Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


дәріс Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстандағы өлкетану жұмысына қосқан үлесі



бет12/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция

10дәріс Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстандағы өлкетану жұмысына қосқан үлесі.
Көрнекті қазақ ғалымы және ағартушысы Ш.Ш.Уәлихановтың Қазақстанның тарихы, тарихи өлкетануы мен географиясына қосқан үлесі ерекше болады. Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің басқа да халықтары проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқанның қазақ халқының құрылуы, ХVІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік және саяси тарихы, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы, Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің тарихы проблемаларына арналған ғылыми зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса бағалы үлес болып қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды. Ол бүкіл Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халықтарының географиясын, этнографиясын мен фольклорын зерттеуге үлкен үлес қосты. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында Қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқан да Кенесары сияқты Абылай тұқымы еді. Ол Абылайханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды. Азан шақырып қойған есімі Мұхамедханафия. Алайда, жастайынан басқа балалар сияқты доп қуып, асық ойнағаннан гөрі әжесі Айғанымның қасында отырып алып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Сондықтан болар әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен екен. Балалық шағының алғашқы кезеңін Құсмұрында, кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізеді. Сырымбеттің сұлу табиғаты да оның болашақ ғалым болып қалыптасуына әсер еткен де болар.
Шоқаннның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері мол болды. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс болған. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың ауылында қонақта болған екен. Алғашқы білімін қазақ мектебінде алып, онда арабша және сурет салу өнерін меңгерген. Сонымен қатар араб, ұйғыр, парсы тілдерін меңгереді. Шығыстың ғұлама ғалымдарының еңбектерімен танысады.
Әкесі оны 1847 жылы орыс достарының көмегімен сол кездегі ең бір іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Кадет корпусында білім алып,1853 жылы бітіріп, атты әскер корнеті деген атағын алып шығады, өз мамандығы бойынша қызметке орналасады. Ол жас кезінен Орталық Азияны зерттеген экспедицияларға қатысады. 1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858-1859 жылдары Қашғарияға сапар шекті. Алатау қырғыздарына сапарында ол, қырғыздардың атақты «Манас» жырын алғаш қағазға түсірген. Ал Шоқан Қашғарияға Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін тұңғыш барған ғалым.
Ал 1859–1861 жылдар аралығы Петербургте болған кезеңі оның ең қызықты шақтарының бірі ретінді ойында қалған. Шоқан орыстың аса көрнекті жазушысы Ф.М. Достаевскиймен, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен, шығысты зерттеумен және орыс ғалымдарымен, ақындарымен таныс болып, байланысын үзбеген. Неміс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгерген ол, осы тілдегі ғылыми еңбектер мен карталарды да зерттеумен айналысқан. 1861 жылдары ол өкпе ауруына ұшырайды, асқынып дәрігерлердің кеңесімен туған ауылына оралады. 1865 жылы сәуір айында ауруы меңдеген Шоқан Алтын Емел жотасында (қазіргі Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шоқан деп аталатын ауылында) бар жоғы 30 жасында дүниеден өтеді. академик Әлкей Марғұлан Шоқанның туғанына 150 жылдық тойына арнап ғалымның бес томдық еңбегін жариялады.

ХІХ ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. 90-жылдарға қарай Батыс Сібір географиялық қоғамы бөлімінің мүшелері қатарында Қазақстан аумағында қызметте жүрген және саяси жер аударылған көптеген адамдар: Ф.А. Щербина (Омбы), Л.К. Чермак, А.И. Янкцевич (Петропавл), М.И. Суворцев (Семей), В.А. Рогалевич (Атбасар), Е.П. Михаэлис (Өскемен), Н.Я. Коншин (Семей), Л.А. Кузнецов (Петропавл), Г.А. Галимонт (Семей) болды. Бөлім қызметкерлері арасында Верный, Зайсан, Лепсі, Атбасар, Көкшетау және басқа қалалардан келген адамдар жұмыс істеді.


Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті музей құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім музейлердің бірі болатын.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауылшаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады.
Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды.
Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханов Орыс географиялық қоғамында, оның Батыс-Сібір бөлімінде өзінің ғылыми ынта-ықыласын мейлінше толық көрсете білді. Мәселен, революцияға дейінгі Ресейдегі іргелі еңбектердің бірі – «Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы, ХVІІІ ғ. Қазақ өлкесі» еңбегі авторларының бірі болған Ә.Бөкейханов бүкіл Ресейдің қалың оқырмандарына қазақ халқының тарихи өткен кездің дұрыс көрінісін, оның мәдениетін жеткізе білді. Ә.Бөкейханов сол кездегі қазақ қоғамы өмірінің терең ғылыми көрінісін жасады, орыстың қалың оқырмандары» Абайдың өмірімен және қызметімен тұңғыш рет таныстырды, сол кезеңдегі орыс өмірінің проблемаларына зор түсінікпен қарады.
Оның ізінше ғылыми қоғамдық еңбектерінде Ж.Ақбаевтың, М.Шормановтың басқа да бірқатар қазақ тілшілерінің мақалалары жарияланды.
Қазақстан өлкетану мәселелерін қозғайтын материалдарды жинақтау мен кітаптардың жарық көруіне Ғылым Академиясы қызметкерлерінің, РГО бөлімдерінің, Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімінің, Мәскеу университетінің жанындағы жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойлар Қоғамының, музейлердің, басқа да ғылыми мекемелердің қосқан үлестері зор еді. 1898–1914 жылдары П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің және В.Н. Ламанскийдің редакцияларының басқаруымен «Ресей» көп томды баспасының жарық көруі, оның ішінде өлкетану мамандары жазған «Қырғыз өлкесі» (1903 ж.) және «Түркістан өлкесі» (1913 ж.) жарияланымдар баспаға шықты.
1898–1909 ж. Ф.А. Щербиннің 1906–1912 ж. П.А. Скрыпловтың, 1908–1913 ж. П.П. Румянцевтің, 1904–1911 ж. П.А. Хворостанскийдің, В.К. Кузнецовтың және А.В. Переплетчиковтың басшылықтарымен Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу облыстарындағы қоныстану ұйымдары мен статистер экспедицияларының өлкетану материалдары өте құнды статистикалық деректерге толы. 34 томдық «Қырғыздардың жер пайдаланулары бойынша материалдары», географиялық карталары бар, «Азиаттық Ресей» үш томды жинағы 1914 жылы жарық көрді. Орынбор ғылыми қоғамдары мен мекемелерінің қызметі тарихи өлкетану дамуының бір белесі болғандай.
А.Е. Алекторовтың, А.И. Добросмысловтың, И.И. Крафтың, Я.Я. Полферовтың еңбектері; Батыс Сібір Орыс географиялық қоғамы бөлімінің, Семей облыстық статистикалық комитетінің және Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің өлкетанушылық іздеулері; П.Е. Маковецкийдің, Н.Я. Коншиннің, А.Н. Седельниковтың, В.И. Маевскийдің жарық көрген еңбектері; Сырдария облыстық статистикалық комитетінің, археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің (1895–1917 ж.), Түркістан РГО бөлімінің (1897–1917 ж.), Шығыстану қоғамы бөлімінің (1901–1913 ж.) айналасында біріккен Түркістан ғалымдары мен өлкетанушыларының еңбектері Қазақстанның зерттелуіне үлкен септігін тигізді; И.В. Аничков, Г.А. Арендаренко, Д.Федоров, М.Н. Бродовский, И.И. Гейер, А.А. Диваев, Н.Н. Пантусов, Ф.В. Поярков, А.А. Семенов сияқты ғалымдар өлкенің табиғатын, тарихын, этнографиясын зерттеуге де зор үлестерін қосқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет