Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет62/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

6. Қорытынды сұрақтары:
1. «гормондар» түсініктемесіне анықтама.
2. «менопауза» түсініктемесіне анықтама.
3. «антиандрогенді дәрі» түсініктемесіне анықтама.


Кредит № 3
Дәріс №5
1. Тақырыбы: Анемияның фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың негізгі ұстанымдары
2. Мақсаты: Студенттерді анемияның фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың негізгі ұстанымдарымен таныстыру
3. Дәріс тезистері
Адам өмiрiнде, әсiресе сырқат кезiнде қанның құрамындағы заттардың саны мен сапасының өзгеруiнiң зор мағынасы бар. Қанның сұйық күйi ұю және фибринолиз процестерiндегi тепе-теңдiктiң интегральды нәтижесi болып табылады. Қан құрамының сандық өзгерiстерi патология түрiне байланысты. Қан ингридиенттерiнiң сандық және сапалық жағдайларына әсер ететiн дәрiлер клиникалық практикада кеңiнен қоланады.
Анемия (қаназдық) – қандағы гемоглобиннің жалпы көлемінің азаюын айтамыз. Анемия екіншілік болып табылады, яғни жалпы аурудың белгілі бір симптомдары болып табылады. Анемияның түрлері: жедел постгеморагиялық анемия, мегалобласты анемия, пернициозды анемия
Қан жасалуын реттеп отыратын препараттардың жiктелуi
Эритропоэзге әсер ететiн құралдар
1. Эритропоэзды қуаттандыратын құралдар
а) гипохромды анемияларда қолданылатын құралдар
Темiр препараттары – темiр тотығының сульфаты (Сорбифер Дурулес), темiр лактаты препараттары (темiр тотығының лактаты, гемостимулин), темiр хлоридiнiң препараттары (феррамид), кобальт препараттары – коамид
б) гиперхромды анемияларда қолданылатын құралдар
Цианокобаламин (Витамин В12), фоль қышқылы
2. Эритропоэзды тежейтiн құралдар
Фосфор Р32 мен белгiленген натрий фосфатының ерiтiндiсi
Темiр ағзада 2-5 г мөлшерiнде болады. Оның негiзгi бөлiгi гемоглобин құрамына кiредi, басқа бөлiгi ұлпалы депода (сүйек миында, бауырда, көк бауырда) орналасады. IҚТ-нда темiр тек қана иондалған, көбiнесе екi валенттi ион түрiнде сiңiрiледi, сол себептен хлорсутек және аскорбин қышқылдарының болуын асқорыту трактiсiнен темiрдiң сiңiрiлуi жақсартады. Темiрдiң сiңiрiлуi активтi транспорт және диффузия механизмдерiмен аш iшекте өтедi. Темiрдiң шығарылу жолдары: ас қорыту трактысымен, бүйрекпен және терi бездерiмен.
Темiр препараттарын темiрдифицидтi гипохромды анемияларда қолданылады (мысалы: созылмы қан кетулерде, темiрдiң сiңiрiлуiнiң бұзылуында, жүктiлiк кезiнде). Iшке темiр тотығының сульфаты, темiр лактатын белгiлейдi. Бұл препараттарды капсула, драже түрiнде беру себебi, олардың ауз қуысындағы күкiрт сутегiмен байланыстығын азайту үшiн, өйткенi бiрiншiден пайда болған темiр сульфидi тiстiң қара түске бояуына әкеледi, екiншiден күкiрт сутегi физиологиялық iшек моторикасының қуаттандырушысы болғандықтан, темiр препараттары оны байланыстырып, iш қатуын шақыртады. Егер темiрдiң ас қорыту трактысынен сiңiрiлуi бұзылған болса, онда парентеральды жолмен енгiзiлетiн препараттарды ферковен, ферум лек тағайындайды. Гипохромды анемияларда кобальт препаратын, коамидтi қолданылады. Кобальт эритропоэзды қуаттандырып, темiрдiң сiңiрiлуiн және гемоглобин түзiлуiн шақыртады. Терi астына белгiлейдi. Гиперхромды анемияларда цианокобаламин және фоль қышқылын қолданылады.
Цианокобаламин (Вит. В12) қатерлi (пернициозды) анемияда белгiлейдi. Цианокобаламин дифицитiнде эритропоэз мегалобластикалық жолмен өтедi: эритробласт  гиперхромды мегалобласт  мегалоцит.
Пернициозды анемияның пайда болуы цианокобаламиннiң сiңiрiлуiнiң бұзылыстарына байланысты, өйткенi науқастарда асқазанның кiлегейлi қабығында пайда болатын және цианокобаламиннiң сiңiрiлуiн шақыртатын Касло факторының жоқтығы байқалынады.
Цианокобаламин қатерлi қан аздығында қанның көрiнiсiн қалпына әкелiп, неврологиялық бұзылыстарды және тiлдiң шырышты қабығының зақымдануларды жояды.
Фоль қышқылын макроцитарлы анемияда белгiлейдi. Ағзада фоль қышқылы физиологиялық активтiлiгi бар фолиний қышқылына айналады.
Фоль қышқылын алиментарлы және медикаментозды макроцитарлы анемияларда, жүктiлiк кезiндегi анемияда және спру кезiнде қолданылады (созылмалы ауру, ол iш өтуімен, глоситпен, анемиямен, эндокрин бездерiнiң гипофункциясымен сипатталынады).
Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі: темір препараттарын бір уақытта ішке және шаншу түрінде белгілеуге болмайды. Ішке бір уақытта темір препараттарымен бірге ішекпен сіңірілмейтін комплекстерді түзетін препараттармен беруге болмайды. Темір препараттарын С, В6, В2, Е, Вс, В12 витаминдерімен, күміс препараттарымен қиыстырған үнемді, себебі солардың жетіспеушілігі темірдефицитті жағдайлардың себебі болуы мүмкін.
Темір препараттарының қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:

  1. Лабораторлы: түсті көрсеткішті, қан сарысуындағы ферритиннің деңгейін, гемоглобин құрамын, эритроциттер мөлшерін, трансферин деңгейін анықтау

  2. Клиникалық критериилер: терінің сұрлығы, шырышты қабықпен терінің құрғақтығы, глоссит, стоматит, тырнақтың сыңғыштығы, шаштың түсуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет