9 дәріс. Инклюзивті білім беру жағдайында қашықтықтан оқыту барысы - 1 сағат
Жоспар:
1. Қашықтан оқыту анықтамасы
2. Қашықтан оқытудың негізгі міндеттері
3. Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері
Бүгінгі күні қашықтан оқыту білім берудің еркін формасы, оның кейбір идеяларын материалдық-техникалық базалары бар қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады, сондай-ақ басқа бағдарламалардан, жоспарлардан, стандарттар мен арнайы жағдайларға тәуелділігі аз болады.
Қашықтан оқыту - елімізде жалпы білім беру және арнайы білім жүйесінің құрылымдық жүйесі және ұйымдастыру, әдіс-тәсілдердің елеулі өзгерістерін білдіретін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық балалардың психофизикалық жағдайлары мен даму деңгейіне қарамастан әлеуметтену, тәрбиелеу, білім беру және дамытудың қашықтан электронды әдістерінің бейімделген жүйесін жасақтауда.
Бұл берілген білім беру формасы оқушыларға жергілікті жерде мектепке оқуға мүмкіндік береді, бір уақытта қашықтағы оқу-әдістемелік ортасы мен ақпараттық білім беру ресурстарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Үйден оқитын баламен педагогтан басқа (тьютордан) педагог-дефектолог, түзетуші педагог, педагог-логопед, педагог-психолог мамандар қашықтан жұмыс жасайды. Педагог-дефектолог ақпараттық бейімделуді, виртуалды-нақты әлеуметтенуді, түзете-дамыта оқытуды, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары оқыту бағдарламасы бойынша білімнің олқылықтарын толықтыруға бағытталады.
Әр мұғалім қызметін әдістемелік сүйемелдеу, оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, денсаулығын сақтау, түзете-дамыту жұмыстары, демалыс, бос уақыттарын ұйымдастыру қашықтан оқу процесінің мазмұндық жағын қамтамасыз ететін оқыту ресурстық орталықтары, құрылымдары жағдайында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ресурстық орталық оқу-әдістемелік процесті өтуіне жауапты, оны бақылауды жүзеге асырады, техникалық мәселені шешуді қадағалайды.
Қашықтан оқытудың негізгі міндеттері:
- ерекше білім бер қажеттілігі бар балалардың білім беру бағдарламалары негізінде жоғары сапалы білім беру;
- қашықтан білім беру тұжырымдамасы мұғалімнің жетекшілігімен оқыту, сондай-ақ қосымша өз бетімен білім алу болып табылады.
Қашықтан оқыту - бұл зерттелетін материалды оқушыға жеткізу үшін ақпараттық технологиялардың жиынтығы, оқу үрдісінде оқушылар мен оқытушылардың интерактивті байланысы, сондай-ақ оқу процесінде зерттелетін материалды дамыту бойынша өз беттілік жұмысы бар оқушыларды қамтамасыз ету.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастырудың бірнеше әзірлік кезеңдері бар: өңделім, апробация және енгізуді қамтитын әзірлік сатысы, негізгі қашықтан оқыту жүйесін тікелей қолдану кезеңі, бақылау-бағалау шараларын қамтитын қорытынды кезеңі.
Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері:
- модулділік, бұл белгілі білім салалары туралы толық түсінік беретін әр бөлек курстар (минимальды уақыт алатын сыйымды және барынша нақты модуль жасақтау, баланың бос уақытта өз бетімен жұмыстану үшін қызығушылық тудырады);
- оқушыларға тұлғалық бағытталған оқыту (сабақ және уақыт шектеуі жоқтығы, әр оқушының сақталған әлеуетін қолдана отырып кестеден тыс жұмыстану мүмкіндігі, бала өзінің кемшіліктерінен ұялған жағдайда немесе отбасынан тыс қарым-қатынас жасауға келіспеген жағдайда қашықтан оқыту);
- технологиялық, өз бетімен, бірақ білімді меңгеру деңгейі бақылатын үдерісте өзара әрекет етудің әртүрлі әдістері, формалары және құралдары;
- интерактивтілік, ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды оқытуға толық сәйкес келетін және жеткілікті құралдар болып табылады.
Орынбор мемлекеттік университетінің жалпы және кәсіптік педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л. А. Витвицкийдің айтуы бойынша, қашықтан оқытуды жүзеге асыру төрт құрамнан тұрады:
-физикалық қашықтықта бөлінгеніне қарамастан мұғалім мен оқушының тиімді өзара іс-әрекеті;
-педагогикалық техниканы қолданатын;
-дайындалған әдістемелік материалдар тиімділігі және оларды жеткізу түрлері;
-кері байланыс тиімділігі.
Е.С. Полаттың айтуы бойынша қашықтан оқытуды табысты және сапалы жүзеге асыру осы процеске қатысы бар педагогтардың шеберлігі, педагогикалық басшылықтың тиімді ұйымдастыруына байланысты.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру барысында төмендегіні ескеру қажет:
-баланың ағымдағы медициналық және психологиялық жай-күйін бақылау, ұсыныстар арқылы жеке бағдарламалар ұйымдастыру;
-қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін барлық компоненттер болуы (құралдар, дайындалған педагогтер);
-осы оқыту формасына ата-аналардың келісімі.
Әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктермен қашықтан оқытудың түрлі модельдері бар: интернеттен сервистік құралдарды пайдалана отырып, негізінен мәтіндік файлдар, мультимедиялық технология, видеоконференция, (электрондық пошта, іздеу жүйесі, телеконференция, форумдар, блогтар).
Сонымен, арнайы білім беруде жүзеге асатын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқыту психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтері, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің ақпараттық технологиялар қолдау мамандары, жалпы білім беру жүйесімен өзара біріккен қызметте бірнеше артықшылықтары:
тиімділік– өнімділікке және басқа да ресурстық мақсаттарға және уақыт шығындары бойынша қол жеткізген жетістіктерді жақсарту байланыстарында көрінеді;
икемділік– ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психофизиологиялық және жеке-типологиялық ерекшеліктеріне, өмір сүру жағдайына сай оқытудың уақыты, орны және қарқынын таңдай отырып оқыту мүмкіндігі;
модульділік - жеке қажеттіліктерін, сонымен қатар бірінші және екінші бұзылыстарына сәйкес мүмкіндіктерін қанағаттандыратын жек оқу жоспарымен оқу, жек түзету-дамыту маршрутын басшылыққа алу мүмкіндігі;
параллельділік - бір уақытта базалық бағдарламалар мен даму бұзылыстарын түзете отырып оқыту мүмкіндігі;
жаңашылдық - білім беру процесінде ЕББҚ бар баланың өз беттілік жұмысын бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік жабдықтарға, компьютерлік желілерге, мультимедиалық жүйелерге негізделген жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану;
оқытушының жаңа рөлін тьютор-кеңесші орындайды.
оқушының жаңа рөлі– оқу процесін өзі ұйымдастыру және өзіндік бақылау болып табылады.
Қазіргі заманғы техникалық құралдар оқу материалдарын өз қажеттіліктеріне сәйкес оқушылар түзете алатын мүмкіндік береді. Мысалы, оқушының көру қабілетінде кемшілік болса оқушы материалдағы шрифт түрі мен көлемін өзіне ыңғайлы етіп үлкейтіп қарауына, суретті қойып немесе орнын ауыстыруына, түсін өзгертуіне, тақырып жазарда өзіне ыңғайлы графикалық символдарды қолдануына мүмкіндік бар. Осылайша, ең қолайлы сипаттамалары зерттелетін материалды оқушы өзі таңдайды. Тірек-қимыл аппараттары қиындық туындататын оқушыларға ыңғайлы компьютер құралдары қарастырылған, тышқан және клавиатура және т.б. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қашықтан оқыту құралдарының бірі бейнеконференция арқылы Skype бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану болып табылады. Skype бағдарламасында жұмыс жасап отырып, құжаттарды тең редакциялау мүмкіндігі үшін, мұғалім Google Drive сервисін қолдана алады. Бұл әрекетті орындау үшін, мұғалім жаңа құжат жасайды немесе Word бағдарламасында бұрын құрылған құжатты пайдаланады, оны Google Drive ішіне жүктеп, құжатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді және осы құжат сілтемесін оқушыға жібереді.
Ресей зерттеушісі Е.Г. Самарцеваның пікірінше, педагогтің инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы - инклюзивті білім берді нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде болатын ұстанымдарымен сипатталатын, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсіби-тұлғалық білім. Кәсіби даярлық инклюзивті білім беру жағдайында баланы толыққанды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру бойынша кәсіби әрекетті орындау қабілеті мен педагогтың ойлау бағыттылығынан көрінеді. Е.Г. Самарцева жасаған балаларға инклюзивті білім беру педагогының кәсіби даярлығы құрылымына келесі түйінді, мазмұнды компоненттер кіреді: тұлғалық-мәндік (инклюзивті білім берудің идеологиясын қабылдауға педагогтың рефлекстелген ұстанымы, педагог санасының, ерік, сезімдерінің балаларға инклюзивті білім беруге уәждемелік, когнитивті (балаларға инклюзивті білім беруге қажетті кәсіби-педагогикалық білімдер кешені) және технологиялық (ЕББҚ бар оқушыларға инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың кәсіби-тәжірибелік іскерліктер кешені).
Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда педагогтар командасына және ЕББҚ бар балаларға bilimlend сайтындағы инклюзивтік курстың материалдарын қолдану оның тиімділігін арттырары сөзсіз. Сонымен бірге imektep.kz, itest.kz, bala tili, sozdik, emle.kz сайттарының өнімдерін пайдалану керек. Институтымыздың zkoipk.kz сайтында «қашықтық курстары» жобасы аясында «Prezi веб-сервисі», «Smart құрылғылардың мүмкіндіктері» сияқты курстар инклюзивті білім беруде қашықтан оқытуды жүзеге асыратын педагогтерге АКТ құзіреттілігін арттыруда септігін тигізеді деп ойлаймыз.
№
Достарыңызбен бөлісу: |