Дәріс Жоғарғы мектепте информатиканы оқыту әдістемесіне кіріспе


Дәріс 9. Білім берудегі интер



бет4/6
Дата01.12.2016
өлшемі1,95 Mb.
#2915
1   2   3   4   5   6

Дәріс 9. Білім берудегі интерактивті технологиялар
Мазмұны:

1 Интерактивтік оқыту технологиялардың негіздері

2 Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері
Интерактивтік оқыту технологиялардың негіздері

Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

 ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.

Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);

активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту технологиясына:

Жұптасып жұмыс істеу.

Ротациялық (ауыспалы) үштік.

Шағын топтармен жұмыс.

Аяқталмаған сөйлем.

Есептеу ағашы. /Дерево решений/

Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

Азаматтық тыңдау.

Ролдік /іскерлік/ ойын.

Өз позицияңды ұстан.

Дискуссия.

Дебаттар.

Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

 

Мысалы: Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.



Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз позицияңды ұстан» — деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

«Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Сабақтағы инетрактивтік әрекет өз-ара түсіністікке, өз-ара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін — ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұысанды.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барасында оқуышлар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, родік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары — «үлкен шеңбер», «аквариум», «мыймен шабул» (мозговой штрум), «дебаттар». Алдынғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактитік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарасытрылатын тақырып жыбық немесе тар мағаналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағанасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction — өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.


Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері

Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:

- оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;

- жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;

- санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;

- теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру,

- оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру.

Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану.

Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін.

Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады:

Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу.

Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік: 1) лекция материалдарын баяндау әдістері;

2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы;

3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы;

4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау;

5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).




Дәріс №10. Педагогикалық жүйелерді басқарудың формалары мен әдістері, негізгі ұстанымдары, маңызы
Сабақ мақсаты: білім беруді басқарудың маңызы; Республикада білім беру жүйесін басқарудың спецификалық мінездемесін қарастыру; педагогикалық жүйелерді басқарудың функциялары және формалары, әдістері, негізгі ұстанымдарын меңгеру.
Жоспар:

  1. Білім беруді басқарудың маңызы

  2. Педагогикалық жүйелерді басқару ұстанымдарының негізі

  3. Педагогикалық жүйелерді басқарудың функциялары және формалары мен әдістері


Негізгі түсінік: басқару, менеджмент, педагогикалық менеджмент, білім менеджері, басқару принципі, басқару әдісі, басқару формасы


    1. Білім беруді басқарудың маңызы

Білім беру орындары мәселесіне педагогикалық ғылым әрқашан ерекше көңіл бөліп келеді.

Заманауи кәсіби білім ордаларындағы білім берудің қиындауы басқару жүйесіне біршама жаңа өзгерістер әкелді.

Жұмыс коллективі мен жетекшілерге жаңа қиын тапсырмаларды орындау бағытында педагогикалық-басқарушылық әдістер мен формаларды іздеу қажеттілігі туды.

Белгіленген мақсатқа сәйкес объектті түзету мен бақылау басқару деп аталады.



Білім беру жүйесін басқару.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру орындарының үзіліссіз білім берудегі құрылымдық өзгерістері және динамикалық өсуін мемлекет басқармасы орындайды.

«Білім» заңына сәйкес білім басқармасы органдарының барлық деңгейдегі бақылау аясы анықталады. Білімнің нормативті-құқықтық негізі дамиды. Білім беруді ұйымдастыру процессінде қаржылық-шаруашылық тұрғысынан өздік құқық шешу қамтамасыздандырылады. Қазақстан Республикасы Министрлігі Кабинеті бекіткен тәртіп бойынша білім ордаларында аттестация және аккредитация жүргізіліп отырады. Аккредитация қорытындысы бойынша білім беруді жүзеге асыруға құқық беріледі.

Қоғамдық басқаруға ұтымды жүйе еніп келеді, яғни білім ордаларын бақылау советінің құрылу жолымен құрамында тұрғылықты басқару органдары, іскер орта, қоғамдық организациялар, фондтар, демеушілер басқаруды ұйымдастырады (П.4.6. Кадр дайындау ұлттық бағдарламасы)

Басқару объектсі болып биологиялық, техникалық және әлеуметтік жүйе болып табылуы мүмкін.

Кең таралған әлеуметтік жүйенің бірі болып ел, облыс, қала, аудан аумағындағы білім беру жүйесі болып табылады.

Білім беру жүйесі субъектісі болып ҚР білім министрлігі, аймақтық, облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдері жатады.

Педагогикалық теорияда басқару түсінігі негізінде бірнеше ұстанымдар қамтылады:

Білім беруді басқару -1) (ұйым ретінде) қиын ұйымдық-құрылымдық жүйе, ол өз ішінде муниципалды құрылымды басқару, сонымен қатар білім беру орындарын басқаруды қамтиды; 2) (процесс ретінде) білім беру жүйесінде ұтымды және тұрақты функцияланған шешім қабылдау мен шығару.

Білім беруді басқару: жоспарлау, ұйымдастыру және негізгі білім мен үзіліссіз дамуды бақылаудан тұрады.


2 Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі ұстанымдары

Педагогикалық жүйелерді басқару кейбір ұстанымдарға негізделіп жүзеге асырылады.



Басқару принциптері-басқарушылық функцияға негіз болатын іс-әрекет. Принциптер заңға бағынушылықпен айқындалады.

Басқарудың негізгі принциптерге мыналар жатады:



  • Басқарудың демократизациясы және гуманизациясы;

  • Басқарудың жүйелілігі және толықтығы;

  • Орталықтандырудың рационалды сәйкестігі және қайта орталықтандырылуы;

  • Әріптестік пен жеке басқарушылық арасындағы өзара байланыстылық;

  • Басқарудың ғылыми негізділігі;

  • Ақпараттың жеткізілуінің айналымы және объективтілігі, толықтығы;

Осы принциптерді толығырақ қарастырайық.

Басқарудың демократизациясы және гуманизациясы. Басқарудың демократизациясы және гуманизациясы өздік дамытушылықты ұйымдастырады және білім беру жүйесіне қатысушыларын (жетекшілер, оқытушылар, оқушылар және ата-аналар) басқарушылық және шешім қабылдауда ашық пікірге тартады.

Мектеп өміріндегі демократизация практика кезінде жетекшілерді таңдаудан басталады, педагогикалық кадрлар және жетекшілерді конкурсты жүйеде таңдау механизмі енгізілген. Мектептік басқаруды ашық, ақпараттың қолжетімділігіне негіздейді, мысалға білім алушы тек қана мектепте болып жатқан проблемаларды біліп қана қоймай оны шешуге де ат салыса алатындығында.

Мектепті басқарудың демократизациясы администрация есебі арқылы жүйзеге асырылып отырады, мектеп советі жалпымектептік коллектив және көпшілікпен келісу негізіндегі шешімдерді қабылдайды.

Білім беруді басқару процесстерінде кейінгі жылдарда субъекті-объективтіктен объективті-субективке ауысу қарқыны алып келеді.


Педагогикалық жүйелерді басқарудың жүйелілігі және толықтығы

Педагогикалық процесстер жүйесімен анықталады және де басқаруға үрдісті ықтимал жасайды.

Бұл ұстанымның жүзеге асуына ойлаушылық, тепе-теңдік сонымен қатар ұтымдылық әсер етеді.

Мектепті толық жүйе ретінде қарастыра отырып, ол бірге жұмыс істейтін бөліктерден, яғни ұжым, оқытушылар, оқушылар, ата-аналар.Бұл жүйені процесс арқылы көруге болады.

Мысалы, оқу процессі пеагогикалық процесстің бүтіндей бөлігі деп қарастыруға болады, ал сабақ –білім берудің ішкі жүйесі болып табылады.

Дәл осы тұста бұл сабақ-оқу-тәрбиелік болып табылатын динамикалық қиын жүйе болып шығады.

Жүйенің жұмыс істеу бағсы қорытындыға байланысты. Егер педагог оқу-тәрбие тапсырмасын дұрыс жүйелеген болса, бірақ одан мазмұнына сәйкес оқу материалын алып шыға алмаса оң нәтижелі баға алуы мүмкін болмайды.

Осылайша жүйенің толықтығы дәрежесі мақсатқа жету үдерісне байланысты.

Әлеуметтік-педагогикалық жүйенің маңызы комплексті қадамға қатысты. Оқытудағы комплексті қадам мыналарды қамтиды:


  • педагогикалық басқарушылықта жүйелік және жан-жақты нәтижелер анализі;

  • сәйкес байланыстың шығарылуы (тігінен және көлбеу);

  • әлеуметтік проблема және арнайы міндеттердің анықталуы;

  • динамикалық құрылымның және бсқару технологиясының ойластырылуы;

  • басқару мазмұнының негізі.


Орталықтандыру мен қайта орталықтандырудың рационалды сәйкестігі

Басқару тұрғысын шамадан тыс орталықтандыру администрация талаптарының күшеюіне ықпал етеді, төмен тұрған жұмысшыларға талап көбейеді (төменірек деңгейдегі жетекшілер, оқытушылар және оқушылар). Шамадан тыс орталықтандырудың кері әсері көптеген алмастырушық, көшірмелерге әкеліп соғады, ол білім беруге ат салысатын -жетекшілерден бастан оқушылар тұлғалардың уақыт, қаржылық және басқа да ресурстарын жоғалту болып табылады.

Бір жағынан қайта орталықтандыра басқару жоғарғы органдардың төменгі органдарға берілетін буйрық талаптардың берілу жүйесінің ережеге сай өтілуіне қадағалаушылық болып табылады.

Бұл жүйенің дұрыс орындалмауы басқарушы жүйенің талдаушылық және бақылаушылық жұмысы төмендейді. Шамадан тыс қайтаорталықтандырушылық әріптестік жұмысқа оң әсерін тигізбейді, өзаралық түсініспеушілікке, қателестікке бой алдырады. Кейінгі уақыттарда орталықтандыру мен деорталықтандыруды қолдану мектеп басқармасында өзінің үрдісін көрсетіп келеді. Орталықтандыру мен қайтаорталықтандырудың үйлесімді қолданылуы демократиялық, қызықты пікірлесуге, басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

Орталықтандыру мен қайтаорталықтандыруды басқарушылықта қолдану шешім қабылдауды жүктеу болып табылады. Басқаруда жүктеме мынадай жауапкершіліктерді: жалпы, яғни осы тұрғыдағы қажетті жағдайды жасайтын және де функционалды, яғни –нақты іс-әрекеттерді сипаттайды.

Басқарудың келісім, жүктемелеушілік, кеңес берушілік, бақылау-есеп берушілікте, координациялық атап көретуге болады. Бұндай жұмыс жүктемесіне байланысқан жұмыс, дайындық жұмыстары, зерттелетін сұрақтар жатады. Ал жұмыс жүктемесіне жатпайтындар: жетекші міндеттері, мақсаттың қойылуы, басқауда шешім қабылдау, нәтижені бақылау, жұмыскерлерді басқару, мотивация беру, аса маңызы бар тапсырмалар, ерекше іс-әрекеттер, маңызды істер болып табылады.

Басқарушылық құқық саясат, процедура,ережелер және міндеттеме ережесімен анықталады. Құқық бұзушылық басқаруды асыра сілтеп пайдалануда бұзылады.

Жеке басқарушылық пен әрекеттестіктің байланысы. Басқарушылықтың жақсы жұмыс істеуін арттыру үшін білім мен тәжірибеге, жұмыс істеуге талпынысқа, басқарушылық шешімдер қабылдай алушылыққа сүйенеді.

Жеке басқарушылық педагогикалық процесте тәртіп пен реттілік жеке басқарушылықта айқындалады.

Сонымен қатар педагогикалық коллективтің әрбір мүшесінің өз статусын қолдау мақсатында бақылаудың орындалуын қамтамассыз етеді.

Білім жүйесін басқаратын басшының міндеті формальді және администрациялық тұрғыда шектеліп қалмай, адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен профессионалдығында, терең педагогикалық және психологиялық білімінде, басқарушылығында.

Егер әріптестік стратегиялық сатыда ұтымды болса, онда ең алдымен шешім қабылдау сатысын қояды.

Басқарудағы жекебасқарушылық және әріптестік - бұл заңының қарамақайшылықтың біреу ғана болатының белгісі.

Білім беруді бақарудағы жекебақарушылық пен әріптестіктің байланыс ұстанымдары қоғамдық басқару органдары ықпалымен анықталады.

Біз айтпақ болып отырған келесі бөлімде білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық мінездемесі қаралады.

Жекебасқарушылық пен әріптестіктің дұрыс үйлесуі басқарудың жұмыс істеу үрдісіне қарайды.

Қорытындысында бұл ұстанымның бағыты педагогикалық басқарудағы субъективтілік, авторитаризмдік болып табылатынына көзіміз жетеді.



Басқарудағы ғылыми негізділік. Бұл ұстаным басқарудағы жаға ғылымилықты қарастырады, және де субъективизммен мүлде сәйкес келмейді. Жетекші заңдылықтарды түсініп және есепке алуы тиіс, жаға туындаған ғылыми жоспарларға шешім қабылдауды жүзеге асыруы тиіс. Ғылыми негіздегі басқарушылық көбіне педагогикалық басқарудың жай күйіні туралы толық ақпараттың болуына тәуелді болып келеді.

Объективтілік, толыққандылық және ақпараттың үздіксіз жеткізіліп тұруы.

Басқару жүйесіндегі маңызды мәселе қажетті ақпараттың толыққанды жеткізіліп тұруына байланысты болып келеді.

Педагогикалық жүйені басқаруда қандай ақпараттың болса да бар болуы өте маңызды, бірақ та ең алдымен міндетті түрде басқару үдерісіне септігін тигізетін басқарушылық ақпараттар. Ақпарат банкінің қалыптасуы басқарудағы ғылыми ұйымдастырушылықтың көтерілуіне септігін тигізеді.

Басқарушылық ақпарат мынадай топтарға жіктеледі: уақыт бойынша-күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық, басқару функциясына қарай- аналитикалық, бағалаушылық, құрылымдық, ұйымдық, ақпарат түсу қорына байланысты-мектепішілік, ведомтвалық; мақсатты міндеттер бойынша — директивті, ақпараттандырушылық, сілтемелік және т.б.

Басқарудағы ақпарат- қоғамдық мекемелер сияқты басқа да мекемелерде маңызды рөл ойнайды.

Мектеп тұрғысынан алғанда басқару мен ақпараттың байланысы- оқытушы-оқушы, мұғалім-ата-ана, мекеме басшылығы-білім алушылар, мекеме басшылығы-ата-ана және т.б.

Сонымен қатар мектеп басшылығы әрқашан халықаралық білім органдарымен, әдістемелік мекемелермен және тағыда басқа сол сияқты балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен айналысатын мекемелер мен ұйымдармен тығыз ақпарат алмасып тұрады.

Осының барлығы да ақпараттық лектің саналуан түрлі екендігіне (кіріс, шығыс, мектеп ішіндегі) көзімізді жеткізеді.

Педагогикалық жүйеде басқа ұстанымдары қарастырылған:


  • Сәйкестік ұстанымы (орындалатын жұмыс орындаушының интеллектуалды және әліне сәйкес болуы қажет;

  • Автоматты түрде жокты алмастыру ұстанымы;

  • Алғашты жетекші басшының ұстанымдары;

  • Жаңа тапысрма ұстанымы;

  • Кері байланыс ұстанымы (істің жүруі мен нәтижесі);

  • Басқару нормасы ұстанымы

Педагогикалық менеджменттің басқа да басқару ұстанымдары бар: Симонов В. П. келесідей ұстанымарды атап көрсетеді:

  • Мақсатты айқындау негізінде жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;

  • Басқарудың мақсатының бағыты (әлеуметтік маңызы бар шындықпен жанасатын мақсат қоя білу);

  • Функционалды қадам — жиі жаңару, нақтылану және орындау фунциялары;

  • Мақсатты айқындау мен тапсырманы орындауда ғана емес, ұйымдық шешім қабылдау, педагогикалық бақылау, жұмыс тұрғысындағы түзетулер;


3. Педагогикалық жүйелердегі басқарудың әдістемелері, формалары және функциялары

Педагогикалық жүйелерді басқару мынадай әдістермен жүзеге асырылады:



Басқару әдістері — бұл көзделген мақсатқа жету. Олар былай жіктеледі:

  • Басқару объектісі (федералды, регионалды);

  • Басқару субъектісі (мекеме басшылығы)

  • Мақсаты басқару (стратегиялық, тактикалық, оперативті);

  • Әсер ету механизмі (әлеуметтік-саясаттық,ұйымдық-жіктелушілік);

  • Стиль бойынша (авторитарлық, демократииялық, либералдық);

  • Басқарушылық уақыты (перспективтілік, ұзақмерзімдік, ағымдық).

Басқару формалары әртүрлі құрылым және бағыт: әдістемелік-ережелік және теориялық семинарлық, оқушы топтың отырыстары, педагогикалық советтер, әдістемелік бірлестіктер, мектептік конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналық оқулар.

Басқару функциясы

Арнайы білім мекемесін басқаруа педагогикалық жүйеге тән арнайы функциялар қолданылады. Басқару фунциялары деген түсінік-субъектілер жұмысы, яғни басқару циклінің нәтижесінің толық технологиялық жұмысы.Басқаруға қатысушылар жүйелік функция құрайды: ақпаратты-аналитикалық, мотивациялық-мақсатты, жоспарлы-болжалды, ұйымдық-орындаушылық, басқылау-зерттеушілік және тұрақты-түзетушілік. (Схема 1).


Схема 1.Басқару функциясы


Басқарудың ақпараттық-аналитикалық функциясы білім берудің жаңа тұрғысын ұсынады, ол басқарушылық шешімдер қабылдаудың түп нұсқасын қамтиды. Білім беру процессін басқаратын басшының ең басты міндеті ақпаратты сақтау, жинау оны дұрыс қолдана білу қасиеті жатады.

Басқарудың мотивациялы-мақсатты функциясы білім беру процессінің мақсатына мотивациялы қадам қалыптастырады. Жоспарлы-болжалды функция объекттің жоғарғы сапаға жетудегі нақты мақсаттардың анықталуына жол ашады.

Ұйымдық-орындаушылық функция білім беруге қатысушы ұйымдық құрылымның мақсатты бағыттағы шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Басқарудың тұрақты-түзетушілік функциясы болып жатқан процестің үзілмеуіне, кедергілерді жоюға негізделеді.

Бақылау-зерттеу функциясындағы басқару білім беру стандартына сәйкес басқаруды орнатады.

Басқарушылық тұрғыда субъект және объект түсінігін атап көрсетуге болады.

Субъект ретінде басқару ұйымының мүшесіне кіретін адам немесе адамдар тобы жатады. Басқару объектісі ретінде білім беру мекемесі жатады. Субъектілік және объектілік басқарудың байланысы негізінде педагогикалық жүйенің біртұтастығы жүйеленеді.
Дәріс № 11.Оқуды өзін өзі басқаратын жүйе ретінде басқару.

Сабақтың мақсаты: оқытушының басқарушылық қызмет атқаруын тағайындау; мазмұны мен мағынасын меңгеру, зерттеулік және прогностикалық шеберлікті дамыту, оқушылардың өзінің оқуын басқару мен оқытушының басқару қызметінің нәтижесі мен мақсаты (субъектілік оқыту тәжірибесі), «рефлексивтік басқару» мағынасының мәнінін меңгеру, рефлексивтік басқарудың сатыларын оқып үйрену.

Жоспар:



  • Оқытушылардың басқарушылық қызмет атқаруының мағынасы, мазмұнын тағайындау.

  • Оқытуды басқару жолдары

  • Оқытуды басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде оқушының субъектілік тәжірибесі

  • Оқуды рефлексивтік басқару.

Базалық түсініктер: басқарушылық процесс, педагогикалық оқу жағдайы, процестік көзқарас, ситуациялық көзқарас, жүйелік-кибернетикалық көзқарас, диалогты-коммуникациялық көзқарас, конструктивтік және конструктивті емес көзқарас оқытушының әрекеті.


1. Оқытушының басқарушылық қызмет атқаруын тағайындау, мазмұны мен мағынасы.

Оқушының оқуын басқарудың мәнін анықтау үшін басқару аспектілерін көрсететін басқарушылық процестің талдау бірлігін шығару қажет.

Мұндай бірлікті басқарушылық жағдай деп атайды. Педагогикалық терминдарда ол педагогикалық оқу жағдайы деп аталады. Педагогикалық оқу жағдайы оқытушы мен оқушының педагогикалық және оқу қызмет атқарушылық субъект ретінде шарттары мен жағдайларын біріктіреді. Берілген шарттардың жиынтығы мен жағдайлары (педагогикалық оқу жағдайы) нақты жағдайды құрайды, оның бұрынғы жағдайынан сапалы жаңа қалыпқа ауысуына әрекет ету үшін онда оқушыға әрекет ету тәсілдеріне шешімдер қолданылады.

Шешімді қабылдау басқаруға қызмет атқару мақсатымен байланысты, және мәселелерді шешуге рұқсат етуге қарсы келуді қолға алуға бағытталған. Сол себепті педагогикалық оқу жағдайының жүйесі ретінде оқыту не тәрбиенің мақсаты мен педагогикалық тапсырманы туғызатын анықталған мәселе болып табылады. Педагогикалық тапсырманы шешу бәрінен тұрып оқушымен қарым қатынас жасау тәсілін таңдауды қажет етеді. Оны шешудің ең басты нәтижесі жағдайлардың тәсілдерін таңдау кезінде оқушыға мәселе туғызатын жағдай тудыратыннан тұрады. Оқытушының көмегімен тудырылған мәселелік жағдайдың оқушыныңі түсінуі оқу тапсырмалық үлгісі ретінде қарастырады. Оның төлсипаты оқытушы қарастырған берілген тапсырманы шешу тәсілдері, оқытушының психикалық дамуы мен өзгеруіне әкеліп соғатын еді.

Айтылғандарға толықтыру қажет деп санаймыз.

Оқытушының көмегімен құрастырылған педагогикалық оқу жағдайлары оқытушы мен оқушының арасындағы қарым қатынасты диалогтік жағдайларда рұқсат етілуі қажет.

Тиісті шарттардың негізін құруды оқушы мен оқытушының қарым қатынасын және түсінісуі паритетті бағытта сөйлесуі т.б.

Көрсетілген шарттардың басты құралы ретінде оқу процесінің көзделген мақсаты мен педагогикалық рефлекске жатады.

Оқытушының басқару қызметіңің құрылымы кез келген басқару қызметі ретінде келесі функциялардан тұрады: тура мотивациялық, аналитикалық-ақпаратты, жоспарлы прогностикалық, орындаушы ұйымдастырушылық, бақылау реттеу, және нәтижелі бағалау.

Жоғарыда айтылған түсінікке негізделіп басқарудың мәніне не басқару қызметінің кезеңдеріне, келесі жұмысты анықтауды ұсынамыз: оқуды басқару бұл болжау, жобалау, оқытушы ме оқушының ортақ бағыттағы және ортақ келісімдегі шарттарында педагогикалық оқу жағдайларына рұқсат беру, өздігінен дамулары бағыт себептер мен рефлекциялар құралдарымен дамуы өзара әрекеттесулері.

Бұл анықтаулар оқуды басқаруды білуді келесілерін көрсетеді: оны қалыпқа келтіру, ақпаратты жинауды білу, «көруді» білу (болжау, жобалау, педагогикалық оқу жағдайын талдау; мәселелерді ерекшелей білу) берліген жағдайлардың шығу себебі) ; мәселелерді шешуге рұқсат берілген тапсырмаларды анықтауды білу, педагогикалық тапсырмаларды орнатуды білу; тапсырмалады орындау жолдарын анықтауды білу; оларды жүзеге асыруды білу; (мотивқұрылымдық, коммуникатиті, перцевтиктік-рефлективтік); қажет нәтижеден алынғанды салыстыра білу; қол жететін нәтижені бағалай білу; әрекеттірге түзеу енгізу өзгерістерге әсер етуді білу, болжау жобалау және өзі және басқа қызметіне өзгерістер енгізуді білу;

Берілгендер тең көлемде оқушының оқуын басқаратын оқытушыныың қызметіне және өзінің оқуын басқаратын оқушының қызметіне жатады. Бірақ оқытушы мен оқушының нақты әрекеттерінің құрамы әр түрлі.

Оқуды басқарудың жолдары әр түрлі болуы мүмкін.
Дәріс №12. Мониторинг басқару қызметінің аспектісі ретінде

ление педагогический образование мониторинг

Мақсаты: «мониторинг» терминін ұғыну; мониторинг жасаудың жолдарын зерттеу; кәсіби-оқыту үрдісінің мониторинг формаларын қарастыру.

Жоспар:


  1. Мониторинг түсінігі

  2. Мониторинг жасау жолдары

  3. кәсіби-оқыту үрдісінің мониторингі (мониторинг формалары)

  4. Тұлғаның кәсіби даму мониторингі

Негізгі ұғымдар: бақылау, үздіксіздік, ақпараттандырылған, ғылымилық, үлгерім, диагностика, оқыту нәтижелері, тесттік жағдайлар әдісі, экспликация, білім беру мониторингі, кәсіби-білім беру үрдісін басқару механизмі


  1. Мониторинг түсінігі

Соңғы кездері «мониторинг» ұғымы кең мағынада қолданылуда. Ол негізінен белгілі бір үрдісті, қажетті нәтижені алу немесе бастапқы болжамды растау мақсатында үздіксіз бақылау дегенді білдіреді. Бұл терминді негізгі көрсеткіштер жиынтығы арқылы үздіксіз немесе периодты мәліметтер жинайтын белгілі бір объектінің күйін бақылау үрдісі ретінде түсіндіруге болады. Әдістемелік тұрғыдан мониторинг қызметтің әмбебап типі ретінде қарауға болады. Ол пән мазмұнына индиффиретті болады. Ол басқару үрдісіне әр кезде ағымдағы бақылау нәтижелерін қосып отырады.

Мониторингтің бірнеше ерекшеліктері бар. Ол көптеген қызметті іске асыратын біртұтас жүйені құрайды. Мониторингтің оған ұқсас педагогикалық және психологиялық үрдістерден ерекшелейтін бірнеше аспектілерін атап шығуға болады:



  • мәлімет жинаудың үздіксіздігі;

  • болып жатқан үрдістердің диагностикаға көнуі;

  • ақпараттылық;қолданылатын талаптар мен қорытындылардың ғылымилығы;

  • бақылаудағы үрдіске түзетулер енгізу үшін кері байланыстың болуы.

  • Кәсіби білім беру жүйесінің мониторинг объектілері бола алады:

  • кәсіби-оқыту үрдісі;

  • оқушылардың академиялық үлгерімдері;

  • білім алушылардың оқу және кәсіби-оқу қызметі;

  • оқушылардың тұлғалық дамуы;

  • оқу тобының орнауы;

  • оқытушының кәсіби қызметі, өндіріс мастерін оқыту және олардың дамуы;

  • педагогикалық ұжымның қалыптасуы.

Мониторинг объектісін таңдауға байланысты оны іс жүзінде асыруға байланысты спецификалық мақсаттар мен міндеттер пайда болады, яғни әр жағдайға мониторингтің индивидуалды түрі анықталады. Мониторингтің кез-келген түрін орындауда оның объектісіне негізделген психологиялық ерекшеліктері пайда болады.

Кәсіби білім беру мекемелері оқу үрдісін және оқушылардың академиялық үлгерімдеріне мониторинг жүргізеді. Алайда мониторингтің бұл түрлері жекелей тұрғыдан толық мағұлымат бере алмайды. Олар оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасу динамикасы мен оқу және кәсіби-оқыту қызметінің дамуын бақылай алмайды. Оқушылардың тұлғалық дамуы мен олардың оқу және кәсіби-оқу қызметтеріне мониторинг жүргізу негізгі екі бағытта орындалады: 1) үрдістік мінездемелерге ерекше мән берілетін, қызмет параметрлері бақыланады; 2) кәсіби қалыптасу үрдісінде психикалық жағдайына болжау және баға беріледі, бақылау жүргізіледі.

Мониторинг жүргізудегі негізгі мақсат – оқушының кәсіби дамуы мен кәсіби білім беру үрдісіне түзетулер енгізу болып табылады, яғни мониторинг өзіне диагностика, болжау мен түзетулер ұғымдарын біріктіреді. Тұлғаның кәсіби тұрғыдан қалыптасу үрдісінің мінездемесін бақылауға негізгі назар аударылады. Ол оқыту нәтижелері жайлы мәліметтермен салыстырғанда ақпараттық тұрғыдан молырақ келеді.

2. Мониторинг жасау жолдары
Э.Ф. Зеердің пікірі бойынша, монторинг жүргізудің барлық түрлері мен технологиялары бірнеше топтарға жіктеледі.


  1. Белгілі бір құбылыстардың мәнін анықтау мен білім беру үрдісінің ықпалы арқылы жүргізілетін кәсіби дамудың өзгерістерін бақылаумен жүреді. Бақылаудың сапасы педагогтың психологиялық құзіреттілігіне тәуелді және субъективтілігімен сипатталады.

  2. Тесттік жағдаят әдісі оқу-кәсіби қызметінің әр компоненті нақты көрінетін арнайы жағдайлардың жасалуынан тұрады. Ол үшін нақтылау сұрақтары қойылады, таным әрекетінің рефлексиясы әрекет етеді, оқудағы көмек мөлшерленеді.

  3. Экспликация — кәсіби-оқыту қызметінің мазмұнын ашу. Бұл әдіс оқушының дамуына диагностика жасап, қажет болса, лезде білім беру үрдісіне өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Экспликация мәндес сұрақтар қою арқылы, педагогтың ынталандыру, ортақ әрекеттер жасау арқылы, жеңілдіктер жасау арқылы жүреді. Эксплицирияланатын мінездемелерді тіркеу қарапайым бақылау арқылы, ал мәліметтерді бекіту оқушылардың сапасы мен кәсіби-оқыту әрекеттерінің эмпирикалық бақылануы сауалнамалар арқылы жүреді.

  4. Сауал қою әдістері стандартты сұрақтарға ауызша жауап немесе жазба жұмыстарына сараптама негізінде білім беру үрдісінің субъектілерінің дамуы туралы ақпарат бере алады. Сауалнамалар оқушылардың бағытын, кәсіби-оқыту қызметінің негізгі компоненттерінің құрылуын немесе білдіру деңгейін анықтайды.

  5. Кәсіби-оқыту қызметінің сараптамасы оқушылардың жазбаша жауаптары, графикалық ақпараттары, техникалық құралдары, шығармашылық жұмыстары негізінде жасалады.

  6. Тестілеу – білім берудің субъектілерінің психологиялық даму деңгейін және педагогикалық үрдістің даму деңгейі жайлы мәлімет жинау әдісі. Тестілеу нормаға негізделеді, ол тестілеу нәтижесінде алынған нәтижелерді салыстыруға, бағалауға мүмкіндік береді.



3. Кәсіби-оқыту үрдісінің мониторингі
Білім беру мониторингі – педагогикалық және басқару категориясына жатады, себебі ол ақпарат теориясының жалпы ережелерін көшірмейді, оларды педагогика, психология және басқару тілдеріне аударады. Білім беру мониторингі күрделі объект ретінде жүйелік жағынан қарастырылады. Білім беру мазмұныоқыту қызметі барысында оқытушылар арқылы беріліп және оқушылармен игеріледі, осы тараптан білім беру мониторингісі де қызмет етеді. Білім берудің оңтайлы ортасы психологтар, дидакттар, әдіскерлер және басқа да мамандардың педагогика және психология салаларындағы қызмет барысында қалыптасады.

Мониторингтің түрлері 5-схемада көрсетілген.

5-схема
Мониторинг формалары


Бастапқы диагностика

Білім беру үрдісіне түзетулер енгізу үшін психологиялық қызмет ету мамандарымен орындалады






Экспресс-диагностика

Бақылау бағдарламаларын құрау, оқу міндеттерін және жағдаяттарды жобалау мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарына түзетулерді болашақта енгізу үшін психологтармен жүргізіледі



Соңғы диагностика
Игеру сапасы мен арнайы кәсіби қасиеттердің даму деңгейімен түлектердің дайындығы анықталады

Кәсіби-білім беру үрдісінің мониторингісінің негізгі міндеттері:



  • Жаңа оқу материалын игерудегі қиындықтарды бақылау;

  • Кәсіби-білім беру үрдісін басқарудың шынайы механизмін құру;

  • Оқу-танымдық қызметтің қалыптасу деңгейі туралы ақпаратты алу;

  • Өзінің қызметін педагогпен жекешелеу;

  • Кәсіби-оқыту үрдісінде кенет жағдайлар мен ауытқуларды табу

Кәсіби-білім беру үрдісіндегі келесі мониторингтерді орындауда ғана берілген міндеттемелер іске асады:

  • Ақпарат жинау және ағымдағы үрдістің қалпын тіркеу;

  • Басқару шешімдерін қабылдау және білім беру үрдісін реттеу кезінде алынған мәліметтерді есептеу.

Оқытуды ынталандыру мониторингі бақылау әдісі арқылы іске асуы мүмкін. Жекелей жағдайларда оқу себебін анықтауға бағытталған арнайы әдістемелерді қолдану.

Мониторингтің маңызды бөлігі болып оқушылардың танымдық деңгейі мен кәсіби-оқыту қабілеттерін бағалау жатады. Олардың көріну деңгейін бақылау үшін интеллектуалды тесттер, тесттің жағдаяттар әдісін және оқушыларды кәсіби-оқыту тапсырмаларын орындау кезінде бақылау оңтайлы болып табылады.

Компоненттердің көрініс алу деңгейі мониторингісі арнайы тіркеу парақшасында жазылады. Ол кәсіби-оқыту бағдарламасын аяқтаған соң мұғаліммен толтырылады және сабақтың бірнеше тақырыптарын біріктіреді. Өндірістік оқыту мастері бланкті кешенді жұмыстарды орындаған соң толтырады. Ол бірнеше төрттік немесе алты сағаттық сабақтардан тұрады. Әр сабақтың (семестр) соңында көрсеткіштер қорытынды түрде жекелей арналған графиктерде көрсетіледі.

Мониторингтің мәліметтері білім беру мазмұнын жақсарту, оқыту технологияларының әсерін бағалау, кәсіби-оқыту үрдісіндегі мәселелерді анықтау мақсатында қолданылады. Мониторинг нәтижелері кәсіби-оқыту барысында басқару шешімдерін қабылдауға және инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді аттестациялауға мәлімет көзі ретінде қолданылады.


4.Тұлғаның кәсіби даму мониторингі
Оқушының тұлғалық дамуы жеке-бағытталған білім берудің негізгі мақсаты болып табылады. Өзіндік жеке тұлғалық дамуға деген қажеттілік болашақта жемісті кәсіби тұрғыдан қалыптасуға көмек. Жекелей даму оқушының және маманның кәсіби тұрғыдан қалыптасуға түрткі фактор болып табылады. Оның қалыптасуында кәсіби даму түрлі қайшылықтарға ұшырайды.

Кәсіби оқыту деңгейінде дамудың қозғаушы күші болып қоғамның талаптары мен тұлғалық міндеттемелері арасындағы қайшылықтары саналады. Қайшылықтарды шешу танымдық деңгейдің өсуіне және кәсіби қабілеттердің артуына, әлеуметтік-кәсіби құзіреттіліктің артуына алып келеді.

Келесі қайшылықтар жекелей жаңа кәсіби-әлеуметтік жағдаяттар үшін, еңбек ұжымы мен кәсіби-әлеуметтік кваливикация және құзіреттілік арасындағы жаңа ролі барысында туады. Оның шешімі тұлғаның жеке психологиялық қайта құрылу және ойлану барысында табылады да кәсіби анықтау, жұмыс жасауда жекелей мәнін табу және кәсіби тәжірибе жинаудан көрініс алады.

Маман ретінде дамудағы қажеттіліктер болып қызмет етуші «мен»және жұмыстағы «мен» арасындағы қайшылықтар негізгі болады. Бұл қайшылықтарды кәсіптің даму сатыларында жеке стиль қалыптастыру үшін қолдануға болады.


Маман ретінде кәсіби тұрғыдан даму тек тұлғалық қажеттіліктерді шешу мен кәсіби тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру арасындағы қайшылықтар және кәсіби қызметтің техникалық мүмкіншіліктері негізінде жүреді. Бұл жерде кәсіби «мен» және мүмкін болатын «мен» арасындағы айырмашылық білінеді. Оның шешімі тұлғаның қызметтің креативті деңгейінде өзін-өзі өзекті ету және кәсіби қызмет пен мамандықта акмеологиялық стильдің көрінуі кезінде мүмкін болады.

Кәсіби қалыптасудың бастапқы кезеңдерінде оның қозғаушы күші ретінде сыртқы және ішкі факторлар арасындағы қайшылықтар болады, ал кейінгі кезеңдерде кәсіби-маманның тұлғалық ішкі қайшылықтары жатады. Кәсіби қалыптасуға түрткі болатын сыртқы факторларға әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, кәсіби қызметтің мазмұны мен технологиясы, дамуға түрткі жүйе жатады.

Кәсіби білім беру кезеңінде түрткі болатын жүйеге оқу жетістіктерін және оқушылардың даму деңгейін бағалау жүйесі жатады, ал кәсіби бейімделу кезеңінде – квалификация деңгейін бағалау кіреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тыңдалған дәріс жайлы өздеріңіздің әсерлеріңізбен бөлісіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. «Мониторинг» терминінің соңғы кездегі түсіндірілуі қандай?

  2. Мониторингтің бірнеше ерекшеліктерін көрсет.

  3. Кәсіби білім беру жүйесінде мониторинг объектісі не болады?

  4. Оқушылардың тұлғалық дамуы және олардың оқу мен кәсіби-оқу қызметінің қалыптасу мониторингісі екі бағытта жүреді. Оларды ата.

  5. Мониторингтің негізгі бағыты қандай?

  6. Мониторинг жүргізудің мәнін, жолдарын біріктіріп түсіндіріп бер.

  7. Білім беру мониторингісінің мазмұны мен мәні қандай?

  8. Мониторингтің қандай формалары бар?

  9. Кәсіби-оқыту үрдісінің мониторингісінің негізгі міндеттерін ата.

  10. Оқытуды ынталандырудағы мониторингтің бақылау әдісінің мәні қандай?

  11. Кәсіби оқыту деңгейінде кәсіби тұрғыдан дамудың қозғаушы күші не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет