Дәріс 8. Инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау әдістемесінің нәтижелерін тексеру - 1 сағат
Жоспар:
1. Шығармашылықты бағалаудың әдістері
2. Тестілеу нәтижелерін талдау
АКТ-ны пайдалану туралы мәселе басым болып есептелді. Респондентке нақты бір жағдайға байланбай, қандай да бір түсті таңдау қажет болды. Әрбір жауап нұсқасында 8 түстің 1-еуін таңдауға болатын еді. Зерттеуде пайдаланылатын дәстүрлі ынталандыру материалы 4 қосымшада көрсетілген. Егер респондент стандартты түсті таңдаса, бұл оның тіршілік әрекетінің осы құбылысына деген оң көзқарасын көрсетті. Жауаптарда екінші кезектегі - қара, сұр, қоңыр түстер болған жағдайда белгіленген аспектіге деген кері көзқарасты байқауға болады.
М.Люшер тестінің көмегімен жүргізілген тәжірибе нәтижелерінен байқағанымыздай, тәжірибелік және бақылау топтары оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалануға оң көзқарастарын көрсетті - оң бейімділік коэффициенті тиісінше 55 және 54%-ды құрайды. Болашақ кәсіби қызметінде АКТ-ны қолдануға оң бейімділік коэффициенті біршама төмен - тәжірибелік топта 32% және бақылау тобында 33%(р>0,05). Осылайша, зерттеліп отырған топтардың респонденттері арасында бұл мәселе бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалмады.
Когнитивтік-дивергенттік факторлар
Педагогикалық тәжірибеге қатысушылардың шығармашылыған бақылау үшін Ф. Вильямстың тесті пайдаланылды (17-сурет).
Тәуекелділікке бару қабілеті
|
|
Тұлғалық-дивергенттік факторы
|
|
|
Күрделігігі (кешенділігі)
|
|
|
|
Білімге деген құштарлығы
|
|
|
|
Қиялы
|
|
|
Сурет17 - Ф. Вильямс тесті
Шығармашылықты бағалаудың бұл әдісі кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Әдетте шығармашылық мүмкіндіктерді бағалау үшін көбіне Торренс тестін пайдаланады, онымен алынған нәтижелерді өңдеу айтарлықтай көп еңбек етуді қажет етеді. Гилфорд пен Торренстің экспресс-тесттері ересек аудиторияға арналған, сондықтанда біздің зерттеуге тура келмейді. Тәжірибе үшін жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін көрсететін когнитивтік және тұлғалық қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал қажеттігін түсіну маңызды. Бұл талаптарға Вильямс тесті толық жауап береді. Біздің жұмысымызда оның Е.Е.Туник түрленіміндегі жетілдірілген үлгісі «Дивергентті ойлау» тесті пайдаланылды.
Тестілеу нәтижелерін талдау шығармашылықтың жалпы балы әр топ бойынша бірдей (61 балл) екендігін көрсетті, бұл ретте:
1.«Ойлау шапшаңдығы» өлшемі: тәжірибелік топ - 6 балл, бақылау тобы 6 балл.
2.«Ойлау икемділігі» өлшемі: тәжірибелік топ - 6 балл, бақылау тобы - 6 балл.
3.«Ойлаудың ерекшелігі»: тәжірибелік топ - 20 балл, бақылау тобы - 20 балл.
4.«Ойлаудың өңделгендігі» өлшемі: тәжірибелік топ - 14 балл, бақылау тобы - 14 балл.
5.«Атаулары» өлшемі: тәжірибелік топ - 15 балл, бақылау тобы - 15 балл. Студенттерді іріктеудің статистикалық біртектілігін дәлелдеу үшін сондай-ақ олардың өз оқу жоспары аясындағы үлгеріміне талдау жүргізілді. Талдау барысында мынадай нәтижелер алынды:
- «2» деген баға тәжірибелік топтың 10%-ында және бақылау тобының 8,33%-ында бар;
- «3» деген баға тәжірибелік топтың - 33% және бақылау тобының - 35% респондентінде бар;
- «4» деген баға - екі топта да бірдей мөлшерде (43,33%);
- «5» деген баға - екі топта да бірдей мөлшерде (13%).
Осылайша, топтардың статистикалық жағынан айырмашылығы жоқ және оларды біздің педагогикалық тәжірибемізде пайдалануға болады.
Одан әрі біз студенттердің АКТ-ға деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік беретін өз сауалнамаларымызды жасауға кірістік. Біз, заманауи педагогикада қолданылып жүрген осыған ұқсас сауалнамалармен оқып-таныстық. Нәтижесінде біз жалпы саны 98 сұрақтан тұратын 5 сауалнама жасап шығардық. Олардың тізімін 5 блокқа бөлуге болады, олар:«Студент және АКТ», «Оқу іс-әрекеттегі АКТ», «Болашақ кәсіби іс-әрекеттегі АКТ», «Отбасы және ақпараттық-коммуникациялық құралдар» және «Ақпараттық инклюзивтік кеңістіктегі жеке тұлға».
В қосымшасында «Студент және ғаламтор» сауалнамасының нәтижелері көрсетілген. Сауалнама алудың негізгі мақсаты - тәжірибеге қатысушылардың Ғаламторға деген көзқарасын білу. Сауалнама мынадай сұрақ блоктарынан құралды: «Студент және Ғаламтор», «Отбасы және Ғаламтор», «Оқу және Ғаламтор», «Болашақ педагогикалық қызмет және Ғаламтор» және «Дамуында ерекшеліктері бар адам және Ғаламтор».
Студенттің және оның отбасының ақпараттық дамуын бағалау үшін
«Отбасы және компьютер» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнамаға «Студент және компьютер», «Отбасы және компьютер», «Компьютер оқу қызметінде»,«Компьютер кәсіби іс-әрекетте» және «Дамуында ерекшеліктері бар адам ақпараттық қоғамда» бағыттары бойынша 20 сұрақ енді.
Одан әрі студенттерді күнделікті, оқу және кәсіби-педагогикалық қызметтерінде АКТ-ны пайдалануға итермелейтін ынталандыруларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнамада «Мен және ақпараттық-коммуникациялық құрал», «АКТ менің оқуымда», «АКТ болашақ кәсіби іс-әрекетімде» және «Инклюзивтік мектептегі АКТ-ның рөлі» тәрізді 4 блок бойынша сұрақтар болды.
Студенттер инклюзивті қоғамда арнайы АКТ негіздерін оқытудың қажеттілігін айтарлықтай жоғары деңгейде мойындайды (ең жоғары 5 балдан - тәжірибелік топ:4,7 балл, бақылау тобы: 4,6 балл). Олар кез-келген адам, даму ерекшеліктеріне қарамастан, ДК мен Ғаламтор желісінің сенімді қолданушысы болуы керек деп есептейді (әр топ бойынша 2,3 балдан). Алайда, әзірге АКТ-ны өзінің кәсіби қызметінде пайдалануға респонденттердің бәрі бірдей дайын емес (тәжірибелік топтың дайындық деңгейі - 4,2 балл, бақылау тобы - 4,4 балл). Өзінің сенімді ДК қолданушысы ретінде жұмыс істеу қабілетін респонденттер тиісінше 3,5 және 3,3 балмен бағалаған. Ата-аналардың барлығы компьютерді және Ғаламторды пайдалана білу - білімді тұлғаның даму факторы деп мәлімдеген.
Бұдан шығатын қорытынды, екі топ та өзінің оқу және болашақ кәсіби қызметіндегі АКТ-ның рөлін мойындайды. Алайда, әзірге ақпараттық- коммуникациялық, соның ішінде арнайы құралдардың барлық мүмкіндіктері туралы білімдерінің жеткіліксіздігі байқалады.
Студенттер мен ата-аналардан сауалнама алу нәтижелері бойынша төмендегідей нәтижелер алынды:
студенттер АКТ-ны оқу және кәсіби қызметінде пайдалану мүмкіндігін дұрыс қабылдайды;
респонденттер АКТ-ны кең ауқымда оқытатын арнайы курстарды енгізудің жағымды жақтарын көріп отыр.
№
Достарыңызбен бөлісу: |