Химиялық байланыс (ХБ) – атомдардың молекулалар мен кристалдарға қосылуына себепші болатын өзара әрекеті.
Химиялық байланыс түзілуінің нәтижесінде атомның электрондық құрылысы неғұрлым энергетикалық тиімді және тұрақты болады.
Өзара әрекеттесетін атомдар арасындағы электрондық тығыздықтың орналасу сипатына байланысты, химиялық байланыс негізгі үш түрге бөлінеді: ковалентті, иондық, металдық және арнайы байланыстар – донорлы-акцепторлық және сутектік. Химиялық байланыстың табиғаты – электрлік.
Ковалентті полюссіз байланыс – электртерістік (ЭТ) мәндері бірдей бейметалл элементтері атомдарының арасында туындайды, сондықтан ΔЭТ=0. Химиялық байланыстың түзілу әдісі бойынша – байланысқан екі атомның жалпы электрондық жұбы ядромен салыстырғанда симметриялы орналасады. Мысалы: Н2, О2, N2, Сl2.
Ковалентті полюсті байланыс – электртерістік мәні әртүрлі екі бейметалл арасында туындайды (ΔЭО < 1,7 эВ). Химиялық байланыстың түзілу әдісі – жалпы электрон жұбы электртерістілігі жоғары атомға қарай ауысады. Мысалы: НСl, Н2О, Н2S, NН3.
Иондық байланыс – металдар мен бейметалдар арасында туындайды (ΔЭО > 1,7 эВ). Химиялық байланыстың түзілу әдісі – жалпы электрон жұбы іс жүзінде толығымен электртерістілігі неғұрлым басым атомға ауысады, сондықтан бұл атом бейтарап ионға, ал басқа атом – оң ионға айналады. Мысалы: NaCl, KBr (LiCl, BeCl2 қоспағанда).
Валенттілік байланыс теориясы бойынша – байланыстар сипатына қарай иондық және ковалентті полюсті болып бөлінеді. Олар тек жалпы электрондық жұптарының поляризациялану дәрежесімен өзгешеленеді. Электрондар электр-терістілігі неғұрлым басым атом жағына қарай толығымен ауыспайтындықтан, 100%-дық иондық химиялық байланыс болмайды.
|