Тарихи-топонимикалық аңыздар. «Ыстық көл туралы аңыз», «Қорқыт туралы аңыз», «Оқжетпес», «Атасу», «Тоқпанның балалары», т.б. атты зерттеулерде өте көне кезенде өмір сүрген тарихи тұлғаға қатысты белгілі бір жердің тау, көл, су, т.б. тарихы келтірілген.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық пікірде тарихи ес мәселесіне айрықша көңіл беріліп, жиі назар аударуда. Тарихи зерденің елеулі бір саласы ретінде танылған адамзат баласының тербеліп өскен төл бесігі – жер Ананың географиялық елді мекен атауларына дейін қоғамдық пікірде қайта ерекшеленіп, сын көзбен қаралып, жаңаша мән-мағына берілуде. Атамекен жеріміздегі топонимикалық атаулардың шығар көзі – ғасырлар бойы фольклор мен эпостық, тарихи жыр-дастандар арқылы тарих кешінде жиі алмасқан ұрпақтар сахнасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде тұрақтанып қорланатын тарихи естің жиынтығы іспеттес. Түркі халқының тарих сахнасына шығып, мемлекет құрған кезеңі, Түркі қағанаты дәуіріндегі елді мекен, жер-су атаулары тікелей сол халықтың ана тілінде жасалып, сап алтындай қоспасыз таза сақталған түрін тасқа мәңгілікке қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері талассыз айғақтап отыр емес пе?
3 дәріс. Археология ғылымының тарихи өлкетанудағы рөлі.
● Археологияның өлкетанудағы рөлі. Археология ғылым ретінде адамзаттың тарихи өткенін (алғашқы қауым, ежелгі және орта ғасырлардағы) заттай ескерткіштер бойынша зерттейді және солар арқылы адамзат қауымының өткенін қарастырады. Заттай деректерді ежелгі дәуір мен ортағасырлық ескерткіштерден қалған жәдігерлер құрайды. Археологиялық зерттеудің негізгі нысаны: бұрынғы заманнан қалған қоныстардың орны, кен өндірісі, керуен сарайлар, әскери бекіністер мен қала орындары, үй іші заттары, обалар, зираттар және тағы басқалар.
«Археология» термині б.з.д. IV ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде қолданыла бастады. Ғылыми тұрғыдан археологиялық зерттеулер Еуропада тек Қайта өркендеу дәуірінен бастап жүргізілді. Еуропалық ғалымдар ол кезеңде көбінесе, грек және рим мәдениеті мен өнеріне, яғни антика дәуіріне қатысты ескерткіштерді зерттеді. Жалпы «археологиялық мәдениет» термині бір уақытқа жататын, сол табылған жеріне байланысты өзіндік ерекшелігі бар, белгілі бір аймақта ғана шоғырланған археологиялық ескерткіштерді атау үшін пайдаланылады.
1950–1990 жылдары Қазақстанда археология ғылымы ерекше дамыды. Еліміздегі басты археологиялық орталық – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты. Ол отандық археологтардың археологиялық зерттеулерін үйлестіруші және бағыттаушы орталық болып табылады. Сондай-ақ Республика жоғарғы оқу орындары арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археология және этнология кафедралары жетекші болып келеді.
Көне жазбалар бойынша ескерткіш мағынасына «археологиялық дерек» және «археологиялық ескерткіш» мағынасы өте жақын. Бұл ұғымның мағынасы, тарих ғылымынан бұрын археология пайда болғанға саяды. Тарихи түсініктің бірі – тарихи дерек ұғымы ертеден бастау алады. Кейінірек археология ғылымының дамуына байланысты тарихи деректерді: жазба және заттай, яғни археологиялық деп екі топқа бөлді. Егер ғылыми тұрғыдан «археологиялық ескерткіш», «археолгиялық дерек» сөздерін қарастыратын болсақ, олардың мағынасы бірдей. Егер ол толық ғылыми сараптамадан өтіп, ғылыми зерттеу объектісі болған жағдайда археологиялық ескерткіш толық археологиялық дерек болып табылады.
Бірақ дәстүрлі түрде ескерткіштерді дерек ретінде, сондай-ақ заттай жеке заттар ретінде де оларды қарастыруға, табылған заттарды заттай дереккөзі ретінде танып білуге болады.
Археологиялық ескерткіштер әр кезеңге қатысты әртүрлі келеді. Қазақстан территориясында олардың негізгі түрлері ретінде: қоныстар, тұрақтар және бекініс қорғандар, жерлеу орындары, қорғандар, кесенелер, қоймалар, петроглифтер, тастағы таңбалар, тау жыныстары, су каналдары және т.б. қарастырылады.
Заттай ескерткіштер – өндіріс құралдарын пайдаланғанын, солардың көмегімен жеке және қоғамдық сәулет құрылыстары салынуы, материалдық заттар – сәндік бұйымдар, киім, көркем өнер туындылары, теңгелер, қару-жарақ және т.б. жасалынуы, яғни адамдардың көпғасырлық еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Заттай ескерткіштермен айналысатын археолог-мамандар қазба жұмыстарын жүргізеді, тапқан заттарды қалпына келтіріп, одан кейін уақытын белгілеп де топтастырады және зерттей отырып, жасаған жұмыстарының қорытынды есебін жариялайды. Ережеге сай археолгтар тарихшылар секілді өздерінің барлық қорытындыларын заттай және жазбаша мәліметтерді пайдалана отырып пайымдайды. Тарихты ғылым ретінде археология уақыты және аумағы жағынан ұғымын айтарлықтай кеңейтті. Жалпы археологтар деректерді ұсынып, оның маңызды деңгейін жазбаша деректермен толықтырады.
Археологиялық ескерткіштерге қоныстар және жертөлелер, бекініссіз (тұрақтар, қыстақтар) және бекіністі (қалалар) елдімекендер, қабір үстіне салынған құрылыстар (обалар, молалар) және жер астынадағы жерлеу орындары, жерлеу мүлкі көмілген жер жатады.
● Қазақстан аумағындағы ежелгі қоныстар мен қалаларды зерттеудегі археологияның маңыздылығна қоныстардың қалыптасуы мен дамуы, негізгі шаруашылық-мәдени түрдің (көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы мал шаруашылық, егіншілік) әсері, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, ерте және кейінгі орта ғасырлар, Қазақ хандығы кезеңіндегі қоныстардың ерекшеліктері кіреді. Қазақстан жеріндегі алғашқы қалалар туралы ақпарат VІ ғасырға жатады. Алғашқы қалалар Сырдария мен Жетісу өзендері алқабында болды. Бүгінгі таңда археологтар еліміздің оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік-батысынан VІ–ІХ ғасырларға жататын қалалардың қалдықтарын тапты. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 30-дан астам қалалар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Созақ, Манкент, Шымкент және т.б.; Жамбыл облысында 20-дан астам қалалар (Тараз, Құлан, Меркі, Саудакент, Ақыртас және т.б.); Алматы облысында – Қарамерген, Ақтам, Алматы, Талхир, Лабан, Екіоғыз, Қаялық және басқалар; Қызылорда облысында 30-дан астам қалалар мен бекіністер бар. Мұндағы Жетіасар мәдениетінің қалалары мен бекіністері (Алтынасар және т.б.), Жент, Шірікрабат (Сақ мемлекетінің астанасы), Жанкент (Оғыз мемлекетінің астанасы), Сығанақ (Ақ Орда, сосын Қазақ хандығы астанасы) айтарлықтай белгілі. Қарастырылып отырған хронологиялық кезең бойынша аз таралған Қазақстанның басқа да аймақтарындағы қалалар – Атырау облысындағы Сарайшық, Ақмола облысындағы Бозоқ бар.
Археологтар тұрақты қоныстарды: жартылай көшпенділердің қыстауы, отырықшы қыстақ пен қала сияқты үш түрге бөледі. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер қоныстарының құрылысы мен көлемі біркелкі емес екендігін ерекше атап өтуге болады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда орта ғасырлар көшпенділердің отырықшылануы, қолөнердің дамуы мен сауданың өсуі, мүлік теңсіздігі, қала өмірінің пайда болуы үдерісінің болуымен басталады. Жалпы қалалардың гүлденуі VІ–ХІІ ғасырлардан байқалады, яғни оған тек сауда, экономика мен қолөнердің дамуы ғана емес, Ұлы Жібек жолының рөлі де себепші болды. Сырдария, Шу мен Талас, Жетісудың қалалық мәдениеті үшін татар-моңғол шапқыншылығының және оның салдары туралы да айтпай кетуге болмайды. Қоныстар мен қалалардың қайта көтерілуі ХV–ХVІ ғасырларда, яғни Қазақ хандығының қалыптасуымен байланысты болды. Қазақстанның қазіргі елді мекендері ішіндегі өзінің ежелден қала мәртебесінде келе жатқандары – Түркістан, Тараз және Шымкент қалалары.
Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы қалалардың әртүрлі бөліктерінің жоспары біркелкі емес. Оған үлкен және кіші қалаларда цитадель, шахристан және рабадтың міндетті түрде болуы жатады. Цитадель және оның біршама бекіністі бөлігі қаланың маңызды элементі және ортағасырлық феодалдық билеушінің резиденциясы, Шахристан «сарайдағы» ауқатты тұлғалардың шоғырланған орталығы. Рабат – қолөнер-сауда орталығы болған. Қалалық орам (квартал) қалыптасқан. Орам – орам аралық көшелер немесе бас көше бөлігін біріктірген бірнеше үй иелігінен тұратын қалалық құрылыс ғимараттары, қорғаныс құрылысы.
Қалалардың жоспарлануы мен құрылысындағы айтарлықтай өзгерістер Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін басталған-ды. Олар үшін стратегиялық жоспарда ең маңыздысы ХVІІІ–ХІХ ғасырларда Орал, Тобыл мен Ертіс өзендері бойына қала-бекіністер салу құрылысы болды. Оларға көше-орамдар, көшелер мен тұйық көшелерді тік бұрышта қиып өтетін шахматтық жүйе тән еді. Қала жоспарындағы радиал-айналма жүйенің басымдығы оларға аса маңызды болмады. Типтік сәулет жарасымдылығы және т.б. тән қалалық және губерниялық әкімшіліктер кіретін мекемелердің күрделі жаңа ғимараттар құрылысы басталды. Ресейдің солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп отарлауында орыс казактары қалалар тұрғызды, оның басым бөлігі бүгінде де өмір сүріп жатыр (қараңыз, сонымен қатар қала мәртебесін жоғалтқан Қазақстанның елді мекендері). Қазіргі қалалардың басым көпшілігі ХХ ғасырда негізінен қазба байлықтар кенін ашумен байланысты пайда болды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қала мәртебесінде 86 елді мекен бар, оның 27-сі моноқалалар немесе әрбір үшіншісі (32%). Қалаларда республика халқының 56%-ы тұрады. Әкімшілік бөліну бойыншы 3 қала бірінші, 38 қала екінші, 46 қала үшінші деңгейде. Қазақстанда 50 мыңнан астам тұрғын тұратын 28 қала бар. 14 қала: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанда, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент – облыс орталығы. Екі қаланың Алматы мен Астана (Елорда) республикалық маңыздағы мәртебесі бар. Қалған үлкен қалалардың көпшілігі облысқа бағынышты қалалар: Шығыс Қазақстан облысындағы Семей; Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан, Кентау; Павлодар облысындағы Екібастұз; Қостанай облысындағы Рудный мен Арқалық, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен; Қарағанды облысындағы Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Сатпаев, Шахтинск. Сондай-ақ Алматы облысындағы Қаскелең мен Атырау облысындағы Құлсары қалалары ауданға бағынышты қалалар болып табылады.
●Археологиялық деректердің ерекшеліктері. Ежелгі дәуір, ерте және кейінгі орта ғасыр кезеңдерінің археологиялық материалдары тарихты қайта қарауға негізгі дерек болып табылады. Археологиялық деректерді пайдалана отырып, өлкетанушы өлкенің көне кезеңінен бастап, кейінгі кезеңіне дейін бір бағытта зерттеп шығуына болады.
Археологиялық материалдарға сараптау жүргізуге классикалық әдіспен ескерткіштердің жасын анықтау: салыстырмалы-типологиялық анализ, картаграфиялау және де басқа жаңа әдістер: археомагниттік, дендрохронологиялық, радиосутектік, термолюминесцендік, спектральді, химиялық, астрофизикалық (интенсивті күн радиациясы) ленталық балшықпен биологиялық мерзімдеу, спорамен, елдімекендердің мәдени қабатындағы тозаңды зерттеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |