Дәріс Жоғарғы мектепте информатиканы оқыту әдістемесіне кіріспе



бет6/6
Дата01.12.2016
өлшемі1,95 Mb.
#2915
1   2   3   4   5   6
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі




Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

1

Мотивациялық

-Өзінің кәсіби шеберлігін ақпараттық -компьютерлік технология бойынша дамытуға талпынуы

- ақпараттық-компью терлік және математи калық модельдеуге қызығушылық таныту



-Кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы

-Ақпараттық және компью-терлік технология бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы

-Ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеу туралы мотивтер

-Мультимедиялы технология-ларды қолдануға ұмтылуы



2

Мазмұндық

-Өзінің ақпараттық және компьютерлік технология бойынша сауаттылығы

- ақпараттық-компью терлік және математи калық моделдеу туралы білімдер жүйесі





-Педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі

-Барлық мүмкіндіктерді ескере отырып инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болғандығын сезінуі

-Ақпараттық жүйелерді модельдеуді, компьютерлік модельдеуді түсінуі

- Мультимедиялы технология лар туралы түсінік

-Пән сабақтарында компьютерлік модельдеуді қолдану керектігін түсіне білуі


3

Іс-әрекеттік

-Өзінің кәсіби іс-әрекетін инновациялық тұрғыда меңгеру

-Ақпараттық-компьютер лік және математикалық модельдеуді қолдану іскерлігі



- Ақпараттық және компьютерлік технология негізінде іс-әрекетін инновациялық тұрғыда шеше алуы

-Ақпараттық жүйелерді модельдеуді меңгеру

- Компьютерлік модельдеуді игеруі

- Мультимедиялы технология ларды қолдана алуы

- Пән сабақтарында ақпараттық-компьютерлік модельдеуді қолдану мүмкіншілігін меңгеруі

Сонымен, болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығы: мотивациялық құндылықтарды; мазмұндық және іс-әрекеттілік сияқты көрсеткіштерді қамтиды.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, білік, дағды, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтижелері құралады.

Модельдің негізінде біз әртүрлі көрсеткіштерді сипаттайтын деңгейлерді (төмен, орташа, жеткілікті, жоғары) анықтадық.



Төмен деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынысы жеткіліксіз, инновациялық іс-әрекетке құлқы жоқ, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеу іс-әрекеті төмен, мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін біле бермейді. Осы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың төмен деңгейімен байланысты іскерліктер:

-белгілі бір информатикалық ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді біледі, бірақ ақпараттық-логикалық тұрғыдан талдай алмайды;

- оқулықтағы оқу материалының тарауын, пунктін логикалық-


дидактикалық тұрғыдан талдай алмайды;

- объектілер мен құбылыстарға байланысты мәселерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра алмайды;



- қарапайым мультимедиялық, электронды көрнекі құралдарды дайындай алмайды;

  • нақты кәсіби ақпаратты оқып үйрену үшін, қажетті әдебиетті және Интернет сайтын таңдай біледі;

Орта деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынуы тұрақты емес, инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігіне мән бере бермейді, ақпараттық жүйелерді модельдеу туралы түсінігі бар, бірақ меңгеруі орташа. Компьютерлік модельдеу туралы туралы қабілеті бар, бірақ ішінара қолданады. Мультимедиялық технологияларды қолдану туралы талпынысы бар.

Болашақ мұғалімінің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігінің қалыптасуының орта деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі болып табылады. Осы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың орта деңгейімен байланысты іскерліктер:

-белгілі бір информатикалық ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді, алгоритмдерді, модельдерді, ақпараттық мазмұнды есептерді ақпараттық-логикалық тұрғыда талдай алады;

- оқулықтағы оқу материалының тарауын, пунктін логикалық-


дидактикалық түрғыда талдай алады;

- ақпараттық мәселелерді модельдеу арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра біледі;



- информатикалық ұғымдарды қалыптастыру, информатикалық тұжырымдарды дәлелдеу, белгілі бір ережені қалыптастыру немесе модель құру үшін қажетті есептерді таңдап алып, оларды тиімді пайдалана алады;

  • анықтамалық құралмен, кестемен және басқа да дидактикалық материалмен жұмыс істей біледі және оған білімгерлерді үйрете алады;

  • оқушылардың білімін тексеру мақсатында сұрақтар жүйесін, өз
    бетімен орындайтын және бақылау жұмыстарының тапсырмаларын құра біледі;

  • білімгердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модель құру жұмыстарын тексеріп, бағалау және олардың нәтижелерін талдай алады;

- ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдердің дәптерге
жазылу мәдениетін және компьютер үшін бағдарлама құра алады.

Жеткілікті деңгей: Өзінің кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны барынша қолдануға талпынуы тұрақты, инновациялық іс-әрекетке ұмтылысы ұдайы еркін көрінеді, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеуді, мультимедиялы технологияларды қолдана алады.

Жеткілікті деңгей - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігінің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына (модельдеу әдісіне, тақырыпқа, ақпараттық мәселелердің типтеріне, т.б.) көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады.

Болашақ мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың жеткілікті деңгейіне сәйкес келетін іскерліктер:

  • нақты ақпараттық оқу материалын оқыту мақсатын анықтай білу;

  • осы мақсаттың негізінде оны логикалық-дидактикалық түрғыдан
    талдау (өзекті материалды, тақырыптың негізгі идеясын анықтау,
    модельдерді
    типке бөле білу және т.б.);

- нақтылы материалды (тақырыпты, математикалық және ақпараттық модельдерді, т.с.с.) не үшін оқып-үйрену қажет екендігін негіздей білу;

  • оқу мақсатын айқын қою және оған сәйкес келетін іс-қимыл мен
    амалдарды іріктеп ала білу;

  • оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыра білу және оқу үдерісінде
    оны басқара білу;

  • ақпараттық-логикалық талдау негізінде тақырыптың күнтізбелік жоспарын жасай білу;

  • қарапайым мультимедиялық, электронды көрнекі құралдарды дайындай білуі;

  • оқушылардың жауаптарын талдап, оны әділ бағалай білу.

Жоғары деңгей: Болашақ кәсіби іс-әрекетінде, инновациялық іс-әрекетінде ақпараттық-компьютерлік технологияны, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді еркін қолдана алады, мультимедиялы технологияларды қолданып, бағдарламалық құралдарды жасай алады.

Жоғары деңгей - жоғары дамыған ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігі, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі оқу-әдістемелік құралдар мен ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді пайдалана білу іскерлігі тән болады.

Болашақ мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың жоғары деңгейі алдыңғы қалыптастырылған іскерліктердің барлық деңгейлерін де дамытады және арнайы пән бойынша кез-келген оқу материалын оқытуда жүзеге асырылады, яғни:

  • логикалық-дидактикалық тұрғыдан мектеп оқулығын талдау, сол
    сияқты белгілі бір ақпараттық идеялардың, бағыттардың сол оқулықта қалай жүзеге асырылғандығын талдай білу;

  • курсты, пәнді, нақты тақырыпты, оқыту мақсатын анықтау, сол
    мақсаттарға қол жеткізу жүйесін құра білу;

- оқытудың мақсаттары мен нақты жағдайларына байланысты
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге оқыту әдістемесінің бірнеше нұсқаларын жасай білу.

Осы келтірілген деңгейлерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде қалыптастыру үшін теориялық және практикалық даярлық жүйесі қажет. Ол арнайы мамандық пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі.

Білім, жалпы кәсіби, техникалық арнайы болып бөлініп, кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол жалпы мектептерде, гимназия, колледждерде, жоғары оқу орындарында беріледі. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, ісшаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.



Іс-әрекет - әрекеттен, операциядан, қимыл-қозғалыстан тұрады. Бұл үдерістің орындалып, игерілуі қажет. Игеру – қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іс-әрекетінің негізі болатын логикалық құралдарды қалыптастыру және оны дамыту — мамандық пәндерді оқытудың басты құралы.

Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет болады.

Білімгер қандай да бір ақпараттық модельдеу іс-әрекетін қаншалықты жүзеге асыра алатындығы мен соған сәйкес мұғалімнің оқыту іс-әрекеті қандай болу керек екендігін анықтау үшін білімгердің ойлау деңгейі мен біздің оны үйретуге тиісті ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іс-әрекетінің деңгейін анықтауымыз керек. Осы деңгейлерді салыстыру арқылы студенттің ойлау әрекетін қажетті ақпараттық деңгейге жеткізу үшін мүғалімнің қандай көмегі қажет болатындығын анықтауға болады, немесе деңгейлердің арасындағы алшақтық аса үлкен болса, оқытудың бүл кезеңінде қол жеткізілуге тиіс ақпараттық модельдеу іс-әрекеті деңгейін төмендетуге тура келеді.

Пәндерді оқыту теориясын құру үшін ең алдымен ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің моделін құру керек. Әдебиетте ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің негізгі үш жағын қамтитын әртүрлі моделі бар; 1) нақты жағдайды ақпараттық түрде сипаттау, немесе эмпирикалық материалды ақпараттандыру әрекеті; 2) оқу материалын логикалық ұйымдастыру; 3) ақпараттық модельдеу теориясын қолдану. Бұл модель шынайы ақпараттық модельдеу әрекетін бейнелейді.

Ақпараттық модельдеу іс-әрекетіне үйрету информатиканы және мамандық пәндерді белсенді оқыту. Сондықтан болашақ мұғалім оқушыны дайын материалды жаттатпай, ақпараттық модельдеу шындығын ашуға, ақпараттық материалды тәжірибе жолымен логикалық түрғыда ұйымдастыруы, сөйтіп теорияны әртүрлі нақтылы жағдайларда пайдалануға үйретуі тиіс. Болашақ мүғалім оқытудың әртүрлі кезеңіндегі ақпараттық моделдеу іс-әрекетінің тиімді өзара қатынасын анықтауды үйренуі тиіс. Ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің бірінші және үшінші кезеңі (жағдайды модельдеу және теорияны қолдану) екінші кезеңге (теорияны логикалық құру) қарағанда ғылыми зерттеуде де, әсіресе оқыту үдерісінде аса маңызды. Мұғалімнің ақпараттық модельдеуге оқыту әдісі осы үш кезеңнің бір түрінен екіншісіне ретін сақтай отырып жүйелі түрде көшуі керек.

Жоғары білім беру стандарттарында болашақ мұғалімнің іскерлігіне қойылатын жалпы талаптардың негізінде пән мұғалімінің білігіне арнайы талаптар қойылады.

Сондықтан біз білімді ақпараттандыру барысындағы болашақ мұғалімді кәсіби мамандыққа АКММ негізінде дайындаудың кешенді жолдарын ұсынамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, мұғалім мына дайындықтарды меңгерген болуы қажет:

- қоғамды ақпараттандыру үдерісінің мәнін, әлеуметтік алғы шарттары мен салдарын түсінетін;

- жеке тұлғаға ақпараттандыру үдерісінің әртүрлі аспектте әсер етуін талдай білетін;

- информатика ғылымының пән ретінде дамуындағы мәнін қарастыра алатын;

- білімдегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеудің орны және оны пайдаланатын орталар мен оның нәтижесін болжай алатын;

- ғылыми прогрестің дамуындағы информатика ғылымының қалыптасуын, алатын орнын түсінетін;

- мектеп бағдарламасындағы информатика пәнінің орны мен ролін және оның оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін түсінетін.



Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу мәселелері бойынша студенттердің қабілеттілігінің және біліктіліктерінің, білімдерінің мазмұны, оның құрылымдық мазмұнына және оның болашақ кәсіби – педагогикалық жұмыстарына тәуелді, өйткені шығармашылық әрекет үшін ақпараттық технология негізінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу мәселелері бойынша психологиялық- педагогикалық дайындық жүйесінде алынған методологиялық білімдер және білімді ақпараттандыру жөніндегі қабілеттілігі мен біліктілігі алынады.

Обьектілі – бағдарлы бағдарламалау (ОББ) – негізінде объект ұғымына жататын бағдарламаларды жасау әдістемесі жатады. Объект – бұл нақты өмірдегі объектке, оның қасиетіне сәйкес келетін кейбір құрылым. ОББ әдістемесін пайдаланып шешілетін есеп, объектілер терминдері мен оларға қолданылатын амалдар арқылы сипатталады, ал программа осы объектілер жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардан тұрады. Бұлар ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту технологиясын білдіреді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет