Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


дәріс. Қазақстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі мұражай, мұрағат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының рөлі



бет16/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция
Ежелгі Египет, соөж3 балалар әдебиеті, 9-ожсб, кері, Реферат Катар ONJ, ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019, Ш. Есенов атындағы Каспий сұраныс хат, срО Д, 8кл
15 дәріс. Қазақстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі мұражай, мұрағат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының рөлі.
Дәріс мақсаты: Қазақстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі музей, мұрағат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының рөлін жан-жақты ашып көрсету.
Негізгі түсініктер: музей, мұрағат, тарихи-мәдени ескерткіштер, қорғау қоғамы, өлкетану музейлері, музей ісі.
Негізгі мәселелер:

  1. Өлкетану зерттеулеріндегі музейлердің рөлі.

  2. Мұрағаттанудың тарихи өлкетанумен және тағы басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Өлкетану мен Республиканың Ескерткіштерін қорғау қоғамының өзара байланысы.

Музейтанудың теориялық-практикалық аспектілері. «Музей» түсінігі адамзаттың мәдени өмірінде екі жарым мың жыл бұрын пайда болды, бірақ олар заттарды жинау түсінігі ретінде қолданған жоқ. Ежелгі гректер алғашында «мусейон» деп музалар мүсіні орнатылған құрбан шалынатын киелі шырақтарды, атаған. Ол шырақтар бақшада, тау етегінде, бұлақтардың қасында орналасқан. Уақыт өте мусейон деген сөз әдебиет пен, ғылым және ғылыми араласу мен айналысатын адамдардың жиналатын орындарын атай бастады. Музейлерге екінші өмірді қайта өркендеу дәуірі берді, оны жаңа маңызбен толықтырды.


XVI ғасырдың екінші жартысында «музей» деп антик уақытының ескерткіштерін, кейінірек табиғат әлемінің үлгілерін және ғажайып немесе сирек кездесетін заттардың жиынтығын және оларды сақтайтын, орындарды атай бастады.
Ғылыми білім беру мақсатында құрылған алғашқы ағылшын музейі 1683 жылы Оксфорд университетінде ашылды.
Ресейде музейлердің пайда болуы патша І Петр атымен байланысты. 1714 жылы Петербургта ең алғашқы ресейлік музей - кунсткамера ашылды. Дайын коллекцияларды сатып алу, геодезиялық және картографиялық экспедициялар мен ерікті садақа беру арқасында, І Петр қысқа мерзім ішінде Еуропадағы ең бай жинаушылардың бірі болды.
XIX ғасыр ішінде мұражай бірте-бірте адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Тарихи өлкетану қайнар көздерінің арасында музейлердің материалдары, яғни, табиғи-тарихи топтамалар мен материалды және рухани мәдениет ескерткіштерді жинақтап, сақтап, зерттейтін ғылыми мекемелердің маткриялдары ерекше орын алады. Музейлердің негізі болып табылатын ескерткіш-түпнұсқалардың топтамалары ғылыми- зерттеу және ағарту мекемелерінің ерекшеліктерін (спецификасын) анықтайды. Осы ескерткіштер негізінде музейлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-ағарту, білім және тәрбиелік жұмыстарын жүргізеді.
Тарихи музейтануда тарих ғылымының әдістерін және қосымша пәндерін қолдану, оның ішінде археологияның, полеографияның, этнографияның, нумизматиканың, сфрагистиканың әдістерін, сонымен қатар әдебиеттану мен өнертанудың әдістерін қолдану, өлкенің, аймақтың тарихы бойынша әкспозициялар мен көрмелер құруда, мәдени-ағарту қызметінің түрлі формаларында аталған пәндердің көмегі. Музейлердің бірегейлігі және қайталанбайтындығы, олардың құрамындағы жиналыстардың, қызмет өрісіндегі, заң ережелеріндегі ұқсас жақтары. Осы музей әлеміндегі көпжақтылықты белгілі бір топтарға бөлуге мүмкіндік береді. Белгілі бір ғылыммен немесе өнердің, өндірістің және оның салаларына байланысты, олардың мамандандырылуын ескеріледі. Тарихи музейлер белгілі бір қаланың, кәсіпорынның, мекеменің тарихына арналған жалпы тарихы, тарихи-өлкетанушылық, археологиялық этнографиялық, әскери-тарихи, әскери тұрмыстық және басқа да тарихи музейлер бойынша сараланады.
Музейлердің типтері мен профильдері. Республикадағы барлық музейлер олардың негізгі мақсаттарын анықтайтын типтерімен ерекшеленеді. Көптеген музейлер ғылыми-зерттеу – ағарту типіне жатады. Музейдің басқа түрі – зерттеулік, ол негізінен қандай да бір ғылыми пән бойынша түпнұсқаларды сақтау мен зерттеуге бағытталған. Бұл көбінесе, ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін музей-зертханалар (мысалы, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының геологиялық музейі). Ал, үшінші тип, ол – көптеген жоғарғы оқу орындарында болатын оқу музейлері. Олардың негізгі мақсаттары – оқу үрдісінің жетілуіне көмектесу. Көбінесе, музей типтері музей топтамалары қорларын және олардың қызмет бағыттарын анықтайды.
Сонымен қатар музейлер профильдері бөлінеді, осы профильдер бойынша олардың ғылыми пәндерге, өнер салаларына, өндіріс салаларына қатыстылығы анықталады. Негізгі профильдер арасынан тарихи (оның ішінде тарихи-революциялық, археологиялық, этнографиялық, әскери-тарихи, мемориалды және т.б), табиғи-ғылыми, өнертану, әдеби, техникалық музейлерді атауға болады.
Өнертану музейлері және олардың құрылымы. Өнертанушылар олардың қолдары жететін барлық музейлердің қорларын пайдаланады. Бірақ тақырыбы жағынан неғұрлым жақын материалдар өлкетану көздерге үміт артуға болады. Туған өлкенің тарихы мен қазіргі дамуын зерттеу үшін маңызды тарихи база ретінде өлкетану музейлердің үлкен мәнін – ғылыми мекеменің нақты сипаттамасының талаптарын, оның құрылымын, оның топтамаларының құрамын, қызмет бағыттарын анықтайды.
Жоғарыда айтылғандардың, өлкетану музейі – бұл кешенді профильді музей. Ол өлкенің тарихын ғана емес, сондай-ақ табиғи топтамаларын зерттеп, жинақтайды. Осы жерде гуманитарлық және табиғи- ғылыми профильдердің қосылуы болады. Бұл тарихи бөлімдер мен табиғи бөлімдерді қарастыратын музей құрылымдарында байқалады. Бөлімдердің саны мен олардың қызметтері қор топтамаларының құрамы мен өлшемдеріне, экспозицияның көлеміне, т.с.с. байланысты болады. Негізінен облыстық өлкетану музейі: революцияға дейінгі кезең тарихы (ежелгі дәуірден XIX ғ. басына дейін ), кеңес дәуірі тарихы, егеменді және тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңі, табиғаттар ғылыми – ағарту, фотолабораториясы бар көркем – рәсімдеу, т.с.с бөлімдерден тұрады. Әрине, аудандық музейлерде бұндай бөлімдер аз, бірақ барлық жағдайда да тарихи,табиғат қорлары бар. Тарихи бөлімдер мен табиғат бөлімдерінің басты міндеті – экспозициялар мен көрмелер құру, топтамаларды жинақтау және зерттеу. Қор бөлімі топтамалардың жинақталуы мен есебін, олардың ғылыми өңделуін жүргізеді, ескерткіштерді сақтайды.
Музей өзінің әлеуметтік қызметін музей жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.
Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Музей әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді.
Жәдігерлердің ақпараттық потенциалы екіге бөлінеді. Бірінші – ішкі хабарламалық кеңестік, екінші – сыртқы хабарламалық кеңестік. Біріншісі заттың өзіне байланысты мәлімет көрсетсе, екіншісі жәдігердің айналасындағы ортаға қатысты мәліметтерді көрсетеді.
Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.
Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады. 
Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады.
Музей ісінің негізгі құрамдас бөлігіне музейдің практикалық ісі, ескерткіштерді қорғау, музей жүйесі, музей саясатын заңдастыру, музей ісіндегі кдрларды дайындау да кіреді. Ғылыми-әдістемелік, көпшілік жұмыс орталықтарының жұмысы, арнайы тақырыптардағы журнал, газеттер шығару да музей ісінің басты бағыттағы шаралары.
Музейтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар:
– ақпараттық дереккөзі ретінде, жәдігерлердің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттейтін бағыттарда жұмыс істеу:
а) музей құндылықтарына жататын жәдігерлерді анықтау (ғалымдар, лаборратория);
ә) музей жәдігерлерінің мәндік мағынасын, ерекшеліктерін анықтау ісі;
б) музей жәдігерлеріне байланысты ғылыми анықтамалық, жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;
в) сақтау режимін, консервация және қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау;
г) музейдің тәрбиелік, білімдік міндеттерін атқару әдістерін қарастыру, жүйелеу.
– музей ісі, оның атқаратын қызметі, қоғамдық, мемлекеттік институт ретіндегі бағыты:
а) музейдің шығу тарихын , жүйесін, типін, музей ісінің тарихын жүйелейді;
ә) ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қарстырады;
б) музей қызметінің арнайы бағыттарын анықтайды;
в) музейді басқару жүйесін қарастырады, болашақ жоспарын талдайды;
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарында музейдің өз ерекшелігі бар. Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері-ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми салалар жүйесінде кең қолданылатын ғылыми орталық.
Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, музей заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс, т. б. Музей жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды.
Музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болып табылады. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын,біріншіден музейдің қай профиліне жататына байланысты, екіншіден, музейдің әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми-зерттеу ісі музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Музей жұмысында ғалымдар белгілі бір зерттеу тақырыптарын жүргізіп, еңбектер жариялап отырды. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік-көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да өте үлкен рөл атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан музейде ақ, көкшіл ақ сары және қара түстер қолданылады.
Қорларды жинақтау көздері. Музейдің пайда болуының алғышарты болып табылатын негізгі қорлардың жинақталуы оның қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Бұл жинақтаудың мақсаты – қоғамдық, ғылыми және көркемдік мәні бар түпнұсқаларды біздің келешек ұрпағымыз үшін сақтау; әкспозициялар мен көрмелердің тұрақты жетілуіне жағдай туғызу, осы арқылы тарихи тәжірибе мен мәдениетке қалың бұқараны тарту. Қорларды жинақтаудың жұмысының ғылыми- зерттеулік сипаты бар және ол музейдің ғылыми қызметінің ерекшелігін көрсетеді.
Қорларды жинақтаудың көздері әртүрлі және сол кездегі уақытқа байлансты болады. Қазіргі заманғы өлкетану музейлерінде қорларды жүйелі жинау болып табылады. Өлкетанушылар үшін музейлердегі едәуір қызығушылық тудыратын қайнар көздер – зат, жазба және бейнелеу заттары болып табылатынын айта кеткен жөн.
Зат көздері – бұл археологиялық ескерткштер мен тұрмыс заттарынан, архетектуралық құрылыстардан қалған кез келген материялды қалдықтар. Зат ескерткіштері қоғамдық өмірде өзінің орны бойынша жіктеледі. Музейлердің монеттер, медальдар, мөрлер сияқты зат көздері тарихи фактлерді анықтау үшін қолданылады. Музейлерде сақталатын басқа да қайнар көздерін басқа да гуманитарлық пән адамдары: археологияда (археологиялық табылған заттар), әтнология (елді мекендер, үйлер, костюмдер, әшекей бұйымдар, ыдыстар, аспаптар), өнертануда (кескіндеменің химиялық құрамы, фарфор, фаянс, әйнек, металл құйындысы өндірісінің технологиялық үдерістері), нумизматикада (монеттер), сфрагистикада (мөрлер), фалеристикада (ордендер, медальдар, түрлі белгілер), бонистикада (қағаз ақшалар), филигрантурада (қағаздар және ондағы белгілер), материялды мәдениет пен тұрмыс тарихында кеңінен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет