Тотығу-тотықсыздану реакцияға қатысатын заттардың рөлін анықтау Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш жай және күрделі заттар бола алады. Металдар бос күйінде тек қана тотықсыздандырғыштар, ал бейметалдар (фторды қоспағанда) – тотықтырғыш, сондай-ақ, тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады.
Күрделі қосылыстарда элемент атомы тотығу дәрежесінің (т.д.) мәні бойынша ТТР-ға қатысатын заттың рөлін анықтауға болады.
элементтің ең төменгі (минимал) тотығу дәрежесінде зат тек тотықсыздандырғыш бола алады;
элементтің ең жоғарғы (максимал) тотығу дәрежесінде зат тек тотықтырғыш бола алады;