Мендельден кейiн гендердiң өзара әрекеттесулерiнiң басқа да формалары табылды. Олар
қаншалықты көп болғанмен негiзiнен екi топқа бөлуге болады: аллельдi гендер арасындағы және
аллельдi емес гендер арасындағы өзара әрекеттесу.
Аллельдi гендер арасындағы өзара әрекеттесулердiң негiзгi үш түрi белгiлi:
толық
доминанттылық, толық емес (толымсыз) доминанттылық және кодоминанттылық.
Аллельдi емес гендердiң өзара әрекеттесулерi, ұрпақтардағы белгiлердiң ажырау қатынастарын
әдеттегi сандық қатынастардан басқаша етiп өзгерте алады. Мысалы,
F
2
-дегi әдеттегi дигибридтiк
9 : 3 : 3 : 1 қатынастары 9 : 7, 9 : 3 : 4, 9 : 6 : 1, 12 : 3 : 1, 13 : 1 немесе 15:1 болып өзгеруi мүмкiн.
Бiрақ фенотип бойынша осылай өзгерген ажыраулардың бәрi Мендельдiк жалпы дигибридтiк 9 : 3
: 3 : 1 қатынасының тек өзгерген түрлерi болып табылады. Аллельдi емес гендердiң өзара
әрекеттесулерiнiң
негiзiнен
комплементарлы
,
эпистаз
және
полимерия
деп аталатын үш типi
белгiлi.
1 Гендердiң комплементарлы әрекеттесуi
Комплементарлы
немесе
толықтырушы
деп - өз
алдына жеке келгенде әсерi
байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда басқа бiреуiмен
бiрге қатар келсе жаңа бiр белгiнiң дамуына ықпал ететiн гендердi айтады. Комплементарлы
гендер бiрiн-бiрi толықтырады және жаңа белгiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
Өз алдына жеке
келгенде комплементарлы гендердiң әсерi байқалмайды. Гендердiң комплементарлы әсерi
алғашқы рет
хош иiстi жұпар бұршақта
(Lathirus odoratus)
зерттелген.
Жұпар бұршақтың ақ гүльдерi бар екi сортын будандастырғанда
F
1
гибридтердiң гүлдерiнiң
түсi қызыл болып шығады.
F
1
өсiмдiктерiнiң өздiгiмен
тозаңдануынан алынған
F
2
ұрпағы 9 қызыл : 7 ақ гүлдiлер
қатынасында ажырайды. Бұл жағдайда гүлдiң қызыл түсiн екi комплементарлы доминантты
гендер (
С мен Р
) бiрiгiп анықтайды. Ата-аналық формалардың генотиптерiн
ССрр
және
ссРР
деп
белгiлеуге болады. Жеке-жеке
С
және
Р
доминантты гендерi белгiге (гүлдiң түсiне) ешқандай әсер
етпейдi және сондықтан да ата-аналарының екеуiнiң де гүлдерi ақ түстi болады.
Хош иiстi бұршақ гүлдерi түсiнiң тұқым қуалауы
х
♀
♂
Достарыңызбен бөлісу: