Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет62/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
дәріс

Тотығу-тотықсыздану реакциялары






Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР)










тотығу
электрон беру үдерісі




тотықсыздану
электрон қосып алу үдерісі










Электрондық баланс
қосып алатын және беретін электрондар
саны бірдей болуға тиісті





ТТР-да бөлшектің ролі





тотықсыздан
дырғыш
элемент атомы
ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді


тотықтырғыш,
тотықсыздандырғыш
элемент атомы
аралық тотығу дәрежесін көрсетеді


тотықтырғыш элемент атомы ең жоғарғы тотығу дәрежесін көрсетеді




ТТР-ның жіктелуі



  • молекулааралық

  • молекула ішіндегі

  • диспропорциялану

  • конпропорциялану

ТТР-ға әсер ететін факторлар



  • реакцияның жүру ортаның сипаты

  • әрекеттесуші заттардың концентрациясы

  • ортаның температурасы

  • катализатордың табиғаты мен қатысуы


Жоспар



  1. ТТР туралы негізгі түсініктер

  2. ТТР теңдеуінің құрылуы және теңестірілуі

  3. ТТР жүруіне әсер етуші факторлар

  4. ТТР жіктелуі

  5. ТТР маңызы



11.1 ТТР туралы негізгі түсініктер

Тыныс алу жүйесін реттеуде, ас қорытылуда, жануарлар мен өсімдік ағзасының зат алмасуында тотығу-тотықсыздану реакциялары маңызды рөл атқарады.


Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп, элементтердің тотығу дәрежесінің өзгеруі арқылы жүретін үдерістерді айтады.

Атомның тотығу дәрежесі (т.д.) электрондардың қосылуы немесе берілуі нәтижесінде өзгеруі мүмкін, сондықтан тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондардың бір атомнан келесіге атомға ауысатын реакциялар сияқты анықтауға болады.


Электрондарды беруші бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар), тотықсыздандырғыштар деп, ал электрондарды беру үдерісі тотығу деп аталады.
Тотығу барысында элементтің тотығу дәрежесі артады.
Мысалы: Zn0 – 2ē ® Zn2+; 2Br‾ – 2ē ® Br20; Fe2+ – ē ® Fe3+


Электрондарды қосып алушы бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе иондар), тотықтырғыштар деп, ал электрондарды қосып алу үдерісі тотықсыздану деп аталады.
Тотықсыздану барысында элементтің тотығу дәрежесі кемиді.
Мысалы: Cu2+ + 2ē ® Cu0; Cl20 + 2ē ® 2Cl‾ ; Sn4+ + 2ē ® Sn2+

Тотығу-тотықсыздану реакцияда тотықсыздандырғыш тотығады, ал тотықтырғыш тотықсызданады. ТТР-да тотығу және тотықсыздану бір мезгілде жүреді. Сонымен қатар, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қабылдайтын және беретін электрондар саны бірдей болатын қатынаста өзара әрекеттеседі (электр зарядының сақталу заңы, электрондық баланс).


Тотығу-тотықсыздану реакцияларына барлық орын басу, кейбір қосылу және ыдырау реакциялары жатады. Алмасу реакциясы ТТР бола алмайды.
Мысалы:
* Ba + H2SO4 ® BaSO4¯ + H2­ – орын басу (ТТР)
* 2Na + H2 ® 2NaH – қосылу (ТТР)
* Na2O + H2O ® 2NaOH – қосылу (ТТР емес)
* 2NH3 ® N2 + 3H2 – ыдырау (ТТР)
* NH4OH ® NH3 + H2O – ыдырау (ТТР емес)
* BaCl2 + H2SO4 ® BaSO4¯ + 2HCl - алмасу (ТТР емес)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет