Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)



бет11/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?
3.дәріс
ДӘРІС 5 ГАЖ-ҚОСЫМШАЛАР


5.1. ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету

ГАЖ-ға қойылатын талаптар бағдарламалық ГАЖ-ны әзірлеу және енгізу процесіне әсер етеді. Басқа ақпараттық технологияларға ұқсас ГАЖ жұмыс процестері мен кез келген ұйымның бизнес талаптарын қолдау үшін оның негізінде құрылған қосымшаларды енгізудің қарапайымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл географиялық деректер жиынтығының әртүрлі типтерін, деректерді басқарудың дамыған аспаптық құралдарын, оларды редакциялау, талдау және визуализациялауды қолдайтын бағдарламалық қамтамасыз етудің базалық платформасын құру есебінен қол жеткізіледі.


Бұл контексте, ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуі қазіргі заманғы көп қолданушылық жүйелер қалыптасатын ИТ-инфрақұрылым ретінде қарастырылады. ГАЖ платформасы осы кең көріністі қолдау үшін қажетті барлық мүмкіндіктерді беруі тиіс.
Оларға жатады:
* барлық географиялық объектілерді сақтау және басқаруға арналған географиялық деректер базасы
* географиялық ақпаратты үлестірілген басқару және оны бірлесіп пайдалану үшін Web желісі
* үстел және серверлік қосымшалар:
- деректерді құрастыру,
- ақпараттық сұраныстар,
- кеңістіктік талдау және геодеректерді өңдеу,
- картографиялық өнімдерді жасау,
- растрлық бейнелерді визуализациялау және зерттеу,
- ГАЖ деректерін басқару;
* модульдік бағдарламалық компоненттер (engines-қозғалтқыштар) ГАЖ-логиканы басқа қолданбаларға және арнайы пайдаланушы бағдарламаларға кірістіру;
* көп деңгейлі және орталықтандырылған ГАЖ-жүйелері үшін географиялық ақпараттық сервистер.



5.2. Бағдарламалық құралдарға қысқаша шолу

ГАЖ кәсіби деңгей ретінде, сонымен қатар мамандандырылған деңгей ретінде де қолданылады. Бағдарламалық өнімдер модульдік принцип негізінде қалыптасады. Әдетте базалық модуль және кеңейту модулі (немесе қосымшасы) болып бөлінеді. Базалық модульде ГАЖ негізгі операцияларын іске асыратын қызметтер бар, соның ішінде мәліметтерді енгізу-шығару, экспорттау және импорттау құралдарын бағдарламалық қолдау және т.б. Әртүрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдерінде ортақ көп нәрсе бар екендігін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір-бірінен қандай да бір технологиялық әзірлемелерді алуға мәжбүр. Қазіргі уақытта нарықта 20 жуық жақсы мәлім ГАЖ-пакеттер бар, оларды жартылай функционалдық пакеттерге жатқызуға болады.


Жартылай функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай келе, олардың ортақ қасиеттерін байқауға болады. Барлық жүйелер Windows платформасында жұмыс істейді. Тек олардың кейбіреуінде ғана басқа операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істейтін нұсқалар бар («Горизонт» - MS DOS, Unix, Linux, MC BC, Free BSD, Solaris, ИНТРОС; ПАРК – MS DOS; Arc GIS Arc Info-Solaris, Digital Unix, AIX және басқалар; ArcView GIS – Unix).
Барлық жүйелер негізгі ауысымдық форматтар арқылы көптеген ГАЖ және САПР кеңістіктік ақпараттар алмасуды (экспорт және импорт) қолдайды.
Атрибутивтік ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіншілігі одан да артық біртекті болып табылады. Көптеген жүйелер ODBC, BDE драйверлер арқылы барлық негізгі МББЖ жұмыстарын қамтамасыз етеді. Бірінші қолданатын және қолданылатын МББЖ қатарында Oracle тұр.
Көптеген басымшылық жағдайда заманауи жартылай функционалдық ГАЖ өзінің мүмкіншіліктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мүмкіншіліктерді кеңейтудің негізгі тәсіліне DLL және OCX-кітапхананы (ActiveX) қосу арқылы жоғарғы деңгейлі тілдерде бағдарламалау жатады (MS Visual Basic, MS Visual C++, Borland Delphy, Borland C++ Builder). Әрине ерекше жағдайлар да болады. MapInfo Professional сияқты жүйелерді Map Basic қолданса, ал AricView GIS жүйелерді – Avenue қолданады.
Әртүрлі себептерге байланысты шетелдік жүйелердің ең көп таралғаны ArcView GIS, MapInfo Professioal, MicroStation/J. Осы сияқты отандық жүйелердің тізімін ГеоГраф, Панорама (Карта 2000), ПАРК, GeoLink бастап тұр.
Қолдану ерекшеліктерін және саласын көрсете отырып, ең көп таралған бағдарламалық өнімдерді қысқаша сипаттаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет