Д витаминінің биологиялық мәні. 1,25 дегидроксикальциферолдардың (кальцитриолдардың) негізгі қызметі – фосфор – кальций алмасуын реттеу,оның ішінде клеткалық мембраналар арқылы кальций мен фосфаттардың тасымалдануы және сонымен қатар клеткаларда, қанда олардың деңгейін бақылау. Қалыпты жағдайда қанда кальцийдің мөлшері 2,3 – 2,75 ммоль/л, фосфаттар – 1 – 2ммоль/л шамасында болады. Қанда кальций мен фосфаттардың деңгейін реттеу принциптері мынадай:
Бүйректе және жіңішке ішекте 1,25 – үшгидроксикальциферолдар кальций – байланыстырушы белоктар мен Са – АТФ – азаның синтезін индукциялайды. Жіңішке ішікте Са++ мен фосфаттардың сіңірілуі және алғашқы зәрден қанға реабсорбциясы арнайы кальцийбайланыстырушы белоктың қатысуымен өтетін жеңілдетілген диффузия жолымен және Са++ - АТФ – азаның көмегімен белсенді тасымалдау есебінен жүреді.
Сүйек тканьдерінде кальциферодар фосфорлы қышқылды кальций тұздарының жинақталу процесін қадағалайды. Бұл процеске 25 – гидроксикальциферол мен 1,25 – дигидроксикальциферол қатысады: қанда кальций мен фосфаттың деңгейі төмендеген кезде 1,25 – дигидроксикальциферолдың әсерінен остеоциттердің сыртқы мембраналарыныңСа – белсенді АТФ – азасының белсендірілу жолымен сүйек тканьдерінің декальцинациясы және ерігіш кальций тұздарының түзілуі ынталандырылады да, сүйек тканінен фосфаттар мен кальцийдің қанға бөлінуі жүреді. Бұл жағынан алғанда кальцитриолдар мен паратгормон синергистер болып табылады. Қанда кальций мен фосфаттардың қалыпты кезінде кальциферолдың 1 – гидроксилазасы тежеледі. Соның салдарынан 1,25 – дигидроксикальциферолдың түзілуі тоқтайды да, 25 – гидроксикальциферолдар жинақталады, олар субстратты фосфорильдену реакциясында АТФ – тың синтезі процесін белсендіру жолымен сүйек тканьдерінде гидроксиапатиттердің түзілу механизмін энергиямен қамтамасыз етеді, басқаша айтқанда кальцификацияны – кальций мен фосфаттың жинақталуын ынталандырады.
Балаларда Д витамині жетіспеген жағдайда Д гиповитаминозы – рахит дамиды. Бұл аурудың негізгі белшісі – сәйкес симптомдар арқылыкөрінетін сүйек тканьінің кальцификация процестерніңт зақымдалуы болып табылады. Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік – бұлшық еттік қозудың зақымдалуы орын алады.
Кейбір жағдайларда, тіпті ағзаға Д витамині қалыпты түсіп отырғанда да рахит ауруының белгілері орын алады. Бұл жағдай – Д витаминіне резистентті рахит – паратгормонныңөндірілуінің зақымдалуымен немесе бүйрек пен бауырдың қызметі зақымдалуымен байланысты.
Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интоксикация дамуы мүмкін,ол нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы (кальцидилдердің әсері ), краниостеноз белгілерінің дамуы, ал ересектерде – сүйек тканінің деминерализациясы белгілерімен және сынғыштығымен (кальцитриолдар әсері) және қанда кальций мен фосфаттардың деңгейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде кальцинаттардың түзілуімен (өкпе, бүйрек, тамыр және т.б) сипатталады.