Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Химиялық байланыстың сипаттамалары



бет32/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
дәріс

4.4 Химиялық байланыстың сипаттамалары
Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары оның ұзындығы, энергиясы, валенттік бұрышы, полюстілігі және бағытталуы болып табылады.

  • Байланыс ұзындығы – атомдар ядроларының араларында байланыс орнағаннан кейінгі олардың ара қашықтығы.

  • Байланыс энергиясы – 1 моль затты құрайтын молекуладағы барлық байланысты үзуге жұмсалған энергия.

Мысалы: Eбайл.Н) = 436 кДж/моль, демек, 6,02×1023 НН байланысын үзу үшін 436 кДж энергия жұмсалады.
Байланыс ұзындығы мен энергиясы оның беріктігінің өлшемі болып табылады: энергиясы неғұрлым көп, ал ұзындығы қысқа болса, бұл байланыс берік болады.
Байланыстың энергиясы мен ұзындығы электрон бұлттарының қаптасу дәрежесіне және байланыс еселігіне (атомдар арасында түзілетін байланыстар саны) тәуелді: байланыс ұзындығы (d) қысқа, ал оның энергиясы (E) көп болған сайын, электрон бұлттарының қабысу дәрежесі және байланыс еселігі көп болады.
Мысалы: Eбайл.С) = 348 кДж/моль, dбайл.С) = 0,154 нм
Eбайл.(С = С) = 614 кДж/моль, dбайл. (С=С) = 0,133 нм
Eбайл.(С º С) = 839 кДж/моль, dбайл. (СºС) = 0,121 нм.
Атомдық орбитальдың қабысу түрі бойынша s, p және d байланыстарының түзілуін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет