Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)



бет8/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?
3.дәріс
4 дәріс. ГАЖ АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ


4.1 Мәліметтерді енгізу тәсілдері

Қолданылатын техникалық құралдарға сәйкес мәліметтерді енгізудің екі тәсілін қарастырады: дигитализация және векторизация. Кеңістіктік мәліметтерді қолмен енгізу үшін дигитайзер қолданылады. Ол электрондық ұяшығы бар планшеттен (үстелше) тұрады, оған курсор деп аталатын құрал қосылған. Курсор графикалық манипулятор – тышқан түрінде болып келеді, мұнда мөлдір пластинкаға салынған визир болады, оның көмегімен оператор картаның жекелеген элементтеріне нақты дәлдеуге болады. Курсорға түймелер орналастырылған, олар аумақ сызықтарының немесе шекараларының басталуын және аяқталуын белгілеуге мүмкіндік береді, түймелердің саны дигитайзер күрделілігінің деңгейіне байланысты болады. Дигитайзер әртүрлі форматта болады және 1,5 м қашықтықта 0,08 мм жалпы дәлдікпен 0,03 мм шешілімді қамтамасыз етеді. Сызықтарды автоматтық қадағалауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған дигитайзер болады.


Мәліметтерді енгізу үшін ең көп таралғаны – сканер. Олар картаның растрлық көрінісін компьютерге енгізуге мүмкіндік береді. Сканерлердің әртүрлі типтері болады, олар келесілер бойынша ерекшеленеді: бастапқы материалды беру тәсілі бойынша (планшеттік және созылымдық (барабан типті); ақпаратты салыстырып оқу тәсілі бойынша (сызыққа немесе көрініске жұмыс істейтін); радиометриялық шешілім немесе түстің қанықтылығы бойынша; оптикалық (немесе геометриялық) шешілім бойынша. Соңғы сипаттама сканермен көрсетілетін бейне элементінің минималды өлшемімен белгіленеді.
Компьютер экранындағы растрлық көріністің сандық процесі векторизация деп аталады. Векторизацияның үш тәсілі бар: қол күшімен, интерактивтік және автоматтық. Қол күшімен векторизациялау кезінде оператор көріністегі әрбір объектіні тышқанмен белгілейді, интерактивтік кезінде – операциялардың бір бөлігі автоматты түрде жүргізіледі. Мысал үшін, көлденеңді векторизациялау кезінде бастапқы нүктені және сызықты бақылау бағытын беру жеткілікті, одан әрі векторизатор өзі сызықтың үзілуі сияқты белгісіз жағдай кездескенше бұл сызықты қадағалай алады. Интерактивтік векторизация мүмкіншіліктері бастапқы материалдың сапасымен және картаның күрделілігімен тікелей байланысты. Автоматтық векторизация арнайы бағдарламаның көмегімен оны кейіннен редакциялау арқылы растрлық форматтан векторлық форматқа тікелей алмастыруды қарастырады. Ол ең ұтқыр бағдарламаның өзі объектіні дұрыс тани алмаған кезде, мысалы, символды нүктелер тобы деп қабылдағанда және т.с.с. жағдайларда қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет