Оқу процесінің жобасын жүзеге асыру барысындағы оқушылардың ұйымдасқан түрдегі әрекеттері оқыту технологиясының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
1. Студенттердің тақырыпты, тарауды оқу жобасымен таныстыру. Бұл жұмыс кабинетіндегі хабарлар тақтасына қарастырылатын тараудың шағын мақсаттарының мазмұны, болжау жұмысының жүргізілетін уақыты анықталған технологиялық картасын іліп қою арқылы жүзеге асады.
Осы хабарлар арқылы оқушы өзінің алдағы жұмыс әрекеттерін жоспарлап, тексеру жұмысына алдын – ала дайындалып жүреді. Мұндай жұмыс оқушының оқу процесіндегі белсенділігін қалыптастырады және оқуға ынтасына оң әсер етеді.
2. Технологиялық карта арқылы оқушы берілген шағын мақсат бойынша түзетуден кейінгі бақылау жұмысы қашан болатынын біледі. Мұның әдеттегі әдістемеден айырмашылығы, оқушыға өз білімін алғашқы деңгейге қарағанда жоғары деңгейде тексеріп көруге мүмкіндік бере отырып, оның дайындық әрекетін жандандыра түсетіндігінде.
3. Оқытушы, технологиялық картада түзету бөлігі арқылы тақырыптағы кездесетін қиындықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Түзету студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Түзету бөлігінде жазудың негізсіз болмауы және кеңестердің нақты болуы шарт. Мысалы, «Компьютердің арифметикалық негіздері» тарауындағы «Бөлім бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау» мақсатына студенттер үшін жазылған « түзету» кеңестері:
Ондық сандарды бір жүйеге келтіруде қате жіберілген.
Екілік сандарға амалдар қолдануда қателер жіберген.
Бақылау жұмыстарын берілген кеңестерге қарай отырып орындаған оқушылар өз жұмыстарының қаншалықты дұрыс екенін бақылап отырады. Ал, олардың тақырып бойынша алған білімдерінің деңгейін бақылап отыру үшін технологиядағы әрбір шағын мақсатқа « болжау» материалдары дайындалған.
Технологиялық тәсіл негізінде жобалаудың келесі кезеңі, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын – сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау. Сабақтың ақпараттық картасы – технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. Сабақтың ақпараттық картасында оқу материалдарының толық мазмұны сабақтың мақсаты мен міндеттері мұғаліммен оқушы арасындағы қарым – қатынас нәтежесі, оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар, сабақтың ақпараттық картасы – мұғалімге әістемелік құрал болып табылады және оның саны тақырыпқа берілген сағат санына байланысты болады.
Білім берудің алғы шарттарының бірі –
студенттердің ойлау,
есте сақтау
ғылым мен техниканың жетістіктерінпайдалану,
өз білімін бағалау,
өз бетімен білімін көтеру дағдыларын қалыптастыру болса, осы мақсатқа жетуде білім беуде – жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғыза білу керек деп ойлаймын.
Қазіргі ақпараттық қоғамда информатика пәнін оқытуды дамыту, яғни информатика пәні бойынша студенттердің білім деңгейін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейге жеткізу жұмыстануды қажет етеді.
Міне, осындай жайларды айта келе, информатика пәнін оқытуда сабақты жаңа технология әдістерін қолдана отырып, тартымды өткізе білгенде, тиімді ұйыдастыра білгенде ғана осындай қиындықтарды жеңуге болады және студенттердің білім сапасының артатыны сөзсіз екендігі айқындалды.
Дәріс 7. ЖОО-дағы белсенді оқыту әдістері
Мазмұны:
1 Белсенді оқыту әдістерінің классификациясы (жіктелуі)
2 ЖОО-да белсенді әдістерді қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формалары
Қазіргі уақытта оқу процесi тұрақты жетiлдiруді талап етедi, өйткенi әлеуметтiк құндылықтар мен артықшылықтар ауысып тұрады: тұлғаның рухани байлығының дамуына, адамның тұрақты өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жауап беретін өндiрiстiң мұндай деңгейiне жету ғылыми-техникалық iлгерiлеу жатады.
Сондықтан ЖОО-да білім берудің тактикасы мен стратегиясын өзгерту арқылы қазiргi кезде мамандарды әзiрлеуді талап етеді. Кез келген бiлiм беретiн мекеменiң түлегiнiң басты ерекшілігі оның құзырлылығы және жинақтылығы болып табылады. Осыған байланысты оқу тәртiптерiн зерттеуде студенттiң өзiнің танымдық белсендiлiгiне толық бағынышты тиімділік, таным процесіне сүйенеді.
Белсендi оқыту әдiстердi әзiрлеу және оларды қолданысқа енгізу, әр түрлi ғылыми жағынан және көптеген педагогтар мен психологтардың зерттеулерімен ұсынылған, бірақ, гуманитарлық бағыттағы ЖОО-да белсендi оқыту әдiстерін қолдану жеткiлiксiз зерттелген. Сол себепті осы тақырыптың өзектiлiгi маманды белсендi әдiстермен оқыту.
1 Белсенді оқыту әдістерінің классификациясы (жіктелуі)
Белсендi оқыту әдiстер дұрыс бағытта қолданса бiр мезгiлде үш оқу-ұйымдастырудың есептерiн шешуге мүмкiндiк бередi:
1) оқытушының әсерімен оқыту процесiн басқарушыға бағындыру;
2) дайындықпен және дайындықсыз келген студенттерді оқу жұмысында белсендi қатысуын қамтамасыз ету;
3) оқу материалын меңгеру процесiне үздiксiз бақылау орнату.
Белсенді оқыту әдістерінің классификациясын талдауына Ю.С. Арутюнов, М.М. Бирштейн, Н.В. Бурков, А.А. Вербицкий, С.Р. Гидрович, Р.Ф. Жуков, В.М. Ефимов, Л.Н. Иваненко, В.Ф. Комаров, А.Л. Лившиц, В.И. Маршев, Ю.М. Порховник, В.И. Рыбальский, Т.П. Тимофеевский және т.б. өз үлестерін қосты.
А.М Смолкин ұсынған ЖОО-на арналған белсенді оқыту әдістерінің классификациясын қарастырайық. Ол белсендi оқытудың имитациялық әдiстерiн ерекшелейді, яғни оқу-таңымдық қызметі кәсіби қызметтің имитациясынан құрастырылған сабақ беру түрлері. Қалғаны дәріс сабақтарында таным қызметін белсендіру тәсілдері, имитациялық емес болып келеді
Имитациялық әдістері ойын және ойын емес деп бөлінеді. Ойын тәсілдеріне іскерлік ойындарды, жобалау ойынының өткізу және т.с.с, ал ойын емес тәсілдеріне белгілі бір жағдайларды талдау, жағдаяттық мәселелрді шешу және басқасы жатады. [12]
Сызба түрінде былай көрсетуге болады:
|
Оқытудың белсенді әдістері
|
|
Имитациялық емес
|
Имитациялық
|
|
|
Ойын түрінде
|
Ойын емес түрінде
|
|
Проблемалық дәріс, екі жақты дәріс, алдын ала анықталған қателерді талдау дәрісі, пресс-конференция дәрісі;
Эвристикалық әңгіме;
Іздестіру зертханалық дентасы;
Оқу пікір сайысы;
Әдебиетпен өздік жұмыс;
семинарлар;
дискуссиялар
|
Іскерлік ойын;
Педагогикалық жағдаяттар;
Педагогикалық есептер;
Әр түрлі қызметтерден пайда болған жағдайлар
|
Ұйымдық ойлау белсенділігі;
ТРИЗ жұмысы;
|
|
Белсенді оқыту әдістері оқу үрдісінің әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады:
1 кезең – білімді алғашқы меңгеру. Бұл проблемалық дәрiс, эвристикалық әңгiме, оқу пiкiрсайысы және т. б. бола алады.
2 кезең - бiлiмдi бақылау (бекiту), ұйымдық ойлау белсенділігі, тест тапсырмалары және т.б. сияқты әдістер болады.
3 кезең – шығармашылық қабілет негізінде ойын және ойын емес әдiстерді, түрлендірілген оқытуды қолдануға мүмкіндік болатын, кәсiби шеберлік, дағдыларды қалыптастыру.
Енді әдіс, оқыту формасы (түрі), оқыту, оқушылардың белсенділігі және оқытудың белсенді әдістері ұғымдарына тоқтала кетсек.
Әдіс – бұл оқытудың көзделген мақсатына жету үшін оқыту формасы және тәсiлдерінің біріктірілуі.
Оқыту формасы - Оқыту формасы – белгілі бір тәртіп пен жүйеде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушының бірлескен іс-әрекетінің сыртқы сипаты. Оқыту формасы күндізгі, сырттай, кешкілік, студенттердің өздік жұмысы (оқытушы бақылауымен және бақылауынсыз), индивидуальді, фронтальді және т.б. деп бөлінеді.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Оқушылар белсенділігі - оқушылардың практикалық іс-әрекеті кезіндегі интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, танымдық іс-әрекетін белсендендіру, ақыл-ойы мен икемділігінің, білімінің даму деңгейі оқыту барысында артуы.
Танымдық белсенділік – бұл өз ойын жетілдіру, мәселені шешу жолдарын табу, өздігінен білім алуға құштарлық, өзінің және басқа адамдардың пікірлерін салыстыру жолдарын қалыптастыру
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
А.М.Смолкин келесі анықтама береді:
Белсенді оқыту әдістері – бұл студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру тәсілдері, материалды меңгеру кезінде белсенді ойлау және практикалық белсенділікті ояту үшін, оқытушының белсенді қатысуы жеткіліксіз, сонымен қатар студенттерде сабаққа белсене қатысуы керек.
Бұл әдіс тек студенттердің оқу материалын меңгеріп қоюында ғана емес, студенттердің танымдық іс-әрекетке деген қатынасын қалыптастыруда болып табылады. Сол үшін практикада оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады.
2 ЖОО-да белсенді әдістерді қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формалары
Белсенді әдістерді қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формалары имитациялық және имитациялық емес болып бөлінеді. Имитациялыұ емес әдістерді қарастырайық: дәрістер, семинарлар, дискуссиялар, ұжымдық ойлау белсенділігі.
Дәрістер – дәстүрлі емес формасын өткізу
Проблемалық дәріс сұрақтардан басталады, баяндау барысында мәселені шешу үшін. Проблемалық дәріс арқылы үш негізгі дидактикалық мақсаттарды жетілдіруді қамтамасыз етеді:
1. студенттердің теориялық білімді меңгеру;
2. теориялық ойлауды дамыту;
3. болашақ маманның кәсіби мотивациясына және оқу пәнінің мазмұнына танымдық қызуғышылықты қалыптастыру.[2]
Визуалдау-дәрісі. Дәрістің мұндай түрі көрнекілік принциптерін жаңа қолданысқа енгізуінен шыққан. Бұл принциптердін мазмұны психолого-педагогикалық ғылымдардың, оқытудың белсенді әдістері мен формаларының мәліметтеріне сүйене отырып өзгереді. Дәріс - визуализация студенттерді ауызша және жазбаша ақпаратты визуалды формаға түрлендіруге үйретеді
Жұптасқан дәріс әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Репродуктивтік элементі ғылыми тұрғыдан дәлелденген, қосымша түсіндіруді қажет етпейтін оқу материалын баяндаудан тұрады. Проблемалық элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не теріске шығару, проблеманы шешу жолдарын іздестіруден құралады. Интеграциялық элемент бір проблема төңірегінде әр түрлі ғылыми амалдарды қарастырады. Диалогтік элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу арқылы көрініс табады.
Алдын-ала жоспарланған қателермен берілген дәріс. Оқу материалының мазмұнына алдын-ала қателер енгізіледі (фактілік, әдістемелік, мінез-құлықтық т.с.с.) студенттер міндеті дәріс барысында өздері байқаған қателерді белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсету. Тақырыпты немесе бөлімді оқып біткен соң, студенттерде негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасқан уақытта өткізіледі. Келесі сабақтарда материалды меңгерудегі қиындықтар диагностикасы жүргізіледі
Пресс-конференция дәрісі. Курстың белгілі бір тақырыбына студенттер сұрақтар құрастырып, оқытушыға береді. Лектор жинақтаған сұрақтарды мазмұнына байланысты топтастыра отырып, дәріс оқиды. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде болады. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды
Әңгіме-дәрісі. Бұл дәріс оқытушының аудиториямен тікелей қатынас жасауды көздейді. Әңгіме-дәрістің артықшылығы мынада, студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып материалдың мазмұны мен шапшаңдығын анықтайды, студенттерді маңызды мәселелерге көңіл аударуға септігін тигізеді.
Пікірталас дәрісі. Оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл дәрісте проблемалық жағдаяттар, пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.
«Дөңгелек үстел» әдісі. Әдістің ерекшелігі тақырыптық пікірталас пен топтық кеңес арасындағы үйлесімділік туғызып, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, яғни, «көзбе-көз» пікір алмасу. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап отырады, ал оқытушы да осы топтың тең дәрежелі мүшесіндей үстелден орын алады. Бұл әдісті өзекті деп саналатын және әр түрлі көзқарас тудыратын тақырыптар бойынша семинар және дисскусия сабақтарында қолдануға болады. Соларға тоқтала кетсек:
Ұжымдық ойлау белсенділігі. Бұл әдістің негізі диалогтік қарым-қатынаста тұр, бір студент өз ойын айтады, басқа студент оны қолдайды не қарама қайшылығын айтады. Мұндай форма студенттерді басқа студенттердің баяндамасын құлақ салып тыңдауға, талдау қабілеттіліктерін қалыптастыруға, салыстыруға, бастапқысын бөліп көрсетуге, дәлелдеуге, нәтижені қорытуға үйретеді.
«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.
1932 жылы Ленинградта М.М. Бирштейн алғаш рет оқытуда бұл әдісті қолданған. Ойын әдістеріне үлес қосқандар: В.Н. Буркова, В.М. Ефимова, В.Ф. Комарова, Р.Ф. Жукова, В.Я. Платова, А.П. Хачатурян және т.б.
1991 жылы әлемде 2000 аса іскерлік ойындар қолданған, оның ішіндегі 1200 аса СССР және АҚШ-та қолдныста болған.
Қазіргі уақытта іскерлік ойынның үш салада қолдануын ажыратуға болады:
1. Оқу ортасында: оқыту әдісі оқыту бағдарламасында квалификацияны арттыру үшін қолданылады.
2. Зерттеу ортасында: шешім қабылдауды, ұйымдық құрылымдарға тиімді баға беруді зерттеу мақсатында болашақ мамандырылған қызметті түрлендіру үшін қолданылады.
3. Жүйелі-практикалық ортада: бiлiм жүйесiнiң әр түрлi элементтерiн әзiрлеу үшiн, нақты жүйелердiң элементтерiн талдау үшiн ойын әдiс пайдаланады.
Оқу процессәнде іскерлік ойын әдісін пайдаланбас бұрын, имитациялық жаттығулардан бастаған дұрыс. Олар тапсырманың шешілуінің шағын көлемімен және шектеулермен ерекшеленеді.
Имитациялық жаттығулар оқыту ойындарына ұқсас болып келеді. Олардың мақсаты - шығармашылық жағдайда студенттерге қандай да бір дағдыны бекiтiп, маңызды ұғым, категория, заң айрықша көңіл бөлуге мүмкiндiк береді. Шартта қарама-қайшылық болу керек, яғни имитациялық жаттығуларда проблемалық элементтер бар.
Сонымен, студенттің танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытушыға алуан түрдегі әдістер ұсынылады. Біз тек олардың кейбір бөлігін қарастырдық.
Дәріс 8. Инновациялық педагогикалық технологиялар: анықтамасы, сипаттамасы, түрлері
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі – оқытудың жаңа технологиялары ғылымы. Оқытудың жаңа технологиялары ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Оқытудың жаңа технологиялары - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. «Жаңа оқыту технологиялары» пәнініңзерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ оқытудың жаңа технологиялары – тиімді әдіс-тәсілдер мен амалдарды, оқушыға білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру жаңа технологиялар арқылы оқыту кезінде іске аспақ. Сонымен бірге технология мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, пәнді тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, технология мұғалімнің творчестволық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Оқытудың жоғары әсерлі технологияларын енгізу арқылы оқу материалын меңгерту нәтижесін арттырып қана қоймай, тіл үйренушінің тұлғалық дамуын да қамтамасыз етуге болады. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге талдау жасай келе, педагогикалық технология мәселесі ХХ ғасырда көптеген дискуссиялар мен ғылыми тартыстар тудырғанын байқауға болады. Ұлы ғалымдардың оқу үдерісін технологизациялау мәселесіне тоқталмай өткені кемде-кем. Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы педагогикалық лексиконға мықтап еніп, оқыту теориясына кеңінен тарады. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті технологияларды қолдану оны жаңаша технологиялық сатыға көтеруге мүмкіндік тудырып отыр.
Ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық технология» терминін түсіну мен қолдануда бірізділіктің жоқтығы байқалады. Аталған мәселеге қатысты анықтамаларды жинақтар болсақ, педагогикалық технология дегеніміз – алдыға қойған мақсатқа жету үшін, таңдап алынған форма, әдіс, оқу тәсілдерінің тиімділігін және ағымдық нәтижелерді тексеру мен бағалау үшін оқу үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарының жүйесі. Технология – оқытудың жоспарланған нәтижесін бағдарлау; оқыту модельдерінің жиынтығы; берілген нақты шарттарда тиімді модельді таңдап алудың өлшемдерінен тұратын кешен.
«Педагогикалық технология – оқыту, тәрбиелеу және дамыту шарттарының міндетті жиынтығын тудырушы, білім берудің біртұтас концептуалды негізі, мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара байланыстағы тәсілдері, формалары мен әдістерінің жүйесі».
Педагогикалық технологияның құрылымын Г.К.Селевко былай түсіндіреді:
А) Концептуалды негіз;
Б) оқытудың мазмұндық бөлігі:
- оқытудың жалпы және нақты мақсаттары;
- оқу материалының мазмұны;
В) Үдерістік бөлімі – технологиялық үдеріс:
- оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
- оқытушы жұмысының әдістері мен түрлері;
- оқытушының материалды меңгерту үдерісін басқару әрекеті;
- оқу үдерісінің диагностикасы.
Кез келген технологияны оқу үдерісіне енгізуде міндетті түрде орындалуға тиісті басым шарттар болады. Қазақ тілін оқытуға қатысты шарттарға тоқталатын болсақ:
Біріншіден, оқу үдерісіне енгізілетін технологияның теориялық және әдістемелік негіздерінің қалануы, аталмыш технологияны жан-жақты зерттеген ғылыми-әдістемелік еңбектердің болуы шарт.
Екіншіден, сол технологияны сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға толық мүмкіндік тудыра алатын, Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне ыңғайлы, заманауи талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық техникалармен жабдықталған зертханалар мен оқу-тренинг залдарының болуы аса маңызды.
Үшіншіден, сол технологияға бейімделіп жазылған оқу-әдістемелік кешендердің: тұжырымдама, стандарт, типтік бағдарлама, оқулық, оқу құралдары, оқу әдістемелік және көрнекілік құрал-жабдықтардың, электронды білім ресурстарының жеткілікті болуы;
Төртіншіден, және аса маңыздысы, қолданылатын технологияның биік шеберлік шыңын толық меңгерген, технологиямен жан-жақты қаруланған оқытушының болуы.
Жаңа оқыту технологияларына тән басты екі түрлі ерекшелік бар:
1) жаңа педагогикалық технологиялар тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуды басты міндет етіп, олардың оқу уәждемесі мен құзыреттілік деңгейіне байланысты өз бетімен білім алуына интерактивті әдістер арқылы дағдыландырады;
2) дәстүрлі сабақтардағыдай тіл үйренуші – білімді оқытушыдан қабылдаушы объект емес, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады.
Жаңа педагогикалық технологияның дәстүрлі әдістемеден басты айырмашылығы - оның оқыту объектісін меңгертуде педагогикалық үдерістің тұтастығын көздеуі. Қазіргі уақыттағы жаңа оқыту технологияларының, жаңаша білім беру үдерістерінің аса қарқынды дамуы дидактикадағы оқыту мазмұны деген компоненттің дұрыс шешілуіне көп байланысты.
Оқыту технологиялары бір-бірімен тығыз байланыста болуы, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзіндік ерекшелігі болады. Егер проблемалық технологиялардың міндеттері мен диалогтық формалары эвристикалық тәсілдер арқылы жүзеге асса, ақпараттық технологияларда танымдық-логикалық тәсілдер басты орын алады. Ал түсіндірмелі көрнекілік технологиялар оқыту технологиясына жатады, оның негізгі сипаты тыңдаушыларға ғылыми факторлар мен заңдылықтарды үйрету болып табылады.
Педагогикалық технологиялар тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді. Технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастыру төмендегі шарттар негізінде жүзеге асады:
– Ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы;
– Ақпарат көлемі мен оны ұсынудың дидактикалық бірліктерінің өзара сәйкестігі;
– Таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы;
– Оқытудың жеделдете жүргізілуі;
– Дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы;
– Технологияның бейімділігі;
– Оқытушы - тіл үйренуші жұмысының синхрониясы;
– Ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Педагогикалық үдеріс белгілі бір жүйе ұстанымдарына сай құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі ұстанымдарды өзара сабақтастықта, олардың объективті қарым-қатынасы негізінде жүзеге асыратын, педагогтің тұлғасын толық танытатын ұстанымдар жинағы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология тіл үйренуші мен оқытушының оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, жан-жақты ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Бұл - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жүргізілу реті, оқыту мақсаттарына жету жолында сабақ үдерісін ұжымдық әдіс арқылы ұйымдастыру.
Педагогикалық технология дегеніміз:
- өнер, шеберлік, біліктілік, әдістемелер жиынтығы;
- адамның ойына және іс әрекетіне байланысты мәдени ұғым;
- өте маңызды сапа мен дағдының интеллектуалды сарапталуы;
- оқыту барысында мақсатты, алдын ала ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан әсер етуді қалыптастыру;
- оқытудың нақты нәтижесіне жетудің кепілді құралы;
- іс жүзіне асырылатын нақты педагогикалық жүйенің жобасы;
- теория мен практика зерттеуін ұштастыру және оның нәтижесін көру құралы;
- шарттары белгіленген нақты оқыту жүйесі.
Оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың ойлау-танымдық және сөйлесім әрекеті еркіндігін қамтамасыз етеді. «Қазақ тілінен әдістемелік технология – білім берудің тиімдірек формаларын іздеу, табу, олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып, оқыту, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың және бағалаудың жүйесін құрайды». Қазақ тілін үйрету үдерісіне жаңа технологияларды енгізу көптеген андрагогикалық, акмеологиялық, аксиологиялық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол дидактикалық және психологиялық ұстанымдарды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Атап айтар болсақ, тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттыруға, оқу материалын логикалық тұрғыдан сезінуге, жүйелілікке, көрнекілікке, жеке, топпен және өздік жұмыстар істеуіне ықпал етеді.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Педагогикалық үдеріс белгілі бір жүйе ұстанымдарына сай құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі ұстанымдарды өзара сабақтастықта, олардың объективті қарым-қатынасы негізінде жүзеге асыратын, педагогтің тұлғасын толық танытатын ұстанымдар жинағы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, жан-жақты ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Бұл - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жүргізілу реті, жеделдете оқыту мақсаттарына жету жолында сабақ үдерісін ұжымдық әдіс арқылы ұйымдастыру.
Технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастырудың шарттары:
– ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы;
– таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы;
– оқытудың жеделдете жүргізілуі;
– дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы;
– технологияның бейімділігі;
– оқытушы - оқушы жұмысының синхрониясы;
– ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі.
Педагогикалық технология - білім берудің тиімдірек формаларын іздеу, табу, олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып, оқыту, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың және бағалаудың жүйесін құрайды.
Педагогикалық технологиялардың тиімділігі төмендегідей авторлардың еңбектерінде көрсетілген: «Дамыта оқыту» (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов); Ынтымақтастық технологиясы (Ш.Амонашвили) «Ойын арқылы оқыту» технологиясы (В.Селевко); Проблемалап оқыту (И.Махмудов); коммуникативтік технология жүйесі (В.Ф.Шаталов, Е.Н.Ильина, Н.А.Зайцев, А.А.Окунев); Оздыра оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова).
Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я.А.Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат - құрал оның қолдану ережелері нәтиже модулі шықты. Бұның өзі білім берудегі кез келген технологияның өзегі.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу үдерісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, В.М.Кларин, Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу үдерісін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланыста. Педагог рационалистердің негізгі міндеті - оқу материалын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру. Нақ осы модель төңірегінде оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мүмкін жолдары пайда болып, ол кейіннен оқыту технологиясы ұстанымдарына жалғасты.
Педагогикалық технологияның ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының интеллектуалдық даму заңдылықтарын, оқу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін және педагогикалық басқарудың тәсілдерін зерттейтін құрал ретіндегі әдіснамалық қызмет те атқарады. Оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі - оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз - оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық үдерістердің жиынтығы. Педагогикалық жүйе педагогикалық технологияны жасаудың негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның әдістемеден бір ерекшелігі - оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуіне әкеледі. Педагогикалық технология - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Педагогикалық технология педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық үдерісті жобалаушы бір бөлшегі. Ол білім стандартында көзделген оқыту нәтижелерін қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үдеріс.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
1) Технологиялық сызба (карта) технологиялық үдерістің оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі болуы қажет.
2) Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету үдерісінің ғылыми негіздемесі болу керек.
3) Педагогикалық технологияның барлық жүйелік сипаттары: үдерістің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығы болуы қажет.
4) Оқу үдерісін жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
5) Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет етеді. Сондықтан, белгілі білім стандартына сай нәтижелі оқыту кепілдігін беріп, нәтижесі тиімді, шығыны аз болуы керек.
6) Педагогикалық технологияны басқа білім беру мекемесінде басқа субъектілердің де қолдану мүмкіндіктері ескерілуі керек, яғни кең дәрежеде қолданылатындай болуы тиіс.
Педагогикалық технология оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді. Мақсатқа жету үшін қайтарымды байланыс болуы керек. Соған байланысты оқытуға технологиялық қатынаста төмендегідей шарттарды көрсетуге болады:
а) мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеге табысқа жетуге орай айқындау;
ә) ағымдағы нәтижені бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды өзгерту;
б) нәтиженің қорытынды бағасы.
Мектепте оқыту технологиясы оқыту үдерісіне қажетті психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені - әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, іс - әрекетіне игі әсер етеді және сонымен бірге, мұғалімдердің педагогикалық іс тәжірибесінің нәтижелігінің тиімділігін қамтамасыз ететін оқу тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғарыда келтірілген түсініктерден, оқыту технологиясы дегеніміз педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенің нақты көзделген мақсатына қол жеткізу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен іс-әрекеттер тізбегі екенін көреміз.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет. Оқу үдерісінің нәтижелі болуына 100% кепілдік беруі қажет;
ә) оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үдерісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық нәтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үдерісінің толықтығын қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазіргі таңда білім беру ісін реформалау “ізгілендіру парадигмасы” негізінде білім берудің мазмұнды - әдістемелік негізін жүйелі өзгертуін ғана емес, сонымен бірге логикалық - әдістемелік негізді жаңартуды анықтауды, педагогикалық жүйенің жаңа парадигмасын жетілдіруді қажет етеді.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаланған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемалық оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтықтан оқу технологиясы –бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
1. Иллюстриялы – түсіндірмелі оқыту технологиясы,
2. Ірі блокпен оқыту технологиясы (Эрдниев),
3. Лекция – семинар – сынақ жүйесі, перспективті дамыта оқыту технологиясы(Лысенков), сабақтың тиімділігі негізінде оқыту технологиясы /А.Окунев, К.Махова (химия), Т.Гончарова (тарих), В.Гербутов, Н.Н.Палтышев (физика),/
4. Проблемалық оқыту технологиясы,
5. Ойын арқылы оқыту технологиясы,
6. Оқыту материалдарын арнайы сызбалар мен таңбалар арқылы оқыту технологиясы сынып ішіндегі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы /В.В.Фирсов/,
7. Кезеңдеп оқыту технологиясы / Н.Н.Палтышев/
8. Саралап – деңгейлеп оқыту технологиясы / В.В.Пикан/,
9. Кіріктірілген технология / В.В.Гузеев/,
10. Оқытуды оқыту технологиясы /Инге Уит/,
11. Жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы, /В.Д.Шадриков/,
12. Жобалап оқыту технологиясы,
13. Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы /В.Дьяченко/,
14. Модульдік оқыту технологиясы,
15. В.М.Монаховтың технологиясы /Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов/,
16. Дамыта оқыту жүйесі / В.Занков/,
17. Техникалық шығармашылық технологиясы / Альтшуллер /,
18. Шығармашылықпен дамыта білім беру технологиясы / И.П.Волков /,
19. Қоғамдық шығармашылықты дамыту технологиясы / И.П.Иванов /,
20. Музыкалық шығармашылықты дамыту жүйесі /Д.Ковалевский/,
21. Әсемдікке баулу жүйесі /Неменский/,
22. Әдеби шығармашылықты қалыптастыру жүйесі /В.Левин/,
23. Коммуникативтік оқыту технологиясы / Е.И.Пассов/,
24. Мәдениет диалогы технологиясы / В.С.Библер, С.Ю.Куртанов/,
25. М.Монтессори технологиясы,
26. Жеке тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған ой технологиясы,
27. Еркін еңбек технологиясы /В.С.Библер, С.Ю.Курганов/,
28. Шеберханалар технологиясы,
29. Ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы /Ш.Амонашвили/,
30. Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту,
31. Вальдорфф педагогикасының жүйесі /Е.П.Ильин/, т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |