Дәріс 1. Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары.
Дәріс мақсаты: Тарихи өлкетану жөнінде түсінік қалыптастыру, оның мақсаты мен міндеттерімен танысу, оқу үдерісіндегі рөлін анықтау.
Негізгі түсініктер:тарих, өлкетану, әдістер, деректер, дифференция, микротарих.
Негізгі мәселелер: Тарихи өлкетану нысаны, пәні, міндеттері, мақсаттары мен негізгі ұстанымдары.
Зертеудің негізгі формасы мен әдістері.
Тарихи өлкетану деректері.
Ұйымдастыру формасы бойынша өлкетану диференциясы.
Микротарихи талдау әдісі – өлкетанудағы жаңаша ғылыми зерттеу әдісі.
Тарихи өлкетану нысаны, пәні, міндеттері, мақсаттары мен негізгі ұстанымдары Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи-өлкетану саласындағы: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылық, коммуникативтік сияқты әртүрлі бағыттар бойынша бөлінеді:
Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр саналады. Яғни ол әртүрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі-жергілікті жердің тарихы. Зерттеу нысандары: ауылдың, қаланың, ауданның, облыстың, республиканың әлеуметтік әкономикалық, саяси, тарихи, мәдени, сонымен қатар олардың табиғи ерекшеліктерінің дамуы болып табылады.
Өлкетанудың негізгі анықтамасы – әр елдің өзіндік жеке тарихы саналады. А.С.Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша, «Өлкетану-бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы. Ол әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады».
«Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптасуын тұжырымдамасында»: «Тарихи ағарту және тәрбиелеу жастарды өз халқының рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін қорғауды күшейту керек»,-делінген.
Қазіргі уақыттың үлгісінің бірі – ұлттык және жалпы адамзаттық терең туыстық сезімі арқылы өтіп жатқан, өзін-өзі анықтау мен ұлттық жаңғыру үдерістері. Ұлттық тарихты бізге білу қажет, себебі онда жаңа қоғам құрылысшыларының қасиетті күш-қуаты, патриотизм, бабалар ісіне деген мақтаныш сезімі жинақталған.
Өлкетанудың көрнекті өкілдері ойларының шығармашылық мұрасын зерттеу, отандық мектептің өзгешілігін анықтау, осы мәселелермен айналысу, тарих ғылымы бос сөздерден біртіндеп айырлып келе жатқан кезде, тарихи шындықты орнату ұмыт қалған есімдерді қайтару қажет.
Өлкетану әлеуметтік-мәдени тәжірибенің көптеген саласында маңызды орын алады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеу, мемлекеттік мұрағат, музей қорларын жинақтау, халықтың тарихи сезімін қалыптастыру көп жағдайда соған байланысты болады.
Маңызды мәселе бірақ, әлі күнге дейін қазақстандық өлкетану әдебиеттерінде көрініс таппаған, отандық музейтану және өлкетану ойларын зерттеу тарихи мәселелері болып табылады. Оның үстіне көрнекті ғалымдардың Қазақстанды зерттеуге қосқан үлесін талдау қажеттілігі, баяғыдан бері пісіп-жетілді.
Бұндай шараларсыз кейбір маңызды мәселелерді анықтау, ғылыми зерттеулердің болашақ бағыттарын белгілеу және қазіргі өлкетану саласында өңдеу жұмысын жүргізу мүмкін емес.
Қадір-қасиеттік деп шарты атауға болады, ол отандық өлкетану ойын шынайы басымдылыққа жеткізу қажеттілігі мен өлкетану ісінің теориясының тарихы мен өркендеуіндегі көзге көрінбейтін билік кұруылуына байланысты.