Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


-8 дәріс Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректердің маңызы



бет10/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
лекция

7 -8 дәріс Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректердің маңызы.
Тарихи-демографиялық деректердің ерекшеліктері. XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында ежелгі, орта ғасырлардағы және жаңа заман кезеңіндегі халық санының арақатынасына қатысты туындаған дауға байланысты демографиялық деректерге сүйену қажет. Бұл мәселе XIX ғ. соңында, әсіресе, XX ғасырда яғни демографиялық зерттеулер жүйелі сипат алған кезде жан-жақты зерттеле бастады. Оның ең алғаш негізін К.Ю. Белох, Ә. Левассер, З. Дошинская және тағы басқа ғалымдар қалаған. Бұл қалыптасу үдерісі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. XX ғасырдың І-жартысында халықтардың орналасу тарихы бойынша мәліметтер жинау үдерісі жүрді, олар ең бастысы нақты зерттеулерде талданды. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген ғылыми еңбектер ХХ ғасырдың ортасында жарық көре бастады.
Т. Холлингсворт демографиялық деректердің келесі түрлерін көрсетті: 1) халық санағы басты ерекшелігі олардың есімі мен жасына қарай құрылған болса; 2) өлім туралы бюллетендер; 3) шіркеу құжаттары; 4) салық құжаттары; 5) әскери құжаттар; 6)иеліктер тізімі; 7) генеалогиялық құжаттар; 8) өсиетнама; 9) некеге тұру келісімшарттары; 10) куәгерлердің куәліктері (растаулары); 11) ұзақ уақыт аралығындағы бағалар; 12) қала саны мен көлемдері; 13) археологиялық қалдықтар; 14) ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері; 15) әкімшіліктік және шіркеулік география; 16) жаңа жерлерді отарлау; 17) бейіт мәліметтері.
Құрамында Қазақстан болған, революцияға дейінгі Ресей империясының тарихында деректердің 4 негізгі тобы ерекше мәнге ие: 1) алым-салық төлейтін халықты тексеру мәліметтері; 2) шіркеу есебінің материалдары; 3) әкімшіліктік-полицейлік есептер материалдары; 4) 1897 жылғы жалпыға ортақ санақ жүйесінің материалдары. Осы және өзге де тарихи-демографиялық деректердің теориялық-дерек танулық мәнін түсіну осы ғылыми пәннің даму міндеттерінің біріне айналуда.
Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректерге анағұрлым кең мағынада халықтар мен демографиялық үдерістерге қатысты сандық мәліметтерден тұратын баспа басылымдары жатады. Олар репрезентативтілігінің деңгейі, этникалық тиістілігі, мәліметтердің сипаты, уақыты, ақпаратты жинау тәсілдері, басылым түрі жағынан ерекшелінеді. Онымен қоса, мұндай деректер толықтық деңгейімен мәліметтерінің шынайылығы тұрғысынан алғашқы және екінші дәрежелі деректер болып бөлінеді. Басты деректерге жиналған статистикалық материалдарды өңдеу және салыстырудың тікелей қорытындылары мен соның негізінде құрылған есеп көрсеткіштері жатады. Екінші дәрежелі деректердің негізін басты деректер бойынша алынған бағалар мен барлық есептеулердің нәтижелерін құрайды. Сонымен қатар құрамында тікелей сандық мәліметтері жоқ басқа да деректермен – құжаттық, әдеби, мерзімді т.б-мен толықтырылуы мүмкін.
Аталған ақпарат түрлері ашық, жарияланған немесе құпияланған, жалпыға ортақ ие және бірегей болып кездесуі мүмкін, жасырын ақпараттардың негізгі бөлігі басты орынды алып отырған массалық деректердің (басты немесе құрастырмалық) құрамында болады. Демографиялық деректер әлеуметтік ақпараттарды жазып алу формасы бойынша түріне (заттық, жазба, бейнелеу, фондық), кезеңіне (ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман) қарай жіктеледі. Сөйтіп ежелгі дәуірдің демографиялық тарихы үшін деректердің негізгі ақпараттың базасын жазба, палеоантропологиялық, археологиялық, этноархеологиялық және т.б деректер құрайды.
Демографиядағы қойылған мәселелерді шешу барысында, кез келген басқа да ғылымдарда сенімді, арнайы әдістер қолданылады. Олардың көмегімен зерттеп отырған объекті жайлы керекті ақпарат алып, оны өңдеп, талдауға болады. Оларға зерттеудің жалпы тарихи әдістері, атап айтқанда тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелік әдістері жатады. Міне, сонымен қатар бірқатар ерекше әдістерді – синхронды (бір мезетті) және диахронды (түрлі-мезетті) талдаулар, тиісті демографиялық әдістер – когоротты, бойлық және көлденеңдік талдаулар, демографиялық коэффициенттерді стандарттау, когортты-өспелі-мерзімдік, мультидәрежелі, демографиялық кестелік, статистикалық - көп өлшемді талдаулар, математикалық, картографиялық, территориялы-коррекциялық, ретроспективті, графиктік (сызбалық, кестелік) және т. б. әдістер пайдаланылады.
Келешекте, тарихи-демографиялық зерттеулерде ғана өңделетін бай қоры бар мұрағат мәліметтерін кең түрінде жинау арқылы анықталған материалдарды терең меңгеру өлкетану зерттеулерін тиімді жүргізу үшін қажет.
Жалпы халық санағы материалдарын және басқа да қазіргі заманғы демографиялық дереккөздерді пайдалану. Тарихи өлкетану үшін халық санағы материалдарының едәуір маңызы бар. Олардың ішінде белгілі бір сауалнамалар параметрі бойынша елдің барлық санын қамтитын халық санағының статистикалық материалдары маңызды болып табылады, олар өзінің дұрыстығымен ерекшелінеді. Мысалы, XV ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының этнодемографиялық жағдайын шамамен, кездескен қиыншылықтары мен мәселелері арқылы ғана анықтай алатын болсақ, ал Қазақстан халқының санды және сапалы құрамы туралы статистикалық мәліметтерді 1897, 1926, 1937, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы жалпы халық санақтарының материалдарынан табуға болады.
Бұл материалдар арқылы тағы да XIX ғ. соңы мен XXI ғ. басындағы Қазақстан аумағындағы этнодемографиялық үдерістердің өсуін бақылауға болады. Мұнда ең алдымен, біз республиканың халықтарын этникалық құрамы бойынша орналасуын қарастырамыз. Мысалы, қазақ (Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу), орыс, украин және неміс (Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан) этностары басым аймақтар, саны жағынан басым болып келетін этностардың орналасу ерекшеліктері, ауылдағы және қаладағы орналасу, халықтың орналасуы мен жылжуына урбанизация мен ауыспалы нарықтық қатынастардың әсері, миграциялық үрдістердің спецификасы, келу және кету аудандары бойынша мемлекетаралық, облысаралық миграция, олардың этникалық құрамы, міне, осы демографиялық мәселелер тарихи өлкетану үшін өте маңызды болып келеді.
Халық санағы кезінде өкілетті мемлекет органдары халықтың өндірісі мен табиғи қозғалысы туралы (туылу, қайтыс болу), отбасылық-некелік қарым-қатынастар туралы, некеге отыру және ажырасуды қоса, сонымен қатар облыс, аймақ, елдер масштабында миграциялық үдерістер туралы арнайы мәліметтер жинаумен айналысады. Ағымдағы статистика мәліметтерін тексеру жұмыстары олардың жеткілікті түрде толық нақтылығын көрсетеді.
Халықты зерттеудің статистикалық материалдары да халық туралы мәліметтердің құнды дереккөзі болып табылады. Бұл жерде арнайы бағдарлама бойынша республиканың тұрғындарын, олардың құрамы әлеуметтік және этнодемографиялық үрдістерді немесе қоғамдық пікірлерді нақты зерттеу үшін мәліметтерді жинақтау жүзеге асырылады. Көбінесе, мұндай мәліметтерді алу халық санағы кезінде үлкен қиыншылықтармен орындалады. Сондықтан да олар бір рет, бір мезгілде уақытымен қайталанып отырады, сонымен қатар тақырыбы жағынан әртүрлі болады. Мақсаты мен міндеттеріне байланысты олардың масштабтары да– бірнеше жүзден он мыңдаған респонденттерге дейін әртүрлі болып келеді.
Халықтың демографиялық талдауы үшін монографияларда, жинақтарда, арнайы анықтамалықтарда немесе бюллетендерде кездесетін қосымша статистикалық материалдардың едәуір үлесі бар. Мысалы, олар бойынша республикадан тыс қазақтардың миграциясы туралы, таяу және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасы жайлы, 1937-1939, 1939-1940, 1941-1945 жылдардағы күштеп қоныс аударылған халықтар туралы және олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы нақты және қосымша мәліметтерді табуға болады. Бұл республиканың белгілі бір аумағындағы халық санының өсуіне экологиялық, экономикалық және этносаяси факторларының ықпалын ашуға көмектеседі.
Оларды өңдеуде тарихи география, тарихи психология, тарихи социология, медик-биологиялық ғылымдар, этнография және т.б. аралас ғылымдардың бақылаулары мен қорытындыларын тарта білу қажет.
Осыған орай, тарихи демография демографиямен бірге халықтың дамуындағы тануды қамтамасыз етеді, өзінің өңделуі үшін арнайы білімнің, ең алдымен, тарих пен демография саласында білімнің болуын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет