Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті



бет32/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ

Газдар. Сүтте орташа 7,15% газ болады, оның ішінде: көміртегі диоксиді 4,59 көл.%, азот 1,96 көл.%, оттегі 0,55 көл.%. Сүттегі газ мөлшері мал азығы түріне, технологиялық ұқсату ұзақтығына байланысты. Сүттің технологиялық ұқсату нысаны ретінде қасиеттері оның құрамына ғана емес, көбінесе оның биологиялық және химиялық көрсеткіштеріне: бактерицидтік активтігіне (белсенділігіне) және қышқылдылығына тәуелді.
Бактерицидтік активтілігі. Сүттің микроағзалар дамуын басу қасиеті, ол мал ағзасы шығаратын және сүт бездеріне қан арқылы түсетін иммундық денелердің әсері. Сүттің бактерицидтік активтігін сақтау уақытын бактерицидтік фаза ұзақтығы деп атайды. Соңғы көрсеткіш сүттің сақтау температурасы мен тазалығына тәуелді. Бактерицидтік фазаның ұзақтығы сүт температурасы жоғарыласа азаяды, оның құрамындағы бактериялар саны азайса және температурасы төмендесе – ұзарады. Салқындатылмаған сүт өзінің бактерицидтік активтігін сауып алған соң 2-3 сағатта жоғалтады. Сүтті 65оС-қа қыздырғанда бактерицидтік заттардың 95%-ы, ал 80оС-тан жоғарылағанда 100%-ға ыдырайды. Сауып алған сүтті салқындату бактерцидтік заттардың және сүттің қышқылдығының өсуін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет