Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)


Атрибутивтік мәліметтер – бұл кеңістіктік объектілердің әдеттегі алфавиттік-сандық түрде көрсетілетін сапалық және сандық сипаттамалары



бет5/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?
3.дәріс
Атрибутивтік мәліметтер – бұл кеңістіктік объектілердің әдеттегі алфавиттік-сандық түрде көрсетілетін сапалық және сандық сипаттамалары.
Мұндай мәліметтердің мысалдары: географиялық атаулар, өсімдіктердің түрлік құрамдары, топырақтың сипаттамалары және т.с.с.
Кеңістіктік және атрибутивтік мәліметтердің табиғаты әртүрлі, сәйкесінше геоақпараттық жүйені құрайтын бұл екеуін манипуляциялау тәсілдері де әртүрлі (сақтау, енгізу, редакциялау, іздестіру және талдау). Дәстүрлі ГАЖ іске асырылған негізгі идеялардың бірі – бұл бөлек сақтау, және жартылай бөлек өңдеу кезінде кеңістіктік және атрибутивтік мәліметтер арасындағы байланысты сақтау.
Кеңістіктік объектіні жалпы сандық сипаттауға кіретіндер: атауы; орналасқан орнын көрсету; қасиеттер жинағы; басқа объектілермен қарым-қатынасы. Объектінің атауына оның географиялық атауы (егер ол бар болса), оның шартты коды немесе тұтынушы не жүйе тағайындаған идентификатор жатады.
Кеңістіктік және тақырыптық белгілері бойынша бір тектес объектілер сандық картаның қабаттарына біріктіріліп, жеке ақпараттық бірлік ретінде қарастырылады, дегенмен бұл жерде қолдағы барлық ақпаратты біріктіру мүмкіншілігі бар.
3.2 Мәліметтер құрылымы

ГАЖ-да кеңістіктік мәліметтерді ұсыну үшін мәліметтердің векторлық және растрлық құрылымын қолданады.


Векторлық құрылым – бұл объектілердің геометриясын сипаттайтын координаттар жұбының (векторлар) жинағы түрінде кеңістіктік объектілерді ұсыну (1 сурет).



1 сурет. Кеңістіктік мәліметтерді векторлық ұсыну




Мәліметтердің растрлық құрылымы екі өлшемді ұяшық түріндегі мәліметтерді ұсынуды жоспарлайды, әрбір ұяшықта жергілікті растрдың сәйкес ұяшығындағы немесе суреттегі объектіні сипаттайтын тек бір ғана мән болады. Мұндай сипаттамалар ретінде объектінің коды (орман, шалғын және т.б.), биіктігі немесе оптикалық тығыздығы жатуы мүмкін.
Растрлық мәліметтердің дәлдігі ұяшықтың өлшемімен шектеледі. Мұндай құрылымдар әртүрлі ақпараттарды талдаудың және көрнекілеудің ыңғайлы құралы болып табылады.

2 сурет. Мәліметтердің растрлық құрылымы

Растрлық және векторлық құрылымдарды іске асыру үшін әртүрлі мәлімет үлгілері жасалған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет