Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


дәріс. Тарихи өлкетануды оқытуда этнография және этнология ғылымдарының орны



бет8/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
лекция

4 дәріс. Тарихи өлкетануды оқытуда этнография және этнология ғылымдарының орны
Өлкетанудың этнографиядағы рөлі. Этнография тарих ғылымы сияқты халықтардың мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шаруашылық-мәдени түрлерін, өмір сүру жүйелерін, этногенезі мен этникалық тарихының мәселелерін, халықтардың мәдени-тарихи өзара қарым-қатынастары мен орналасуын зерттейді.
Этнография термині грек сөздерінен «этнос» – ел, халық және «графо» – жазамын немесе «логос» – зерттеймін, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі – әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін – антропология саласының бірі ретінде қарастырылады.
Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында Еуропа мен Америка елдерінде қалыптасты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды. Оның негізгі себептерінің бірі Ұлыбритания империясының құрамына енген жүздеген елдерді басқару қажеттілігі еді. Аталмыш ғылымның негізін салған А., Бастиан, И. Баховен, Эд.Тэйлор, Л.Г. Морган, Дж. Леббок сияқты ғалымдар көбінесе, ағылшын империясы құрамындағы өркениеттік даму дәрежесі төмен тайпалардың әдет-ғұрыптары, материалдық мәдениеті мен руханиятын, басқа да ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Этнографияның бұл саласын ғылымда «этнология» деп атайды. ХІХ ғасырдың 30-40-жылдарында Еуропа және Америкада алғашқы этнологиялық қоғамдар қалыптасты. 1839 жылы «Париж этнологиялық қоғамы», 1842 жылы «Америка этнологиялық қоғамы» құрылды.
ХVІІ–ХVІІІ ғасырларда «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен шұғылданды. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға арналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады.
Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріндегі тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескеріледі. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, тұрақтары, қорым, зираттары, қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінеді. Ғылымның бұл бағытын «этноархеология» деп атайды.
Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді соны айту. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылады. Этнографияның басқа тарихи пәндермен, әсіресе археологиямен, антропологиямен, мәдениеттанумен, географиямен, архитектурамен және этнолингвистикамен байланысады. Бұдан басқа ол жазбаша және графикалық құжаттарды, заттық және тұрмыстық материалдарды пайдаланады. Ал осының өзі этнографияны басқа тарихи ғылымдардан ерекшелейді.
Этнография түрлі әлем халықтарының, нақты елдің, аймақ пен облыстардың ортасында тұрмыстық және мәдени үдерістерді зерттеумен айналысады. Тұрмыс деп жеке және қоғамдық өмірдің үйреншікті, қалыптасқан, дәстүрлі формаларын атайды. Бұл тұрмыс формалары барлық этностарда ортақ, сондай-ақ айырмашылықтары да болады. Этнос мәдениеті деп бір этносқа қатысты барлық мәдени жетістіктер жиынтығын атайды.
Мәдениеттің: өндірістік, өмірді қамтамасыз ететін, әлеуметтік нормативті және танымдық сияқты төрт жүйесін атауға болады. Мәдениеттің өндірістік жүйесі деп қолданудың өндірісі шектелген көлемде материалдық керек-жарақтар, еңбек құралдардың өндірілуін атайды. Өмірді қамтамасыз ететін жүйеге тікелей өмірі мен қызметін қолдауға бағытталған механизмдер мен құралдар жиынтығы жатады. Сондықтан да онымен байланысты кешендерді, мысалы, баспанасы мен елді мекендерін, тағамдары мен ыдыстарын, киімдері мен әшекей бұйымдарын жүйенің құрамды бөліктері ретінде қарастыруға болады.
Мәдениеттің әлеуметтік нормативті жүйесіне әдет-ғұрып, рәсімдер, діни институттардың едәуір бөлігі, түрлі әлеуметтік құрылымдар жатады. Мәдениеттің танымдық жүйесіне білім мен тәжірибенің ғылыми және эмпирикалық жиынтығы, сондай-ақ сезім жолымен жүзеге асатын таным саласы да қатысты.
Этнография өлке тарихы мен мәдениет генезисін оқып-түсінуге көмектеседі. Мысалы, Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орныққаны белгілі. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашқы кездерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылык болды, онда мал шаруашылығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбеген еді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына карай көрініс өзгерді: шаруашылықта, археологиялык деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және қыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі. Тұрғындардың көшіп-қонуы артып, далалық жайлымдың алқаптарды игеру үдерісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақташы тайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылық қызметінің жаңа түрі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола калыптасуы үшін қажетті алғышарттар жасады.
Б. з. б. I мынжылдықың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларыңда, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылық түріне айналады. Мұндай өзгерістер бірқатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бастысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар болатын.
Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғы мен I мыңжылдыктың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын қуаңсарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудан-дарда оны күрт кысқартты. Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары ішінде үздіксіз көбейе түскен халык пен өндіргіш күштердің осы халықты күнкөріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе – жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді. Тайпаларының өмірінде экономикалық ірі прогресс, алғашқы коғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан қадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т.б. түрінде артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Этнографиялық дереккөздердің жиынтығы. Этнографиялық дереккөздер түрлері: мәдениеттің материалдық заттары – артефактілер; аңыз-әңгімелер немесе мемораттар; классикалық жазбаша нарративті дереккөздер.
Этнографтардың негізгі зерттеу дерек-көздері – далалық экспедициялық материалдар. Далалық бақылаулар түрлері біршама алуан түрлі. Дала күнделігі, әңгімелер жазбасы, қарындашпен салынған бейнелеу суреттері, фотосуреттер, таспалық жазбалар, киносъемкалар және т.с.с. барлығы далалық этнография жұмыстарын жүргізуге өте қажет. Зат ескерткіштерін: дәстүрлі ұлттық киімдерді, әшекей бұйымдарды, түрлі үй ыдыстарын жинау. Тарихи-өлкетану және этнографиялық музейлерге тапсыруды талап етеді.
Этнографтың далалық жұмысында екі басты әдіс бар: жылжымайтын және экспедициялық. Жылжымайтын әдіс – бұл зерттеушінің өзінің тұрғылықты жерінде немесе ұзақ уақыт бойы бір жерде бақылау жұмысы. Екінші әдіс – зерттеу жұмыстары кезінде бір жерде немесе түрлі пункттерде аз уақыттан болып орын ауыстырып тұруы.
Этнографтардың киімді дайындау әдістері, үй құрылыстары, этностардың материалдық және рухани мәдениеті объектілерінің терминологиясы мен этимологиясы бойынша мәліметтер жинау өте маңызды болып табылады. Қазіргі заманғы этнографиялық зерттеулердің негізгі әдістері біршама жетіліп келеді. Қазіргіні бұрынғымен салыстыру, содан қорытынды жасау тарихи өлкетану үшін қажет.
Елді мекендерді зерттеу тарихи өлкетану мен этнографияның маңызды міндеті болып табылады. Республикалық немесе облыстық мұрағаттардың, республикалық немесе облыстық, аудандық музейлердің материалдары негізінде нақты объекті жоспарын қолдану өте маңызды. Ауылдардың, кенттердің құрылуы мен дамуын, жоспарын талдау керек.
Елді мекендердің үш негізгі түрі: 1) ұялы; 2) шеңберлі; 3) сызықты. Ұялы ауылдар жекелеген ұсақ ауылдар тобы тәрізді. Бастапқы шағын ұядан біраз халқы бар, аумағы үлкен ірі ауылға дейін өседі. Ұялы ауылдар түйдек ауылдардың бірі түрі іспетті. Бұлардың эволюциясы шеңберлі ауылдардың мұрағаттарында көне тас ғасырынан бастап, ХХ ғ. басына дейін жалғасады. Бұндай ауылдардың қандай да орталықтың айналасында пайда болуы: көлдердің, қамалдардың, сауда алаңдарының және т.с.с. Көне дәуірден бастап, неолит пен энеолиттен бастап, шеңберлі тұрақтардың болуы. Көл айналасында орналасқан ауылдардың шеңберлі жоспарының айқын көрінісі. Ежелгі шеңберлі жоспардан уақыт өте келе радикалды жоспар пайда болған. Шеңберлі жоспардың бірқатар түрлері, оның ішінде жаңа дәуірге қатысты радикалды жоспарлар бар. Әсіресе, жазбаша дерек-көздердің көрсеткіштерімен салыстыру ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттау үшін өте құнды материал береді. ХХ ғ. сызықты тәртіп жоспарымен орналасқан ауылдардың кеңінен орын алуы. Жоғарғы жағалауда орналасқан, сызықты жоспармен салынған ауылдар отырықшы егін шаруашылығының дамуымен байланысты. Сызықты елді мекендердің жанында бақшалары бар үй-жайлар, ал ара-тұра жайылымдар жиі кездеседі.
Туысқандықтарымен байланысқан бірнеше отбасылардың бір ауылға бірігуі. Туысқандардың жақын көрші ауылдарға орналасуы кездеседі. Киіз үйлердің қатар немесе жартылай шеңберлі, түзу сызықпен немесе доға тәрізді оңтүстікке қарай орналасуы қазақ ауылына тән.
Ауылдардың өлшемдерінің өзгеруіне Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің ықпалы, өндірістік ауылдардың дамуы, жайылымдардың қолданылуы, ыңғайлы орналасу деңгейі әр-түрлі. Ауылдар өлшемінің жайылым өлшемдеріне тәуелділігі тағы байқалады. Өзендер жағасындағы, шөбі шүйгін жайылымдарда жағдайы орта малшыларға тән ауылдардың іріленуі; жағдайы жақсы шаруашылықтарға арналған далалы, таулы аймақтарда ауылдардың азаюы орын алып келеді. Қысқы қыстақтардағы бір қоныста шағын шаруашылықтар санының бірігуі, жазғы жайлауларға бірнеше қысқы ауылдардың көшуі, әлеуметтік құрамы бойынша ауылдардың бөлініп, жіктелуі, міне, осының бәрі тарихи өлкетану үшін өте қызықты болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ауылдар түрлері жергілікті көшпенді қазақтарды қоса, халықтардың түрлі сатыдағы өмірлері туралы мұрағат дереккөздерінің көрсеткіштерін толықтыратын көрнекі құрал саналады. Аталған этнографиялық дереккөздерінің ерекше мәні әртүрлі тарихи дәуірлерде (ежелгі, орта ғасыр және жаңа дәуір) ауылдарды әлеуметтік-экономикалық сипаттаудың негізі болып келеді. Жоспарларда тек қана ауылдың сыртқы түрі ғана емес, сонымен қатар халықтың өмірі мен тұрмысы да бейнеленеді. Кейде жоспарлардың чертеждері арқылы түрлі тарихи кезеңдерден өткен ауыл тарихын бақылауға болатынын ескеру қажет.
Қазақ киіз үйі түрік киіз үйлерінің түрлері: жартылай сфералық доғалы (Ш.Ш. Уәлиханов бойынша сфериодалды), Р.Карутц бойынша доға тәрізді, Н.Н.Харузин бойынша шеңбер тәрізді. Киіз үйдің ағаш қаңқасының құрамы: 1) кереге – жылжымалы тор тәрізді негізі; 2) уық – күмбезді сырғауылдар; 3) шаңырақ – шеңберлі күмбез; 4) есік (сықырлауық), кереге мен уыққа арналған сырғауылдар саны, шаңырақтың бекітілетін ағаштарының тоғындары мен орналасуы, киіз үйдің есігінің бағанасы мен екі жаққа ашылатын қақпашалары, киізден жасалатын есік, 6, 8, 10, 12 қанатты киіз үйлер; Киізбен қапталатын киіз үйлер: 1) туырлық – киіз үйдің негізгі жабындысы; 2) үзөк – киіз үй күмбезінің жабындысы; 3) түндік – шаңырақтың жабындысы, бекітілетін баулары, белбеулер, басқұрлары, киіз үйдің бекітілуі, киіз үйдің ішкі жинақылығы таңғалдырады.
XIX–XX ғасырлар басындағы қазақтардың ауыспалы тұрақты үйлері пайда болады. Көшпенді халықтар арасында тұрақты үйлердің пайда болу себептері отаршыл саясаттың күшеюімен байланысты. Қыстақтарда тұрақты үйлер салынуының жаппай құрылысы, экономикалық және табиғи жағдайлардан туындаған және этникалық көршілеріне байланысты тұрғылықты үйлерді салудағы ерекшеліктер (құрылыс техникаларында, жылыту жүйесінде, шарбақтың жоспарында және т.с.с.) байқалады. Конус тәрізді шатыры бар шеңберлі немесе шаршылы жоспармен салынған үйлер тұрақты үйлердің көне түрлерінің бірі. Жалпақ немесе екі жақты шатыры бар, тік төртбұрышты үйлер жер үй түрі болып көрсетіледі. Олардың конструктивті ерекшеліктері: тоқылған, шымды, қамыстан, тастан, бөренеден жасалған. Құрылыс материалдарын таңдауда географиялық, әлеуметтік және шаруашылық факторлар әсер еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет