қыртыстанбайтын, су сіңбейтін және т.б.) пайдалануға байланысты. Аталаған материалдарға синтетикалық жіпті пайдалану бұйымның сапасын арттырады. 

Біздің елде синтетикалық жіптердің ішінде құрама капрон және лавсан жіптері кең қолданылады. Сонымен қатар капрон және лавсан өзекшелі, қаңқалы жіптер мен таслан типтес текстураланған  жіптер шығарылады. 

Құрама талшықты лавсан және капрон синтетикалық жіптерін шығару процесіне  қабаттау, ширату, қайнату, ағарту немесе бояу өңдеу жатады. Силикондық препараттармен  эмульсиясының қосындысы және антистатикпен өңдеу арқылы жіптердің жылуға шыдамдылығын арттырады. 

Капрон жіптердің созғанда мықтылығы  таза жібек немесе мақта жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда  синтетикалық жіптерге үйкеліске тозбайды, сондықтан оларды түйме тесігін торланағанға пайдаланады. Капрон жіптердің жұмсақтығы тіккенде жіптердің ілмектенуіне теріс әсер етіп, тігістің тарылуына әкеп соғады, ал жылуға төзімділік қасиетінің төмендігі оларды пайдалану саласын саласын тарылтады ылғал-жылумен өңдегенде – оларды өтектеп немесе престеу бетінің температурасы 160°С –ден аспауын және басу уақытысы 30 сек. аспауы керек екенін білу керек. Температураны фланель салып өтектегенде 5°-қа, бортовка салып өтектегенде 10°-ке артыруға болады.

Капрон жіптердің созғанда мықтылығы  таза жібек немесе мақта жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда  синтетикалық жіптерге үйкеліске тозбайды, сондықтан оларды түйме тесігін торланағанға пайдаланады



Лавсан жіптерінің нөмірленуі №22Л, 33Л, 55Л болып белгіленеді. Лавсан жіптерін сырт киімдерді тіккенде қосымша майлап жоғарғы жіпке пайдалануға болады. Әртүрлі талшықты бұйымдарды ылғал-жылумен өңдегенде лавсан жіптерімен тіккен тігістер өзгермейді.

Лавсан жіптерінің №4 (36/2 *4) және №7 (36/1*5) төменгі нөмірлерін бедерлі сәндік тігіске пайдаланады.

Синтетикалық жіптердің жалпы ортақ кемшілігі – жылуға төзімділігінің төмендігі. Тігу жылдамдығы минутына 2000-2200 шаншыма болған жіп пен иненің арасындағы үйкелістен ине қызады да капрон жібі балқып үзіледі. Лавсан жібі тігу жылдамдығы минутына 3000 шаншыма болғанда үзіледі. Инелердің арнаулы түрлерін пайдаланған жөн: хромдалған, сатылы, арнаулы химиялық өңдеуден өткен инелерді пайдалана отырып олардың қызып кетуін азайтамыз, синтетикалық жіптердің қолданылу тиімділігін арттырамыз. Инені салқындатып тұру үшін іші қуыс табанша пайдаланады да, баллоннан немесе компрессордан қысылған ауа ине мен матаға беріліп тұрады. Кейбір машиналарда инені салқындату үшін су бүркіп тұрады. Таза жібек жіптерін капрон немесе лавсан жіптерімен алмастыру үлкен экономикалық тиімділік береді.

Құрамалы қаңқалық жіптердің мақта талшықтарымен немесе полиноздық талшықтармен жабылған синтетикалық құрама жіптерден өзегі болады. Қаңқалық жіптердің 70%-і синтетикалық талшықтар, 30%-і мақта немесе полиноздық талшықтар. Қаңқалық жіптердің өзегі капрон немесе лавсан талшықтарынан  болуы мүмкін. Ең жақсы жіптер – полиэфир талшықтарынан (лавсан) жасалған өзегі бар жіптер болып табылады. Егер де сырты талшықтарымен жабылса қаңқалық жіптер мақта жіптеріне ұқсас. Полиноз талшықтарымен жабылған қаңқалық жіптердің беті жылтыр, сырт көрінісі мерсерленген мақта жіптеріне ұқсас. Мақтадан немесе полиноз талшықтарынан тұратын беттік қабат жіптің синтетикалық өзегін балқып бүлінуден сақтайды.

Құрамалы жіптер мақта жіптерге қарағанда мықты, мақта жіптерден гөрі ұзаруы 2 есе көп. Мақта жіптерге қарағанда қаңқалық жіптердің отыруы да аз, ұру әсеріне 2-3 есе төзімді.

Мақта жіптері атқаратын барлық операцияларда қаңқалық жіптерді маталардың барлық түрінен сырт киімдерді, іш киімдерді, жейделерді, пимаждарды, блузаларды, көйлектерді, т.б. тіккенде пайдалануға болады.

Таслан типтес текстурланған тігін жіптері – аумақты жіптер. Аумақты жіптерді алу үшін қарапайым талшықтарды  ширатқан кезде қысылған ауа ағынымен үрлейді. Соның салдарынан кейбір талшықтар ілмек құрады, ал кейбіреулері сол қалпында қалады. Нәтижесінде құрылымы аумақты жіп аламыз, бетінде мөлшері әрқалай ілмектенген талшықтары болады. Таслан типтес жіптер аз және қатты созылатын болып шығарылады. Аумақты жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде таслан типтес жіптер ауа қабатын құратын ілмекті құрылымының арқасында инені біршама салқындатады, балқу мүмкіндігін азайтады. Соған қарамастан бұл жіптер жылжуға шыдамдылығын арттыру үшін арнаулы өңдеуден өтеді. Аумақты жіптер мықты, жұмсақ және иілгіш тігіс береді. Оларды кимнің бөлшектерін жалғастырудың барлық түріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің етегін тіккенге, жейде, блуза, пижам, көйлек, корсет бұйымдарын, трикотаждан киімдер тіккенде пайдаланылады. Жаңа маталардан  ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне жұмсауға болады.

Текстурленген 15,6 текс*2 тігін жібі сыртқы көрінісі мен қасиеті жағынан құрамалы синтетикалық жіптер сияқты. Бұл жіптерді алдын-ала ешқандай жөндеп келтірусіз-ақ ОЗЛМ 97 кл машиналарында  33 Л лавсан жіптерінің орнына пайдалануға болады. Тігін жіптерін текстурлеу нәтижесінде олар әмбебап тігін машиналарында пайдалану кезінде үзілгіштігі азаяды.


3.Тігін бұйымдарын пайдалану барысында, жуып, тазартқанда тігін жіптері үйкеледі, бұралады, созылады, әртүрлі химиялық заттардың әсеріне ұшырайды. Қатты тартылып тігілген жіптер әрқашан да тартылып тұрады да, мықтылығын кемітеді. Бос тігілген тігістің жіптері бұйымның бетіне шығып тұрады да, үйкеліске көп ұшырайды. Тігін машинасының жұмыс сапасы мен тігілген бұйымның сапасы тігін жібінің сапасына байланысты, сондықтан да олардың құрылымына, физико-механикалық қасиетіне биік талап қойылады. Негізгі талап – өте мықты болуы. Тігін жіптері тегіс, серпімді, жатықбоялған мықты, ширатпасы бір қалыпты, химияға, жылуға төзімді болуға тиіс.

Тігін жіптерінің сапасы келесі қасиеттері бойынша: тегістігімен, созылғыштығымен, мықтылығымен, серпімділігімен, бояуының тиянақтылығымен, ширатпасының тепе-теңдігімен, сырт көрінісінің ақауымен сипатталады.

Тігін жіптерінің созғандағы мықтылығы олардың негізгі  сапалық көрсеткіші болып табылады. Мықтылығын анықтау үшін жалаңқабат жіпті динамометрде кереді. Органолептикалық тәсілмен анықтағанда ұзындығы 0,5 м тігін жібінің үлгісін қолмен тартып үземіз. Бұлай тартқанда мықты жіп серпіледі, ал үзу үшін көп күшті керек етеді. Жіптердің мықтылығына қабаттың саны, ағарту процесі, бояу және аппреттеліп-өңделу әсер етеді. Өңделмеген және ақ жіптердің сол нөмірлі қара және түрлі-түсті жіптерге қарағанда мықтылығы жоғары. Күңгірт жіптерге қарағанда жылтыр жіптер мықты келеді. Шыдайтын күшке қарай 3 қабат жіптер «Экстра» және «Прима» маркаларына бөлінеді. «Экстра»  каркасының жіптері мықтылау. 3 қабат жіптерге қарағанда 6 қабат жіптердің мықтылығы жоғары. Олардың түрі бреу-ақ – «Специальные». Қабат саны мен мықтылығына байланысты жіптердің катушкалары; гильзалары және бобиналарының этикеткаларының түсі әртүрлі. 3 қабат «Экстра» маркалы жіптің этикеткасы қоңыр, «Прима»  маркасыныкі – жасыл болып келеді.

Жіптердің созылғыштығы  олардың  нөміріне, қабат санына, ширатпасына, өңделу сипатына байланысты, 3 тен 8,5% -ке дейін болуы мүмкін.

Ширатпа мен ширатпаның теңдесуі тігін машинасында тігіс құрау процесіне әсерін тигізеді. Тігін жіптері оң (Z) және сол (S) ширатпа болып бөлінеді. ОЗЛМ 97 кл. тігін машинасы мен ОЗЛМ 797 кл. машинасы тек оң ширатпа керек. Бұл машиналардың жіптартқышы айналып тұратындықтан сол ширатпа жіптер бұл машиналарда тарқатылып кетеді. Ширатпа мен қабат саны тігін жіптерінің үлгісін ширатпа өлшеуіште (круткомер) тарқату арқылы бірден анықтайды. Ширатпаның теңдестігі ұызындығы 1 м артық ілмектің айналуынан белгілі. Егер ілмектің айналуы алтыдан аспаса теңдестік жақсы деп есептелінеді. Нашар теңдескен жіптер ілмектеліп, бұралып, тіккенде аттап кетеді, үзілгіш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет