Дәріс 13. Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орыны
Еліміздің білім беру жүйесінің дамуы – жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты, білім беру жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы орта мектептер мектептер компьютер және интербелсенді тақта, мультимедиалық кабинеттермен толықтай жабдықталды.
Қазіргі кезде ақпараттың қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканың мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Соған сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі де үнемі өзгеріп отырады. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнін оқыту әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді [1].
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруғабайланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.
12 жылдық мектепке өту жағдайында оқушының ғылыми шығармашылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің әрбір сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты [2].
12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы - информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Яғни курстық жұмысым информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен маңызы, үйірме сабақтарын өткізу, информатика пәнінен кеш ұйымдастыру, олимпиаданы ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына дайындау, дарынды балалармен жұмысты жандандыру әдістемелері қарастырылған.
12 жылдық мектепке өту жағдайында информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасы мен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік ептілігіне, оқушылардың тілегіне, мектеп төңірегіндегі өндірістік объектілерге, информатика кабинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі.
12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі – білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл – ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.
Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Информатика – компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Мектепте информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. «Рапира тілі» бағдарламалау жүйесін Г.А.Звеногородский жасады. 1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды қолдану енгізілді.
1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты.
1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталды. 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шыға бастады. 1986 ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның юасқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Дәріс 14. Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Жоспар:
1. Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу.
2. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.
Кіріспе
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Назарбаев
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . . Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. . Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
«Білім туралы» Заңының 8-бабы
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «. . . ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады
Ақпараттық технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді».
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже. Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүріміз педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланылады.
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі Модульдік оқыту – оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту.
Осыны ескере отырып, мен оқу үрдісінде М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Мұндағы менің мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту
Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру. Сондай-ақ түрлеріне тоқталсақ:
Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін иновациялык құрылғыларды пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады ол - ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі».
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, ДҚ арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу –тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса білім беру саласында информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға , әлемдегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруы тиіс деп, оны талдап берді. Біріншісі білім беру жүйесін инновациялық даму жүйесіне түсуді қалыптастыру, екіншісі дәстүрлі технологияның қажеттісін ақпарат және біліммен мол қамтамасыз ету, білім тасқынынан керектісін іріктеп алу және қолданысқа енгізу күн тәртібінен түспеуі тиісті.
Осы тұрғыда ЭО жасауда қойылатын талаптар: Жан жақтылығы, ізгіліктілігі; бейімділігі; модульдігі; экономикалық тиімділігі. Мен осы курс негізінде 10 сыныптарда тест , күнтізбелік жоспар, электрондық күнделік, сапа көрсеткіш программаларын жасақтап пайдаланып жүрмін. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады. Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік - әдістемелік Web –сайттар, Web –бетін құру.
Тарату деңгейі
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын. Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға , бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады.
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.
Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер бұл тәжірибе жаңалықты ендіру емес бұл педагогикалық , шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді. Өткен ғасыр соңында әлем түкпіріндегі білім берушілер жүзе асырылатын нақты мақсаттардың алдын – ала жасалған жүйесінің тәжірибедегі жобасы «Жобалап оқыту технологиясы» болып саналады. Техника тіліндегі жобалау –іс жүзінде орындалатын нәрсенің алдын –ала берілген макеті. Педагогика тілінде -жоба түсінуді талап ететін «еркін шығарма» ретінде қарастырылады.
Осы мәселеге сәйкес облыстық Ж. Досмухамбетов атындағы лицейіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар, ата аналар арасында байланыс орнату мақсатында мектептің Web-сайтын жасауда шәкірттеріме сайт дайындауды шығармашылық жұмыс ретінде ұсынып облыстық ғылыми жұмыс ретінде жүлделі орынға ие болдық.
Сайттың құрамы төмендегідей:
Бастапқы бет – сайтқа кірушілерге мектеп директорының арнауы жарияланған. Сонымен қатар бұл беттен білім саласында, мектепте болып жатқан жаңалықтар туралы толық мәлімет алуға болады. Оқушы мен мұғалім үшін, ата-анаға хабарландырулар да берілген.
Мектеп тарихы парағы – мектептің тарихынан мағлұмат береді. Мектеп тарихы парағы арқылы мектепті бітірген немесе мектебімізбен тағдырлас болған адамдарды табуға болады.
Құжаттар парағы - мектептегі құжаттар тізбегін қамтиды. Сабақ кестесін орналастыруымыздың себебі ата-анаға баласының сабақ кестесін кез келген уақытта қарай алатын мүмкіндігі бар.
Жетістіктер парағы - мектептің оқу – тәрбие жұмысындағы пән мұғалімдерінің, оқушылардың жетістіктерін паш етеді.
Жаңадан ашып, тіркелген сайт болғандықтан, көп жетілдіруді қажет етеді. Бүгінгі күні біздің мектепті http://dosmukhambetov. kz/адресімен интернеттен табуға болады. Сонымен қатар электрондық журнал, күнделік жұмыс істейді.
Телекоммуникациялық технологияларды қолдану мұғалімнің білімін өздігінен жетілдіруге көмектеседі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артады, сондай-ақ оқушылардың шығармашылықтарының қалыптасуына өз үлесін қосады, олар әртүрлі телекоммуникациялық жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік алады.
Технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнын заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
•Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
•Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. ) сабақта жиі қолдану.
•Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. Информатика сабақтарында электрондық оқулықтың элементтерін пайдаланып өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын.
Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
•Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
•Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
•Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау.
Оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
•Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;
•Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
•Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
•Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
•Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
•Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Алдын ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз.
Мысалы 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген кезде жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:
1. Венн диаграммасы
2. Бес жол өлең: Интернет
1. Интернет
2. Қызықты, ақпаратты.
3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
4. Интернет - компьютерден құралған.
5. Ақпараттық өріс.
Сонымен бірге сабақтың қорытынды түйіні ретінде «топтастыру» стратегиясын қолдану оқушыларды шығармашылыққа баулумен бірдей. Өйткені берілген тапсырмаға сәйкес ой түйіндейді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Компьютерлік желі дегеніміз не?» сұрағы төңірегінде оқушылар өз ойларын былай топтастырады:
Корпоративті Телекоммуникациялық есептеуіш Ауқымды желі Аймақтық желі Интернет желісі Жергілікті желі
Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесіне сүйеніп, информатика сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындатып жүрмін. Жаңашыл ұстаздың жаңа технологияларын қолдану барысында оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын.
Осы мақсатта қолданған сабақ берудегі тиімді әдістер нәтижелі болуда көбіне оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындатамын. Мысалы, қызықты жағдайлар, оқушылардың өз ойларынан, қиялынан туындаған дүниелер, шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар, жарыстар, сайыстар және әр түрлі танымдық ойындар оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, есте сақтауы, қабылдауы бірдей емес. Мысалы , Жеңілден ауырға қарай біртіндеп даму арқылы оқыту, оқушыны белсенді, өзіндік пікірі бар тұлға етіп тәрбиелеуге көмектеседі. Сол себепті оқушылардың жас ерекшеліктерімен білім деңгейлерін ескере келе сабақ барысында оқушыларға 4 түрлі деңгейде тапсырма беремін.
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті.
2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға құқылы, ал 4-деңгейде шығармашылық жұмыс беріледі, бұл деңгейді оқушы түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да, жақсы оқитындар алға кетеді.
8 -сынып информатикасында «Санау жүйелері» тақырыбын өткен кезде сабақты бекіту кезеңінде «Үш қадамнан тұратын сұхбат» тәсілі арқылы және «Перфокарта» арқылы сабақты қорытындыладым. Ол тапсырмалар былайша
2. «Үш қадамнан тұратын сұхбат»:
1. Сұраушы. (Оқушы сұрақ қояды. )
2. Жауап беруші. (Сол сұраққа жауап береді. )
3. Сарапшы (Жауапқа сараптама жасайды. )
Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:
- Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- Оқушыны ынталандыруға;
- Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына;
- Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.
- «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологі Н. Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай:
- логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Дәріс 15. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда жоғары мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Жоғарғы мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты- қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.
Мамандардың пікірінше ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады. ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі - мамандарды даярлаудағы фундаментальды орны мен ролін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осындай даярлықпен шыққан жоғары мектеп түлегі ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын жоғары білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:
- ол адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;
- өзі үшін жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу.
Қазақстан Республикасында жоғары білім жүйесін реформалау жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай-ақ оқыту технологиясына да өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Білім мазмұнын жаңарту жоғары мектеп реформасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Республикамыздың жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік білім стандартының концепциясын жасауда ол республиканың біртұтас білім кеңістігінің моделін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының міндетін, қажетті білім деңгейінің кепілдігін дүниежүзілік мәдени ағарту кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету секілді маңызды проблемаларды шешу болып табылады.
Білімді дамытудың алғашқы негіздері: жаңа білім философиясы; қоғам және адам туралы ғылымдар (білім психологиясы, әлеуметтану және тағы басқалар); тәжірибе теориясы (педагогика білімі менеджменті және жобалау.)
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп беріледі. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
ЖОО-ғы педагогтің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.
ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» деп атап көрсетілген.
Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып қорытындылану қажет.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.
Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан нарықтық қатынастар, ғылым мен техниканың даму қарқыны, өндіріске шет елдік жаңа технологиялар мен әдістердің көптеп енгізілуі оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастырудың барлық сатысына жоғары талаптар қоюда.
Білім беруді ақпараттандыру үдерісі, компьютерді оқу үдерісінде пайдалануы - халыққа білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен формасын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуді компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.
Жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін атап айтқанда ғылымның материяға, микродүниеге, материяның элементарлық және өлі табиғатты зерттеуде, молекулалық, субмолекулалық, атомдық дәрежеге көшуі, ғылымның ең жоғарғы нәтижесінде табиғаттың ғылыми көрінісі айтарлықтай өзгерді.
Ғылыми-техникалық революциямен бірге өмірге келген ақпараттанудың ғылыми салалары, ақпараттық технологиялардың дамуындағы ішкі заңдылықтары мен логикасын, оны өндіргіш күшке айналу үдерісін зерттейді.
Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Болашақ мұғалім даярлауда оқыту мазмұны мен формаларын, оқу құралдары мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын негізге алудың маңызы зор.
Оқу үдерісінде болашақ мұғалімнің теориялық даярлығын жетілдіруде кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім мазмұнын анықтауда, ақпараттық модельдеуге оқыту туралы ғылыми курстарды меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік-кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталып құралған жөн. Осы тұрғыда пәнаралық байланысты жүзеге асырып отырудың рөлі ерекше.
Сонымен, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің, ақпараттық технологиялардың жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.
Қоғамды, білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Ол тек өзіне арналған арнайы бағдарламалау тілдерінің алфавитінде жазылған алгоритм-бағдарламаны ғана орындайды. Сонымен бірге қолданушы бағдарламалардың көмегімен шектеулі амалдарды атқару мүмкіндігіне ие. Ал ақпараттық-компьютерлік технологиялар көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін объектінің, құбылыстың моделін дұрыс құра білу керек. Бүл кезде біздіңше мәселенің математикалық, ақпараттық, компьютерлік модельдерін құру мақсатқа сай келеді. Сондықтан болашақ мұғалімдерге ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде білім бере отырып даярлау бүгінгі күн сұранысынан туындап отырғандығын айғақтайды.
Білім беру үдерісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-компьютерлік оқыту бағдарламалары оқу үдерісін талдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол теориялық негіздерін құрайтын бағдарланған оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:
Бірінші ұстаным - өзара тығыз байланысты материалдарды үзінді-блоктарға бөлу (қадамдарға). Бағдарламаны автордан оқу материалын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
Екінші ұстаным – алгоритмдерді (бағдарланған мәтіндерді) оқып үйренуге білімгерлер белсенділігін арттыру, яғни жеке қадамдар мазмұны үйренушіде терең талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Үшінші ұстаным – білімгердің әрбір жауабына артынша баға беру, яғни студенттің жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға өтуіне рұқсат береді.
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді.
Бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін тексеру, бағдарламашы авторға әрбір студенттің мүмкіндігіне орай қиындық дәрежесін реттеуді міндеттейді.
Оқытушы студенттердің компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұл үшін жекелеген пәндерді оқытудың сапасын көтеруге, екіншіден, компьютерлік сауаттылықты дамытуға, студенттердің компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.
Ақпараттық-компьютерлік технологияларды оқу үрдісіне енгізуде студенттердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл ұстанымдар студентті кәсіби біліммен байытуға, жалпы білімдік міндеттер мен пән туралы білім идеяларын жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді мәселелерін есепке ала отырып, сабақты жүргізудің вариативті әдістерін қолдануға жол ашады.
Зерттеу барысында байқалғаны оқыту үдерісінде арнайы мамандық пәндерді оқытуда ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын қолдана отырып ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу негізінде білім беру электронды оқулықтар, мультимедиялы және ақпараттық-компьютерлік құралдарды да өздері жасау керектігін білдірді.
Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеуді жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: бірінші фактор – ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді қамтамасыз ету;
Екінші фактор – жалпылама математикалық, ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен;
Үшінші фактор – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын, білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әр түрлі педагогикалық міндеттерді шешу үшін мультимедиялы электронды оқулықтар базасында ақпараттық технологияны пайдалану және оны жасаумен байланысты мәселелерді шешетін педагогикалық-психологиялық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-технологиялық деңгейде қарастырылады.
Білім беру үдерісіне ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясын енгізу арқылы зерттеу және тәжірибе жүргізетін мәселелердің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті ақпараттық технологияларды құру концепциясын жасауды талап етеді.
Жоғары білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеуді қолдану негізінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың тұжырымдамасын жүзеге асыру-ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады:
1) мамандық пәндерді оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеудің құралдарын игеруге және оны жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде ақпараттық технология құралдарын жасау және оны белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының негізінде педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;
3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін білімді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың әдістемесін толықтыру.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтері және ауқымы да өте кең және оған мыналар жатады: аутоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.
Осылайша қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін кәсіби маман даярлау үрдісінде пайдалану маңызды екендігі, ал бірақ сол негізде болашақ мамандарға білім беру әлі де жеткіліксіз екендігі айқындалды. Бұл бағытта арнайы тұжырымдамалардың негізін анықтап арнайы модельді ұсыну қажеттігі туады. Болашақ мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі – қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді дайындаудағы мемстандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды. (Сурет-1)
Болашақ мұғалімдерді даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқытудың ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни:
1) қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру;
2) ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу саласынан замани ақпараттық технологиялардың күн санап артып отырған мүмкіндіктерін ескеретін оқыту және кәсіби даярлау әдістемесін жасау;
Сурет 1. Болашақ мұғалімді жалпы кәсіби дайындаудың моделі
3) болашақ мұғалімнің интелектуалды, тұлғалық потенциялын дамытуға өздігінен кәсіби білімнің жетілдіру іскерліктерін қалыптастыруға бағдарланған және ақпаратты өңдеу бойынша өзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра алатын кәсіби маман моделін жасау;
4) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен компьютерлік педагогикалық құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ЭЕМ қолдануға негізделген. Замани ЭЕМ-дер формальданған білімдерді өңдеу мен бейнелеу үшін үлкен есептеу мүмкіндіктеріне ие және білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. Дегенмен біздің анықтауымыз бойынша ЖОО оқу үдерісі білімді формальдау әдістеріне оқытуға толық дайын еместігі анықталды. Бұл студенттерге болашақ кәсіби іс-ерекетінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мүмкіндігін бермей отыр.
Сондықтан қазіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл аз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді.
Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын құру қажет болады.
Ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды мамандық пәндерді, информатиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасында қарама-қайшылықтың болуына байланысты туындаған жағдайдың шешімі өз кезегінде неғұрлым тиімді болатын білім беру технологиясын іздеу мәселесін алдыңғы қатарға шығарады. Осы мәселені шешудің бір жолы математикалық және ақпараттық-компьютерлік модельдеу негізінде білімдерді формальдау әдістеріне оқыту технологиясын құрумен байланысты болып табылады.
Математикалық моделдеу жалпы моделдеудің дербес жағдайы болып табылады. Ол түпнұсқаны зерттеудің арнайы құралы ретінде оның моделін қолдануды қажет етеді, яғни оны оқып-үйренуде таным объектісі оның заңдылықтары туралы жаңа ақпарат береді (Штоф В.А.). Математикалық модельдеу кезінде оқып-үйрену пәні жүйенің құраушы элементтерінің (түпнұсқа мен модель) бір-бірімен байланысқан құрылымының изоморфизмі болатын «түпнұсқа – математикалық модель» жүйесі болып табылады.
Сонымен есептің математикалық моделін құру барысында:
қосымшаны сипаттауды анықтайтын ақпараттық модель құру;
қосымшадағы объектілердің қасиеттері мен олардың арасындағы қатынастарды абстракциялауға қатысты болжамдар талаптарын құрастыру;
қосымшаның баламалы математикалық теориясын анықтау, таңдалған математикалық теорияның ұғымдары мен белгілеулерін қолдана отырып қосымшаның негізгі ұғымдарын формальды сипаттау;
математикалық моделін құратын есептерді шешуде қосымшалардың тәуелсіз қасиеттері (аргументтер немесе бастапқы мәліметтер) мен тәуелді қасиеттерін анықтау;
нәтижені бастапқы мәліметтермен байланыстыратын математикалық қатынастарды (формулалар, теңдеулер, теңсіздіктер және т.б.) құру керек.
Қорытынды кезеңде алынатын қосымшалардағы кейбір қатынастарды математикалық сипаттау қосымшаның математикалық моделі ретінде қарастырылады. Қосымшаның ақпараттық моделіне қойылатын талаптардан тәуелді болатын үдерістер мен құбылыстарды әртүрлі дәлдікпен болжау мүмкіндігін беретін бірнеше математикалық модельдер болуы мүмкін.
Келтірілген кезеңдерді болашақ мұғалімдерді дайындау барысында жүзеге асыру студенттердің таным үдерісіндегі ақпараттық модель түрінде ұсынылған нақты білімнен, математикалық модель түрінде ұсынылған формальданған білімнің жоғары дәрежесіне көтерілетін практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігін береді.
Модель объективті шындықты сипаттаудың нәтижесі ретінде пайда болады. Ол ұсынылған есептің бағытына байланысты маңыздылығы аз фактілерді алып тастау және мейлінше маңызды (қажеттілерін) қалдыру арқылы құрылады. Осыдан кейін модель шындықпен қатынасқа түскенше «өз» өміршеңдігін жоймайды. Модельдің бұл әрекетін – «модельдің интерпретациясы» деп атайды. Математикалық модельдерді, олар қолданылатын идеалды объектілер мен олардың көмегімен шешуге болатын есептерден тәуелді болатын математикалық модельдерді келесі түрде классификациялауға болады:
Динамикалық (дескриптивті). Объект ретінде қарастырылатын құбылыстың қасиеттерінің мәнін және олардың өзгеруін сипаттайтын сандар мен теңдеулер қарастырылады. Модельдер әртүрлі үдерістерді немесе динамикалық объектілерді сипаттауға арналады. Мысалы, сандық әдістер саласы бойынша есептерді шешудің негізінде дифференциалдық және алгебралық теңдеулер теориясы жатады.
Оптимизациялық (экстремальды). Модельдердің объектілері ретінде заттардың (үдерістердің) қасиеттерінің арасындағы қатынас түрінде берілген және қасиеттердің мүмкін мәндерінің аймағына шектеу түрінде берілген қатынастар жиыны ұсынылады. Есептердің бұл класы үшін қосымша объектілер қасиеттері арасындағы әртүрлі қатынастарды ескеретін басқару түрін таңдау қажеттілігінде болып табылады. Бұл класс есептерін шешу негізінде сызықты және динамикалық бағдарламалау әдістері, сонымен бірге сызықты емес және бүтін санды бағдарламалау әдістері жатады.
Ойын модельдері. Жүйенің объектілері стратегиялар мен ойын ситуацияларын сипаттайтын ережелер мен қатынастар болып табылады. Модельдер ойынға қатысушылардың көзқарастары бір-біріне сай келмегенде нақты жағдайды зерттеу үшін қызмет етеді. Есептердің бұл класының негізінде ойын теориясының математикалық аппараты жатады.
Имитациялық. Мұндай жүйелердің объектілері – құбылысты оның құрамдас бөлімдерінің өзара әрекеттесу арқылы сипаттайтын күрделі теңдеулер жүйесі болып табылады.
Логикалық-лингвистикалық. Мұндай модельдердің объектілері символдар, символдық және логикалық өрнектер мен мәтіндер болып табылады. Олар жүйелерді автоматтандырылған аударманы пайдалануға, ақпаратты техникалық құрылғыға шығаруға арналады.
Күрделі қосымшалармен байланысты есептерді математикалық модельдерді қолдану негізінде талдау және шешу есептеулерді аутоматтандыруды қажет етеді. Аутоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін ЭЕМ қолданылады. Математикалық модельдерді ЭЕМ бағдарламаларының жиынтығы түрінде іске асыру оның компьютерлік моделі деп аталады.
Ақпараттық модель-бұл сезімдік және теориялық ойлауға сүйенетін табиғи немесе арнайы тілдердің көмегімен оқып-үйренетін пәнді дәл, нақты сипаттау. Компьютерлік модель - ақпараттық-компьютерлік-ақпараттық модель арқылы ұсынылған пәндер мен құбылыстар туралы нақты білімдерді жалпылау нәтижесі ретінде қарастырылады. Объектілердің сыртқы түрі мен құрылымын компьютерлік модельдеу деп:
1) өзара байланысқан компьютерлік суреттер, кестелер, сүлбелер, диаграммалар, графиктер, анимациялық үзінділер, гипертекстер және т.б. көмегімен сипатталатын объектінің шартты бейнесін түсінеміз. Мұндай түрдегі компьютерлік модельдерді кейде құрылымдық-функциональдық деп атайды;
2) объектіге әртүрлі, кездейсоқ факторлар (бағдарламаны қолданушы ұсынатын) әсер еткенде объектінің «қимыл-қозғалысын» жаңғырту (имитациялау) нәтижелерін графикалық бейнелеу және есептеу ретінің көмегімен мүмкіндік беретін жеке бағдарламаны немесе бағдарламалар кешенін түсінеміз.
Осы тұрғыда оқыту үдерісінде бағдарламалау тілінен студенттердің білімді саналы игеруі, белсенділік көрсетуі – ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу негізінде шебер маман даярлаудың алғы шарттарының бірі.
Жоғары кәсіби білім беретін мамандық пәндер саласындағы ақпараттандыру үдерісі, бұл студенттің модельденетін объектілер, құбылыстар, процестер туралы ақпараттарды жинау, өңдеу, беру бойынша өзбетімен оқу іс-әрекетін жүзеге асыру біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастыру формаларын, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында ақпараттық технологиялар қолдануға дайындау, информатиканың жалпы курсын оқытып қана қоймай, сонымен қатар ақпараттық технологияларды нақты кәсіби пәндерде қолдануды да оқыту қажет. Демек, болашақ информатика, математика, физика, кәсіптік білім беру мұғалімдеріне:
Объектілердің әр түрлі экрандық моделдерін, олардың динамикалық кескінделуін салу саласында ақпараттық технологиялар мүмкіндігін жүзеге асыру;
Есептеу үдерісінің, ақпараттарды іздеу әрекетінің және оқылатын объектілер, құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді өңдеу, жинау іс-әректінің автоматтандырылуы туралы;
Оқытуда ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолданудың қолданбалық бағытының жүзеге асырылуы туралы;
Компьютерлік және диагностикалық әдістерді қолдану туралы білімдерді игерту өте маңызды болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады:
1) Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы: ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен қолданушы арасындағы өзара кері байланыс; объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы оқу ақпаратының компьютерлік кескінделуі; есептеу үдерістерінің, ақпаратты іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды жинау, өңдеу, беру көбейту операцияларының автоматтандырылуы, сонымен қатар өте үлкен көлемді ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену мүмкіндігінің бар болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау мүмкіндігінің бар болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау мүмкіндігімен қатар оларды өңдеу процестерінің автоматтандырылуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесінің автоматтандырылуы;
2) Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы пәндерді оқыту үдерісіндегі ақпараттық жүйелер.
3) Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау мен қолданудың негізгі ережелері;
4) Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығын қалыптастыру бойынша зерттеулер жүргізілді. Осы орайда біз болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеуді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық (Кесте-1).
Модель болашақ мұғалімдердің сапасына қойылып, зерттеу идеясын болашақ маманды дайындауды оңтайландыру мәселесі бойынша, осы қарастырылып жатқан проблеманы студенттерге оқытудың тұтас бір әдістемелік жүйесін құруда негізгі роль атқарады. Техникалық, ақпараттық құралдар туралы мәселелер басым қарастырылатындықтан болашақ мұғалімдерде мотивациялық компонент, осы тұрғыда танымдық, бейімділікке арнайы талап болатындықтан мазмұндық компонент, ал ең бастысы практикалық қолдану болғандықтан болашақ мұғалімдерде іс-әрекеттік компоненттер болуы қажеттілігін модельде ескердік.
Мотивациялық компонентке танымдық қызығудың негізгі қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге қызығушылығы кіреді.
Мазмұндық компонентке болашақ мұғалімнің жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу туралы түсінігі, білімдер жүйесі кіреді.
Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін меңгеруі, жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі, оқушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алу жатады.
Іс-әрекеттік компонент болашақ мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетін инновациялық тұрғыда меңгере алуы мен міндетін анықтай алуы және ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге негізделген педагогикалық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ мұғалімнің өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің психологиялық-педагогикалық жағдаятын жоспарлап, жүзеге асыра алуымен сипатталады.
Кесте -1.
Достарыңызбен бөлісу: |