Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)



бет3/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?

2.2 ГАЖ жіктелуі

ГАЖ жүйелер төтенше жағдайлар және басқа жағдайлар шартында шұғыл шешім қабылдау үшін экологиялық ахуалға мониторинг жасау, табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша ғылыми және қолданбалы тапсырмаларды шешу мақсатында, сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жобалау үшін әзірленеді.


Өмірде туындайтын көптеген тапсырмалар әртүрлі ГАЖ құруға итермеледі, олар келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін.
Функционалдық мүмкіншіліктер бойынша:
– жалпы тағайындамадағы толық функционалдық ГАЖ;
– қандай да бір пәндік саладағы нақты тапсырманы шешуге бағытталған мамандандырылған ГАЖ;
– үй және ақпараттық-анықтамалық қолданысқа арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелер.
Сонымен қатар ГАЖ функционалдық мүмкіншіліктері оларды құрудың сәулетшілік принципімен де анықталады:
– жабық жүйелер – кеңейту мүмкіншілігі жоқ, олар сатып алу кезіне ғана тән қызмет жинағын ғана орындауға қабілетті;
– ашық жүйелер икемделу жеңілдігімен, кеңейту мүмкіншілігімен ерекшеленеді, себебі арнайы аппараттың көмегімен (бағдарламалаудың енгізілген тілдері) тұтынушы тарапынан құрылуы мүмкін.
Кеңістіктік (аумақтық) қамту бойынша:
– ғаламдық (планетарлық);
– жалпы ұлттық;
– аймақтық;
– дербес (соның ішінде муниципалды).
Мәселелік-тақырыптық бағдар бойынша:
– жалпы географиялық;
– экологиялық және табиғатты пайдалану;
– салалық (су ресурстары, орман пайдалану, геологиялық, туризм және т.б.);
Географиялық мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі бойынша:
– векторлық;
– растрлық;
– векторлық-растрлық ГАЖ.


2.3 Мәлімет көздері және олардың типтері

ГАЖ қалыптастыру үшін мәлімет көздері ретінде келесілер жатады:


Картографиялық мәліметтер (топографиялық және жалпы географиялық карталар, әкімшілік-аумақтық бөлініс карталары, кадастрлық жоспарлар және басқалар). Карталардан алынған мәліметтерде аумақтық байланым бар, сондықтан ГАЖ базалық қабат түрінде қолданған ыңғайлы. Егер зерттелінетін аумақта сандық карта болмаса, онда карталардың сызбалық түпнұсқалары сандық түрге ауыстырылады.
Қашықтан зондтау мәліметтері (ҚЗМ) ГАЖ мәліметтер базасын қалыптастыру үшін барынша кеңінен қолданылып келеді. ҚЗМ-ға ең алдымен ғарыштық тасымалдағыштардан алынған материалдар жатады. Қашықтан байқап көру үшін бейнелерді алудың және оларды Жерге берудің түрлі технологиясы қолданылады, түсірілім аппаратурасын тасымалдағыштар (ғарыштық аппараттар мен жерсеріктер) әртүрлі орбитаға орналастырылып, әртүрлі аппаратурамен жабдықталады. Осының арқасында әртүрлі деңгейдегі шолумен және әртүрлі диапазондағы спектрде (көріністік және жақын инфрақызыл, жылулық инфрақызыл және радиодиапазон) табиғи орта объектілерінің көрініс толықтылығымен ерекшеленетін суреттер алынады. Бұлардың барлығы ҚЗМ қолдану арқылы шешілетін экологиялық тапсырмалардың кең спектрін ескертеді.
Қашықтан зондтау тәсілдеріне аэро- және жер бетілік түсірілімдер және басқа да контактілік емес тәсілдер жатады, мысалы, теңіз түбіндегі жер бедерінің гидроакустикалық түсірілімі. Мұндай түсірілімнің материалдары табиғи ортаның әртүрлі объектілері туралы сандық, сонымен қатар сапалық ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.
Аумақты алаптық тексеру нәтижелеріне табиғи объектілердің нивелирмен, теодолитпен, электрондық тахеометрмен, GPS қабылдағышпен орындалатын геодезиялық өлшемдері жатады, сонымен қатар оған геоботаникалық және басқа тәсілдерді қолдану арқылы аумақты тексеру нәтижелері кіреді, мысалы, жануарлардың қозғалысы бойынша зерттеулер, топырақ талдамалары және басқалар.
Статистикалық мәліметтерде ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары бойынша мемлекеттік статистикалық қызметтердің мәліметтері, сонымен қатар қадағалау постыларының стационарлық өлшем мәліметтері (гидрологиялық және метеорологиялық мәліметтер, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтер және т.с.с.) жатады.
Әдеби мәліметтер (географиялық объектілердің кейбір түрлері бойынша әртүрлі мәліметтер бар анықтамалық басылымдар, кітаптар, монографиялар және мақалалар).
ГАЖ-да тек мәліметтердің бір түрі ғана сирек қолданылады, көбінесе қандай да бір аумаққа қатысты түрлі мәліметтердің үйлесуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет