Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


Археологиялық материалдарды сараптаудың бірінші сатысы



бет7/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
лекция

Археологиялық материалдарды сараптаудың бірінші сатысы (классификация және типология). Археологиялық табылған заттың категориясы, тобы, классы, типі және түрі бойынша дефференциациясын жүргізу керек. Археологиялық табылған заттың бес категориясы: тастан жасалған бұйым, керамикалар, сүйектер, металл, ағаш және басқада материалдар болып табылады. Категориялардың топ бойынша бөлінуі мынандай: керамика: илеу, тек қолдан жасалған және саздан жасалған. Өзгеше екендігін және заттардың ұқсас кешендерінің таралуын картада көрсету қажет. Осы карталар арқылы тайпаның, рулар мен халықтардың қоныстануы, сауда жолдарын анықтау, елдімекендер, қалалар мен қалашықтар аумағының шекарасын анықтау ғылыми тұрғыдан маңызды болып келеді.
Археологиялық жұмысқа дайындық барысы. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу немесе арнайы барлау жүргізу сенім берілген мемлекеттік органдарға «Ашық қағаз» беру арқылы орындалады. Ашық қағаздың категориялары: а) №1 – ерекше археологиялық жұмысқа құқығы; ә) № 2 – ескерткіш алаңындағы кішігірім аумақты барлау жұмысын ашу; б) № 3 – өндірісі жоқ жерге археологиялық барлау жасау; в) №4 – табиғи апаттардан қауіп төну нәтижесінде немесе жерді өңдеу жұмысы барысында археологиялық ескерткіштерді зерттеу. Осындай «Ашық қағаздар» археологиялық орталықтан мекеменің сұранысы бойынша бір ғана адамға бір маусымға беріледі. Сол «Ашық қағаз» берген мекемеге ғылыми қорытынды көрсету қажет.
Археологтың жұмысы дала жұмыстары кезінде өте жауапты, өйткені табылған артефакттарды сақтау қажеттілігі туады. Экспедиция кезінде табылған материалдар мұқият тазаланып, жуылады, арнайы нөмірлер түсіріліп, коллекциялық жазбаға жазылады.
Археологияда ең маңыздысы – табылған ескерткіштің жасын анықтау. Қазіргі кезде классикалық зерттеуден басқа: археомагниттік, дендрохронологиялық және радиокөміртекті (С-14) зерттеулер бар.
Археомагнитті әдіс күйдірілген қыш, кірпіш, керамика бұйымдардың жасын анықтауда пайдаланылады. Өйткені балшықтың магниттелетін қасиеті бар, бірақ оны алдымен қатты қыздыру керек, сонда керамиканың бойында термостатикалық магниттілік пайда болады. Сондықтан керамиканың немесе кірпіштің қай уақытта күйдірілгенін дәл анықтауға болады.
Геологтар мен физиктердің зерттеулері тау қыртыстары мен топырақ қыртыстары жер бетінде пайда болған кездегі магниттілігін сақтайтынын дәлелдеді.
Дендрохронологиялық әдіс ағаш құрылыстар мен бұйымдардың жасын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға дендрохронологиялық әдіс арқылы Шілікті қорғанындағы ағаш бөренелерден құралған саркофагтың жасы дәл анықталды.
Радиокарбондық әдіс тірі жануарлар мен жәндіктер және атмосферадағы бірдей радиоактивті көміртек көлемін зерттеу кезінде қалыптасқан. Көміртектің ағзаға тұрақты келіп отыруы ағзаның өзінің қызметін тоқтатуымен доғарылады. Радиоактивті көміртек тіршілігін тоқтатқан өсімдік пен жануардың ағзасы біртіндеп ыдырайды. Жартылай ыдырау кезеңі 5730 жылға тең келеді. Табылған ескерткіш көне болған сайын онда көміртек азая береді. Қазіргі кезде бұл әдіс ең дәл көрсететін әдістерге жатады. Осы әдіс арқылы 2000-нан астам ескерткіштің пайда болу кезі осылай белгіленді.
Соңғы кездері термолюминесценция әдісі қолданысқа ене бастады. Әдіс бойынша ежелгі керамиканы 400-500 градусқа дейін қыздырғанда жарқырай бастайды. Жарық неғұрлым қатты жарқыраған сайын, керамика соғұрлым ежелгі.
Археологтар үнемі көптеген заттармен жұмыс істейді, оларға: құралдар, ыдыстар, адамдардың қалдықтары, қорғандар мен қалалардың орындары жатады.
Көптеген сынақтардан кейін көптеген заңды қағидаларға өзгерістер әкелді. Генетика археологтарға мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы иттің арғы тегі қорқау қасқыр деп есептелді. Бірақ генетиканың дамуымен қорқау қасқыр мен иттің хромосомалары екі түрлі болғаны соншалық, иттің арғы тегі қорқау қасқыр емес екендігі дәлелденді.
Археологиялық материалды мектеп оқушыларына таныстыру оларды ғылыми ізденушілік жұмыстарына баулауға, ежелгі мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қастерлеуге үйретеді. Бұның бәрі оқушыларға танымдық әсер етеді.
Жергілікті археологиялық материалды тарих сабақтарында кең қолдануға және сыныптан тыс шараларда қолдануға болады.
Археологиялық материалдың ерекшелігі, оны тек кітаппен ғана зерттеу мүмкін емес. Мұғалім оқушыларды тек қана кітап жүзінде ғана емес, археологиялық коллекциялар көрсетіп, жергілікті музейлерге апаруы тиіс. Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-7 сынып оқушыларын сабақ бойынша экскурсиялар мен жергілікті өлкетану музейіне апарған жөн. Экскурсия кезінде оқушыларды тек қана аралатумен ғана шектемей, экспонаттарды түсіндіру керек.
Экскурсия сабағы. Оқу экскурсиясы кезінде әдетте, оқушылармен әңгімелесу және осы уақыт кезінде музей ішінде оларға өздік жұмыс, сосын өздерінен бірге қарандаштар мен дәптерлер әкелу тапсырлады. Тәжірибе көрсеткендей мындай әнгімелесу экскурсия сабақтың тиімділігін арттырады. Оқушылардың өздік жұмыстарынан: 1) олардың көзқарасы бойынша тас дәуірі кезіндегі адамдардың ең маңызды деген 3-4 құралдарын салып келу, 2) палеолит, мезолит, неолит кезеңіндегі тұрақтардың тізбегін салып әкелуді тапсыру; 3) неолит, кола, ерте темір дәуірі ыдыстарының сыртындағы өрнектерді салдырту; 4) музейден алғашқы адамдар ойлап тапқан бірнеше құрылғылардың қазіргі күнге дейінгі түрлерін көрсету сияқты тапсырмалар беруге болады.
Археологиялық үйірмелердің көбі өзіндік зерттеулер, кейбіреулері тек археология жайлы сырттай түсінік ғана жасайды. Мұны түзету уақыты жеткен сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет