Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Атомдық орбитальдардың гибридтелуі



бет31/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
дәріс

Атомдық орбитальдардың гибридтелуіатомның пішіндері мен энергияларының өзгеруі арқылы әр түрлі орбитальдардың (электрондық бұлттарының) өзара араласып, пішіндері және энергиялары бірдей орбитальдарға айналуы.
Атомдық орбиталь гибридтелуі электрон тығыздығының молекулада неғұрлым симметриялы орналасуына себепші болады. Атомдық s- және р-орбитальдары комбинациялануы (sp-гибридтелуі) барысында салыстырмалы түрде бір-бірімен 180° бұрышпен орналасқан (4.2-сурет) екі гибридтелген орбиталь туындайды. Бір s- және екі р-орбитальдарының араласуы (2гибридтелуі) бір-бірімен 120° бұрышпен (4.3-сурет) орналасқан үш гибридтелген орбитальдің түзілуіне әкеледі.
4.2-сурет. sp гибридтелуінің сызбасы.


4.3-сурет. sр2 –гибридтелуінің сызбасы:
а – (s+ р + р) – орбиталі; б – үш sр2 – орбиталі.


Бір s- және үш р- орбитальдарының өзара әрекеттесуінен түзілетін төрт гибридтелген орбитальдардың барлығы кеңістіктегі тетраэдрдың төрт бұрышына симметриялы бағытталған sр3 гибридтелуі нәтижесінде пайда болады, демек, 109°28' бұрыш жасап орналасады (4.4-сурет).


4.4-сурет. sр3 гибридтелуінің сызбасы:
а (s + p+ р + р) орбиталі; б төрт sр3 орбиталі.


Бір s және үш р орбитальдарының өзара әрекеттесуінен түзілетін төрт гибридтелген орбитальдардың барлығы кеңістіктегі тетраэдрдың төрт бұрышына симметриялы бағытталған sр3 гибридтелуі нәтижесінде пайда болады, демек, 109°28' бұрыш жасап орналасады (4.4-сурет).
Сондықтан, атом орбитальдарының әрекеттесетін саны және сипаттамасы гибридтелу типін және молекулалардың геометриялық формасын анықтайды. Жоғарыда көрсетілген sр-, sр2-, sр3- гибридтелуден басқа dsp2- (квадрат), sp3d- (бипирамида), d2sp3- немесе sp3d2- (октаэдр), sp3d4- (куб) гибридтелудің түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет