Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет60/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

6. Қорытынды сұрақтары:
1. Бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларын атау
2. Бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларының этиологиясы


Кредит № 3
Дәріс №4
1. Тақырыбы: Эндокринді жүйе ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың негізгі ұстанымдары
2. Мақсаты: Студенттерді эндокринді жүйе ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың негізгі ұстанымдарымен таныстыру
3. Дәріс тезистері
Эндокринді жүйе ауруларына қант диабеті, уытты диффузды жемсау (Грейвс-Базедов ауруы), гипотиреоз (микседема), гипопаратиреоз (тетания), акромегалия, гипофизарлы нанизм (ергежейлік), семіздік, бүйрекусті жетіспеушілік жатады.
Гормондар - әртүрлi ұлпалармен және эндокрин бездерiмен шығарылатын, биологиялық активтi заттар. Химиялық құрылысына байланысты гормонды препараттар келесi топтарға бөлiнедi:
1. Белок және пептидтi құрылымды заттар – гипоталамус, гипофиз, парақалқанша және ұйқы безiнiң гормонды препараттары, кальцитонин.
2. Аминоқышқылдардың туындылары - қалқанша безiнiң гормонды препараттар.
3. Стероидты қосылыстар – жыныс бездерiнiң және бүйрек үстi қыртысының гормонды препараттары.
Эндокрин бездерiнiң гиперфункциясында гормондардың антагонистерiн қолданылады.
Гипоталамус және гипофиз гормондарының препараттары
Гипофиз 3 бөлiктен тұрады. Алдыңғы бөлiкте: 1) Адренокортикотропты 2) Соматотропты 3) Тиреотропты 4) Лактотропты 5) Фоликулостимулдаушi 6) Лютеинизирлеушi гормондар бөлiнедi
Артқы бөлiкте: 1) Окситоцин 2) Вазопрессин гормондары бөлiнедi
Гипофиздiң артқы бөлiгiнiң гормондары
Окситоцин – негiзгi эффектiсi миометрииге қуаттандырғыш әсерiмен байланысты. Қолданылуы: босануды қуаттандыру, туудан кейiнгi қан кетулер және лактацияны қуаттандыру үшiн. ӘБ дозаланадаы. Күре тамырға және бұлшық енгізеді. Дезаминоокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогы, оның ерекшелiктерi: ферментерге тұрақты, әсерi ұзақ. Трансбуккальды енгiзедi (ұртқа).
Бір-бірімен әсерлесу. Окситоцинді бета-адреномиметиктермен, магний сульфатымен немесе ингаляциялық анестетиктермен қиыстыруға болмайды, себебі гормонның әсерлері жойылады.
Антидиуретикалық гормон - вазопрессин екi қасиетке ие: 1) нефронның дистальды бөлiгiнде судың реабсорбциясын реттейдi 2) бiрiңғай салалы бұлшық еттерге қуаттандырғыш әсер көрсетедi. Судың әсерi- 30 мин-2 сағат болады. Қолданылуы: қантсыз диабет, терi астына, бұлшық етке енгiзедi. ӘБ – дозалайды.
Жанама әсерi- АҚ жоғарылайды.
Гипоталамус және гипофиз гормон препараттарының қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігінің бағалау критериилері: 1) лабораторлы: қандағы гормон деңгейін анықтау, несептің жалпы анализі, қанның клиникалық анализі, глюкоза, холестерин, электролиттер деңгейін анықтау 2) параклиникалық: сауыттың рентгенограммасы, сауытішілік қысымды өлшеу, көзішілік қысымды өлшеу 3) клиникалық:эндокринді бездер гиперфункциясы немесе жетіспеушілігінің өзіне тән суретін анықтау

Қалқанша безiнiң гормондық препараттар және


антитиреоидты құралдар. Кальцитонин
Қалқанша безiнiң гормонды препараттар
Қалқанша безiнде L-тироксин және L-трийодтиронин гормондары түзiледi. Олардың синтезiнде тамақпен түсетiн йод қатысады.
Тиреоидты гормондар ағзаның өсуiн және дамуын реттеуiне қатысады. Олар бас ми, сүйектердiң және басқа мүшелер мен жүйелердiң дамуына әсер етедi. Жас кезiнде олардың жетiспеушiлiгi кретинизмнiң дамуына әкеледi. Ересектерде қалқанша безiнiң жетiспеушiлiгi алмасу процестердiң тежелiнуiмен, физикалық және ой қабiлетiнiң азаюымен, апатиямен, ұлпалардың iсiнуiмен, жүрек жұмысының бұзылуымен сипатталынады. Бұл патология “Микседема” деп аталынады. Медицина практикасында: тироксин (левотироксин). Трийодтиронин гидрохлориді (лиотиронин), тиреоидин препараттары қолданылады.
Тироксин- iшке, сирек күре тамырға енгiзедi. Әсерi бiртiндеп 8-10 күннен кейiн максимальды болады. Әсер ұзақтығы бiрнеше апта.
Трийодтиронин гидрохлориді тироксинге қарағанда әсерi тезiрек басталынады (максимальды эффектiсi 24-48 сағаттан кейiн) және бiрнеше күнге дейiн сақталынады. Iшке енгiзедi. Тиреоидты гормонды препараттардың негiзгi қолдану көрсеткiштерi - гипотиреоидизм – кретинизм және микседема. Дозасы артып кеткен жағдайда: қозғыштық, терлеу, тахикардия, тремор, салмақтың азаюы.
Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі. Құрамында йоды бар гормонды препараттардың биотрансформациясы микросомальды тотығудың индукторларымен (фенобарбитал, дифенин, карбамазепин, зиксорин, рифампицин) бірге белгілегенде жоғарылайды. Тиреоидты гормонды препараттарды диабетогенді дәрілермен қосқанда диабеттің даму қаупі жоғарылайды.
Антитиреоидты құралдар
Қалқанша безiнiң гиперфункциясында (гипертиреоидизм, базедов ауруы) қолданылады.
Жiктелуi
Гипофиздегi алдынғы бөлiгiнен тиреотропты гормонның шығуын тежейтiн құралдар
Йод препараттары (Калий йодиды, Люголь ерiтiндiсi), дийодтирозин (дитирин)
Қалқанша безiмен тиреоидты гормондардың синтезiн тежейтiн құралдар
Мерказолил (тиамазол), йодты молекулярлы йод немесе йодидтер түрлерiнде қолданады. Ол IҚТ жақсы сiңiрiледi. Гипофиздегi тиреотропты гормоннның шығуын тежейдi. Қалқанша безiнiң көлемiн азайтады. Эффектiсi 2-3 апта сақталынады. Аналогы – дийодтирозин препараты.
Мерказолил қалқанша безiндегi тироксин және трийодтирониннiң синтезiне басым келтiредi. Iшке енгiзедi.
Жанама әсерi- лейкопения және агранулоцитоз, диспепсия. Антитиреоидты препараттарды тиреотоксикозды (базедов ауруын) емдеу үшiн қолданылады.
Кальцитонин
Кальцитонин қалқанша безiнiң бiр қатар клеткаларында жасалынады. Ол кальцийдың алмасуының реттеуiне қатысады. Негiзгi эффектiсi сүйектердiң декальцификация процесстерiн тежеу. Кальцитрин препараты қолданады.
Қолданылуы: остеопороз (қарт адамдарда, глюкокортикоидтарды ұзақ қолданғанда) және нефрокальциноз.
Ұйқы безiнiң гормонды препараттары және синтетикалық диабетке қарсы құралдар
Ұйқы безiнiң гормондары көмiрсутек алмасуында үлкен роль қызмет атқарады. Лангерганс аралының β-клеткаларында гипогликемиялық әсерi бар инсулин гормоны, ал -клеткаларымен гипергликемияны шақыртатын глюкагон гормоны пайда болады.


Жiктелуi

  1. Инсулин препараттары:

  1. Қысқа әсерлі

Нейтральды еритiн инсулин

  1. Орташа әсерлi

Изофан протамин инсулин
Инсулин – аминохинурид
Аморфты инсулин – цинк суспензиясы
Құрамды инсулин – цинк суспензиясы

  1. Ұзақ әсерлi

  1. Синтетикалық диабетке қарсы құралдар

сульфонилмочевина туындылары
1 буын
Бутамид (толбутамид)
Букарбан (карбутамид)
Хлорпропамид (диабарил)
2 буын
Глибенкламид (гилемал, глюкобене)
Глипизид (глибенез)
Гликвидон (глюренорм)
Гликлазид (диабетон)
Бигуанидтер
Глибутид (буформин)
Глиформин (метформин)


Iшке енгiзгенде эффективтi гипогликемиялық құралдар
Бутамид. ӘЕМ- ұйқы безiнiң β-клеткаларына қуаттандырушы әсер көрсетiп, олардан инсулиннiң босап шығуын күшейтедi. IҚТ жақсы сiңiрiледi. Максимальды концентрациясы 3-4 сағаттан кейiн жиналады. Әсерi 12 сағатқа дейiн сақталынады. Бүйрекпен шығарылады.
Жанама әсерi - диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар, сирек-лейкопения, тромбоцитопения, бауыр функциясының тежелiнуi, үйренгiштiк пайда болуы мүмкiн.
Хлорпропамид бутамидке қарағанда активтiлгi жоғары және ұзақ әсерi бар. Концентрацияның 30 азайюы 32-35 сағатта болады. Бүйрекпен өзгермеген түрде шығарылады.
Жанама әсерi - бутамидке қарағанда айқын және жиi көрiнедi.
Қолданылуы: қантты диабетiнiң жеңiл және орташа ауырлық дәрежелерiнде (40-45 жастан жоғары науқастарда).
Глибутид. ӘЕМ- глюкозаның бұлшық еттерiмен сiңiрiлуiн шақыртады. Бұлшық еттерде сүт қышқылы жиналады. Бауырдағы гликонеогенездi тежейдi. IҚТ арқылы жақсы сiңiрiледi. Максимальды эффектiсi 4-6 сағаттан кейiн көрiнiп, 14 сағатқа дейiн сақталынады.
Жанама әсерi - жүрек айну, құсу, iш өту, ацидоз. Гипогликемиялық құралдар қандағы және несептегi қант мөлшерiне байланысты дозаланады.
Бір-бірімен әсерлесу. Инсулин препараттарын бір-бірімен, сульфонилмочевина туындыларымен, бигуанидтермен және акарбозамен қиыстыруға болады.
Инсулин, синтетикалық антидиабетті препараттарының қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігінің бағалау критериилері: 1) лабораторлы: қандағы және несептегі глюкоза деңгейін анықтау 2) электрокардиограмма 3) клиникалық: науқас жағдайының динамикасын, ауыздың құрғақтығымен полиурияны, препаратқа жағымсыз әсерлерін ескереді.
Әйел жыныс бездерiнiң гормондық препараттары

Эстрогенды және антиэстрогенды препараттар


Эстроген препараттары және олардың стероидты аналогтары
Этинилэстрадиол (микрофоллин)
Эстриол (овестин)
Эстрадиол
Эстрон (фолликулин)
Эстрогенды активтiлiгi бар стероидты емес препараттар
Синэстрол (гексэстрол)
Фосфэстрол
Антиэстрогенды препараттар
Кломифенцитрат (клостильбегит, кломид, перготаим)
Тамоксифен
Гестагенды және антигестагенды препараттар
Жай әсерлi препараттар
Норэтистерон (примолют)
Прогестерон, гидроксипрогестерон (оксипрогестерон)
Линестренол (оргаметрил)
Ұзақ әсерлi препараттар
Медроксипрогестерон ацетаты (депо – провера)
Прогестерон - эндометрийге әсер етiп, жұмыртқа жасушасының имплатациясына дайындайды. Ол миометрий қозғыштығын азайтады, сүт безiнiң ұлпаларының өсуiн шақыртады. Күнделікті бұлшық етке белгiлейдi.
Оксипрогестерон капронаты әсерi баяу басталып, 7-14 күн әсер етедi. Бұлшық етке майлы ерiтiндi түрде енгiзедi. Гестагендердi түсiктi алдын алу үшiн, сары дененiң функциясының жетiмсiздiгiнде және менструация бұзылуында қолданады. Антигестагендi құралдарға RИ-486 препарат жатады. Ол жатырдағы гестагендi рецепторларын байланыстырып гестагендердiң әсерлерiн азайтады.
Қолданылуы: аборт және менструальды циклдың қалпына келтiру.
Андрогендермен гестагендердің қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері: 1) лабораторлы: қандағы тестостерон, эстрадиол, прогестерон деңгейін, сонымен бірге несептегі пргнандиолды анықтау, қанмен несептің клиникалық анализі, қан ұю уақытын анықтау 2) параклиникалық: кіші таз мүшелерінің УДЗ, кольпоскопия, маммография, эндометриямен жатырдың биопсиясы, ЭКГ 3) клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Еркек жыныс бездерiнiң гормонды препараттары және
антиандрогендi құралдар
Тестостерон гормоны әсерiнен жыныс мүшелерiнiң және екiншiлiк жыныс қасиеттерiнiң дамуы, сперматогенездiң басқарылуы байқалынады. Тестостерон белок алмасуға да әсер етiп, белок синтезiн шақыртады (анаболикалық әсерi). Медицина практикасында тестостеронның эфирлерi қолданылады: тестостерон пропионаты (аговирин, андрофорт) және тестэнат (тестостерон энантаты) - синтетикалық жолымен алынады. Екi препаратта да айқын андрогендi және анаболикалық активтiлiктер көрсетедi. Тестэнаттың тестостеронға қарағанда эффектiсi баяу басталып, ұзақ уақыт сақталынады. Тестостеронды 2 күнде 1 рет, ал тестэнатты 3-4 аптада 1 рет енгiзедi. Екеуi де бұлшық етке енгiзу үшiн майлы ерiтiндi түрiнде шығарылады.
Метилтестостерон (андрорал, маднол). Химиялық құрылысы және биологиялық әсерiне байланысты тестосторонға ұқсас. Оның iшке қабылданатындығы артықшылығы болып саналады. Тiл астына енгiзедi.
Жалпы андрогендердiң қолданылуы: еркек жыныс бездерiнiң функцияларының жетiмсiздiгi (жыныстың толық дамымауы, импотенция, климакс), әйелдерде сүт безiнiң қатерлi iсiгiнде, дисменоря кездерiнде.
Жанама әсерi - әйелдерде – маскулинизация эффектi – дауыстың жуан болуы, еркектердегідей шаштың өсуi, ағзада судың және тұздардың жиналуы.
Антиандрогендi құралдар: ципротерон - тестостеронға сезiмтал рецепторларды байланыстырып, сперматогенезды тежейдi. ОЖЖ-дегi андрогендi рецепторларды тежеп, импотенцияны шақыртады.
Қолданылуы: еркектерде-гиперсексуальдылықта, әйелдерде-гирсутизмде. Флутамид. Қолданылуы - қуық асты безiнiң iсігі.
Анаболикалық стероидтар
Белок синтезiн күшейтiп, қанқа бұлшық еттерiнiң, паренхиматозды мүшелердiң, сүйек ұлпаларының салмағын жоғарылатады.
Фенаболин (нандролон фенилпопионаты, дураболин, нероболил). Ретаболил (нандролон деканоаты). Фенаболил 7-15 күн бойы әсер етедi. Ретаболил 3 аптаға дейiн әсер көрсетедi. Бұлшық етке майлы ерiтiндi түрiнде енгiзiледi. Метандростенолон (неробол, дианабол) әсерi ұзақ емес күнiне 1-2 рет таблетка түрiнде енгiзедi.
Қолданылуы: тәбеттi жақсартады, остеопороз кезiнде сүйектердiң кальцификациясы тезделiнедi. Кахексияда, астенияда, глюкокортикоидтарды ұзақ қолданғанда, сәуле терапиясынан кейiн, регенерация процесстердi қуаттандыру үшiн (мысалы, сүйек сынған кезде). Жанама әсерi маскулинизация, жүрек айнуы, iсiнулер, бауыр функциясының бұзылуы.
Қолдануға қарсы көрсеткіші-жүктiлiк және лактация кездерiнде, қуық асты безiнiң ісігі, бауыр ауруларында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет