Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Жартылай реакция әдісі арқылы ТТР құрылу және теңестірілу тәртібі



бет65/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
дәріс

Жартылай реакция әдісі арқылы ТТР құрылу және теңестірілу тәртібі
1) Элементің тотығу дәрежесі (т.д.) өзгеретін бөлшектерін анықтай отырып, иондық-молекулалық түрде айналу теңдеулерінің сұлбасы жазылады:
NaN3+O2 + KMn7+O4 + H2SO4 ® NaN5+O3 + Mn2+SO4 + K2SO4 +H2O
NO2‾ ® NO3
MnO4 ® Mn2+
2) Әрбір жартылай реакцияның ионды-молекулалық теңдеулерін құрастырады және барлық элементтердің атомдарының санын теңестіреді:

  • алдымен өзінің тотығу дәрежесін өзгертетін элемент атомын теңестіреді;

  • «оттекті» – жартылай реакцияның оттек жетіспей тұрған жағына, су молекуласын қосу арқылы теңестіреді;

  • «сутекті» – жартылай реакцияның сутек жетіспей тұрған жағына, сутек иондарын қосу арқылы теңестіреді.

NO2‾ + H2O ® NO3 + 2H+
MnO4 + 8H+ ® Mn2+ + 4H2O
3) Электрондық баланс есебінен әрбір жартылай реакцияның электрондық-иондық теңдеулерін құрастырады және тотығу мен тотықсыздану реакцияларын анықтайды.

  • теңдеулердің оң және сол жағындағы заряд қосындысын бірдей күйінде қалдыра отырып, әрбір жартылай реакцияның берген және қосып алған электрондар санын анықтайды;

NO2 + H2O - 2ē ® NO3 + 2H+ (тотығу)
-1 +1
MnO4 + 8H+ + 5 ē ® Mn2+ + 4H2O (тотықсыздану)
+7 +2

  • алынған теңдеулерді электрондық баланс үшін ең кіші көбейткішке көбейтеді:

NO2 + H2O - 2ē ® NO3 + 2H+ 1 х 5
-1 +1 10
MnO4 + 8H+ + 5 ē ® Mn2+ + 4H2O х 2
+7 +2
4) ТТР толық ионды-молекулалық теңдеуін құрастырады:

  • алынған электронды-иондық теңдеулерді көбейткіш есебінен қосады:

5NO2‾ + 5H2O + 2MnO4 + 16H+ ® 5NO3 + 10H+ + 2Mn2+ + 8H2O



  • ұқсас мүшелерді қысқартады:

5NO2‾ + 2MnO4 + 6H+ ® 5NO3 + 2Mn2+ + 3H2O
5) ТТР ортасының сипатын анықтайды:

  • егер сутек иондары (H+) реагент болып табылса, онда ТТР қышқылдық ортада жүреді (H2SO4);




  • егер сутек иондары (H+) реакция өнімі болып табылса, онда ТТР сілтілік ортада (KOH, NaОН) немесе бейтарап ортада (H2O) жүреді; мұндай жағдайда теңдеудің екі жағына да сандық тұрғыда H+ ионына тең ОН иондарын қосады.

Сутек иондары (H+) реагент болып табылатындықтан берілген ТТР қышқылдық ортада жүреді.
6) Алынған ионды-молекулалық теңдеу бойынша молекулалық теңдеу құрастырады:

  • реакция сұлбасы бойынша алынған иондар қандай молекулалардан алынғандығын анықтайды: аниондарға катиондар қосады және керісінше;

  • қажеттілікке байланысты элементтің қалған атомдарын ТТР оң жағына жетіспейтін бөлшектерді қосу арқылы теңестіреді.

5NaNO2 + 2KMnO4 + 3H2SO4 ® 5NaNO3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 3H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет