Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


Зерттеудің негізгі формалары мен әдістері



бет2/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекция

1.2. Зерттеудің негізгі формалары мен әдістері
Әдіс – зерттеу мазмұндау тәсілі, жолы және тарихи өлкетанудың түрлі салаларының меңгеру амалдарының жиыны ретінде өте маңызды. Сол немесе басқа да салаларды меңгеруге қойылған міндеттерге байланысты ол әртүрлі болып келеді. Ал міндеттер меңгеру пәніне байланысты анықталады. Әдіс табиғат, қоғам мен ойлаудың құбылыстары мен заңдылықтарын меңгеруге бағытталған ережелер мен тәсілдер жүйесі ретінде де көрініс табады. Белгілі бір нәрсені орындау әдістерінің жиынтығы әдіснаманы құрайды. Тарихи факторлардың мәселелік әдісіне негізделген анализі (сараптама) мен синтезін тіркеу жасалады. Тарихи білімдерді талдап қорыту әдісі өте маңызды. Білім жүйелеу қажеттілігін тудырады.
Классификациалау (сыныптау) кешенді өңдеу методикасын қайта өңдеу, деректерді зерттеу мен қолдану, табу тәсілдерін анықтау өте өзекті мәселе болып тұр. Тарихты зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, арнайы маманданған археология және этнология кафедралары бар республикалық алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Бөкетов атындағы ҚазМУ, Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ т.б.) ұйымдастыруымен жүргізілген тарихи-археологиялық, этнографиялық, тарихи-тұрмыстық, экспедициялары нәтижесінде жиналған мол материалдар өлкетануда маңызды рөл атқарады. Экспедициядан жиналған заттай материалдар, ереже бойынша, облыстық өлкелік музейлердің қорлары мен экспозицияларына жіберіледі.
Өлкетану тарихпен, археологиямен, этнографиямен, демографиямен, қосалқы тарихи пәндермен байланысты. Сондықтан өлкетанумен айналысу ғылыми зерттеу жұмысына жағдай жасайды. Зерттеуші өлкетанушылардың қоғамдық өмір тарапынанда жаратылыстану тарапынан да қоршаған ортаға, құбылыстарға, дәлелдерге қызығушылық танытуы осы мәселе бойынша болмыстардың пайда болуына алып келді. Оларға біз мерзімдік және басылымдарды баспаларды жатқызамыз.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие:
1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды;
2) өзіндік жеке сала болып табылады.
Сондықтан тарихи өлкетану саласындағы танушылық, қайта қараушылық, бағалы бағыттылық, коммуникативтік сияқты әртүрлі бағыттар бойынша бөлінеді.
Тарихи өлкетану қоғамдық ой пікірді ерекше қанағаттандыра және қалыптастыра алатын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік және оның механизмі жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әртүрлі себептер мен зерттеулердің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы бұл күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді. Жұмыстың көптілігі мен уақыт кезінде де күрделі болып келеді. Өлкетанудың зерттеу негізіне жергілікті жердің тарихы жатады.
Өлкетану – мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін (жол ашатын) бірнеше ғылыми пәндер кешені.
Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісіне аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет