Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Химиялық байланыстың және молекулалардың полюстілігі



бет35/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
дәріс

Химиялық байланыстың және молекулалардың полюстілігі
Молекулада электрон тығыздығының орналасу сипатына қарай оларды полюссіз және полюсті молекулалар деп бөледі.
Полюссіз молекулаларда оң және теріс зарядтардың ауырлық орталықтары сәйкес келеді, оларға симмериялық дәрежесі жоғары молекулалар (CH4, C6H6, CO2, BF3) жатады.
Полюсті молекулалардың бір бөлігі оң, келесісі теріс зарядқа ие, олар симметриялы емес, электрон тығыздығы біркелкі орналаспаған молекулалар (HF, H2O, NH3, C6H5OH).
Молекула полюстігі және байланыс полюстігі сандық түрде дипольдік момент (μ) шамасымен сипатталады:
μ = ℓ · q,
мұндағы диполь ұзындығы (оң және теріс зарядтардың ауырлық орталықтарының арақашықтығы), q= 1,6 · 10‾19 Кл, электронның бірлік заряды.
Диполь моментінің мәні жоғары болған сайын, молекула мен байланыс полюстілігі жоғары болады, сәйкесінше, молекуланың әрекеттесу қабілеті де артады. Екі атомды молекулалар (А2, АВ) үшін химиялық байланыс пен молекуланың полюстілігі өзара сәйкес келеді. Егер молекула үш атомды немесе одан да көп болса (А2В, АВ2, АВ3, АВ4…), онда кейбір жағдайларда молекуладағы химиялық байланыстың полюсті болғанына қарамастан, молекула толығымен полюссіз болуы мүмкін. Бұл молекуланың геометриялық құрылысына және молекуладағы химиялық байланыс ұзындығына байланысты.
Жалпы алғанда, химиялық байланыстың және молекуланың полюстілігінің электрлік дипольдік моменті векторлық шамалар. Векторлық шама электртерістілігі жоғары атом ядросынан электртерістілігі төмен атом ядросына қарай бағытталған.
Молекулалардың электрлік дипольдік моменті байланыстың дипольдік моменттерінің жалпы қосындысына тең. Векторларды паралелограмма ережесі бойынша қосады (параллелограмманың диагоналі). Қосылу нәтижесі молекула құрылысына байланысты. Мысалы, СО2 молекуласы (АО sp гибридтелуі нәтижесінде түзілген) симметриялық сызықтық құрылысқа ие. С=О байланысының полюстілігі күшті (μбайл. = 9×10‾30 Кл×м) болғандығына қарамастан, олардың дипольдік моменттерінің компенсациясына байланысты СО2 молекуласы жалпы алғанда полюссіз (μ = 0).
Осы себепке байланысты симметриялылығы жоғары тетрагональды СН4, CF4 және октаэдрлық CF6 молекулалары полюссіз. Су молекуласында НО (μбайл. = 5,26×10‾30 Кл×м) полюсті байланысы 104°30' бұрышпен орналасқан, сондықтан олардың электрлік диполь моменті өзара компенсацияланбайды және Н2О молекуласы полюсті (μ = 6,1×10‾30 Кл×м) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет