Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты



бет17/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция

Жазба көздері. Мұрағаттардан ерекшелігі, өлкетану музейлерінде жазба көздерін жинақтаудың негізгі көздері – музей зерттеп отырған тақырыпқа сәйкес,жеке азаматтардан материалдарды жинақтау болып табылады. Бұлардың қатарына естеліктер жазбаларын, фотодеректі материалдардың жинақтарын, сонымен қатар тарихи және қоғамдық мәні бар кейбір жеке құжаттарды жатқызуға болады. Жазба көздері топтамаларының осындай көп материалдары бар, оларды (афишалар мен хабарламалар, үндеулер мен шақыру билеттері, газеттер, ақша белгілері, газеттер, сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар және т.б.). облыстық мұрағаттар өздерінің қорларына қосатын мүмкіндіктері жоқ.
Бейнелеу көздері. Музейлердің бейнелеу көздері археологияны, этнологияны, өнертануды, кітаптануды (кітап миниатюрасы) және басқа да гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Жинақтау көздерінің бұл типі: бейнелеу-көркем көздері (бейнелеу өнерінің туындысы, көркем сурет, көркем кино және бейне материалдар); бейнелеу графикалық көздер (карталар, жоспарлар, сызбалар); бейнелеу-табиғи көздер (деректі сурет, деректі кино және бейне материялдар) сияқты түрлерге бөлінеді.
Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің барлығы дерлік физикалық-механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырайды немесе табиғи ескіреді. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын-шіркейлердің, құрт-құмырысқалардың және кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдылық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру үдерісін тездетуі немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғары дәрежедегі ылғалдығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса, зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдылық шаң-озаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Осындай қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін музей жәдігерлерін сақтау тәртібі, ережесі болады. Ол температуралық ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандыру шаралары, экстремальдық (аяқастынан шыққан қиындық) жағдайларға байланысты алдынала дайындық шаралары жасалынады.
Тарихи музейлердің қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттың қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді. 
Режим (тәртіп, ереже) мен сақтау жүйесіне негізделген қор жұмысының бағыттарын “музей қорларын сақтауы» дейді. Әрбір музейдің өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына, сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір музей, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет