MapInfo Professional (әзірлеуші фирма MapInfo Corp. АҚШ), Ресейде ең көп таралған үстелдік ГАЖ-дың бірі. MapInfo мекенжайлық және кеңістіктік байламдары бар ақпараттарды өңдеу және талдау үшін арнайы жобаланған.
MapInfo бағдарламасында келесілер жүзеге асырылған:
– географиялық объектілерді іздестіру;
– мәліметтер базасымен жұмыс;
– геометриялық қызметтер: беттер арасында жасалған алаңдарды, ұзындықтарды, периметрлерді, көлемдерді есептеу;
– кез келген объектінің немесе объектілер тобының маңайында буферлік аумақтарды тұрғызу;
– SQL сұраныстарының кеңейтілген тілі, сұраныстар теңдеулерге негізделеді, біріктіруді іске асырады, қол жетімді алаптарды көрсетеді, бірнеше кестелермен біріктірілген аралық сұраныстар және географиялық біріктірулер жасауға мүмкіндік береді.
– компьютерлік дизайн және картографиялық құжаттарды басып шығаруға даярлау.
ГеоГраф (Ресей, РҒА География институтының Ақпараттық зерттеулер орталығы әзірлеген). Сандық карталар қабаттарының және олармен байланысты атрибутивтік мәлімет кестелерінің негізінде электрондық тақырыптық атлас және композиция құруға мүмкіндік береді. ГеоГрафтың негізгі мүмкіншіліктері келесідей:
– атрибутивтік мәліметтер кестесін байламдау арқылы ғарыштық қабат түріндегі кеңістіктік объектілерді құру;
– атрибутивтік мәліметтерді басқарудың аралық жүйесі, соның ішінде кестелерді қосу, редакциялау, таңдау, сұрыптау, үлгі бойынша сұраныстар және т.б.
– электрондық тақырыптық картографиялау және басқалар.
Панорама (Ресей) Сандық және электрондық карталарды салу және өңдеу, картографиялық және атрибутивтік мәліметтер базасын жүргізу.
ҚТ мәліметтерін тікелей өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби көп функционалдық құралдық ГАЖ жеке бөліп көрсеткен жөн. Оларға ERDAS IMAGINE, ERMapper және басқалар жатады.
ER Mapper (ER Mapper әзірлеген) Фотограмметриялық ақпараттардың көп мөлшерін өңдеу, тақырыптық картографиялау (геофизика, табиғи ресурстар, орман шаруашылығы). Дәлдік, карталарды басып шығару, үш өлшемді бейнелерді визуализациялау, алгоритмдер кітапханасы.
ERDAS IMAGINE (Leica әзірлеген) – қашықтан тексеру мәліметтерін өңдеу және талдау үшін арнайы әзірленген бағдарламалық пакет, кез келген ақпарат көзінен мәліметтерді талдауға және нәтижелерді әртүрлі нысандарда (баспалық карталардан бастап үш өлшемді үлгілерге дейін) ұсынуға арналған құралдардың толық жинағын ұсынады. ERDAS IMAGINE базалық жинақтар түріндегі модульдік принцип бойынша тұрғызылған – IMAGINE Essential, IMAGINE Advantage және IMAGINE Professional.
ERDAS IMAGINE пакетінде келесілер іске асырылған:
– мәліметтерді визуализациялау және импорттау бойынша ауқымды мүмкіншіліктер (100 астам форматты қолдайды);
– геометриялық коррекция;
– түрлендіруді және ГАЖ-талдауды жақсартатын;
– түсірілімдерді жазуға айналдыру;
– суреттерді өңдеу құралдары және кеңістіктік есептеу алгоритмдерін тұрғызу;
– карталар құру.