Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет58/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

3. Дәріс тезистері
Пиелит – бүйрек табақшасының (лоханка) қабынуы. Жоғары несеп жолдарының шырышты қабығының жедел қабынуы – бүйрек паренхимасының қабынумен зақымдануымен жүреді.
Пиолонефрит – бүйрек паренхимасын зақымдайтын спецификалық емес бүйректің инфекциялық ауруы.
Симптомдарымен ағымдары. Ауру жедел басталады, жоғары температура, терлегіштік, бел аймағындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік, шөлдеу сезімі, дизурия байқалады. Нейтрофильді лейкоцитоз, анэозинофилиф, әлсіз протеинуриямен гематуриясы бар пиурия байқалады.
Емдеу принциптері. Жедел мерзімде тәулігіне 2-2,5л дейін сұйықтық ішуді белгілейді. Емдеу курсы 7 куннен аз емес налидикс қышқылымен (0,5-1г тәулігіне 4 рет), нитрофуран туындысымен (фурадонин 0,15 тәулігіне 3-4 рет, емдеу курсы 5-8 тәулік), нитроксолинмен (0,1-0,2г тәулігіне 4 рет 2-3 апта бойы) антибактериалды терапия жүргізіледі. Бұл препараттардың қолдануы ретімен болуы керек. Бір уақытта налидикс қышқылымен нитрофуран туындыларын белгілеуге болмайды, себебі бұл кезде антибактериалды эффект әлсірейді. Антибиотиктермен сульфаниламидтерді бірге емдеу тиімді. Антибиотиктерді микрофлораға сезімтал болуына байланысты таңдайды. Пенициллин тобының препараттарын, тетрациклиндерді, макролидтерді, аминогликозидтерді, цефалоспориндерді қолданады.
Созылмалы пиелонефрит емделмеген жедел нефриттің нәтижесі болып табылады.
Симптомдарымен ағымы. Бір жақты созылмалы пиелонефрит зақымдалған бүйрек жағының бел аймағындағы үнемі ауырсынумен ерекшеленеді. Дизуриялық әсерлер көптеген науқастарда жоқ. Диагностика үшін несептегі белсенді лейкоциттердің болуы маңызды орын алады. Көптеген науқастарда аурудың симтомдарының бірі бактериурия болып табылады.
Емдеу принциптері.Созылмалы пиелонефритті емдеу ұзақ уақыт жүргізіледі, емдеуді ауыстыра отырып, нитрофурандарды (фурадонин), налидикс қышқылын (неграм, невиграмон), 5-НОК, сульфаниламидтерді белгілеуден бастау керек.
Гломерулонефрит. Шумақ тамырларының зақымдалуымен жүретін иммуноаллергиялық ауру: қайталанатын ремиссиямен жүретін жедел немесе созылмалы процесс түрінде жүреді.
Симптомдарымен ағымдары. Жедел гломерулонефрит үш негізгі симтомдармен ерекшеленеді – ісінумен, гипертониялықпен және несеппен. Несепте негізінен ақзаттармен эритроциттер табылады. Гематурия – жедел гломерулонефриттің үнемі пайда болатын белгісі. Олигурия – жедел нефриттің симптомдарының бірі болып табылады.
Емдеу принциптері. Тыныштықпен диета белгіленеді. Антибактериалды терапияны инфекциясы бар гломерулонефритте белгілейді. Преднизолон, триамцинолон, дексаметазон секілді стероидты гормондарды белгілеу тиімді. Кортикостероидты терапияға қарсы көрсеткіші немесе оның тиімсіздігі болса, онда гормонды емес иммунодепрессанттар: азатиоприн, 6- меркаптопурин, циклофосфан белгіленеді.
Несеп айдаушы құралдар көбiнесе ағзадан көп мөлшерлi судың шығаруына және әртүрлi жағдайлардан пайда болған iсiнулердi жою үшiн, АҚ төмендету үшiн арналады. Кейбiр препараттарды уланғанда химиялық заттарды ағзадан тез шығару үшiн қолданылады.
Цистит – қуықтың қабынуы. Кез-келген жаста, әсіресе үлкен әйелдерде байқалады.
Симптомдарымен ағымы. Цистит симтомы дискомфортпен, кіші дәретке отырғанда уретра аймағындағы қышынуымен және ашытуымен байқалады.
Емдеу принциптері. Жедел циститі бар науқасқа тыныштық керек. Емдеудің негізі антибактериалды препараттар болып табылады. Кең спектрлі және жоғары тиімділікке ие бактрим болып табылады., оны цистит кезінде 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет белгілейді. Циститті емдеу үшін невиграмон 0,5 г. тәулігіне 4 рет, урадонин 0,1 г. тәулігіне 4 рет белгіленеді. Емдеу 5-10 тәулік жүргізіледі. Егер ауру ұзақ жүрсе, онда бактериурия байқалады, мұндай жағдайда ампициллин 500 мг тәулігіне 4 рет қолданады.
Алдын-алу шаралары: жеке гигиена ережелерін сақтау, іш қатпаларын, гинекологиялық ауруларды емдеу, уақытысында ем жүргізсе, болжам оң болып келеді.
Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет