2.2. Орта ғасыр және кейінгі ғасырлардағы Қазақстанның тарихи өлкетану деректері ●Араб деректері. Орталық Азиядағы көршілес және алыс халықтар мен тайпалар туралы мәліметтер араб халықтары дәуіріндегі Шығысты жаулап алу кезеңінде пайда болды.
Араб жазбасы қазірде Орта Азия мен Қазақстанда медресе, діни мектептерде қолданылады. Ол Х ғ-дан 1929 жылға дейін ресми түрде қолданып келді. Араб, одан кейін парсы тілдері орта ғасырларда халықаралық тілдер қатарына жатқызылды. Осы тілде шығыстың ұлы ғұламалары: әл-Фараби, Бируни, Фирдоуси, Омар Хайям жазды. Махмуд Қашғари, Әлішер Науаи, Әбілғазы хан және әл-Фараби, Ұлықбек,Қыдырали,Баласағұни, Яссауи трактаттары кеңінен таралды.
Арабтардың классикалық тарихи шығармаларында Қазақстан халықтары және арабтардың Оңтүстік Қазақстан аудандарын жаулап алулары туралы өте көне деректер IX ғасырдағы ойшылдардың ал-Балазури, ат-Табари – пайғамбарлар мен (Тарих ар – расул ва-л-мулук ) патшалардың тарихы және (Китаб футух ал-булдан) елдерді жаулап алуы кітабында кездеседі. Қазақстандағы түрік тайпалары және олардың шекаралары туралы ал-Джахиздің «Манакиб ал-атрак» («Достойнство тюрок») деген еңбегінде сипатталған. Араб Тамим ибн Бахр IX ғ. бірінші жартысында солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс өзені бассейнінде орналасқан қимақ елдері арқылы хакан тоғыз-оғыз астанасына саяхатқа шыққан.
Араб тілді географиялық шығармада Қазақстан территориясына қоныстанған тайпалар туралы мәліметтер кездеседі: IX ғ. Ибн Хордадбеханың «Китаб ал-масалик ва-л мамалик» («Книга путей и городов») деген әкімшілік-географиялық анықтамасы бар. Сауда тасымалдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін әртүрлі елді-мекендер, қалалар, Ұлы Жібек жолы бойындағы елдімекендер бағыты арқылы жүргізілген.
Тарихшы Әл-Якубидің «Книга стран» атты географиялық шығармасында Қазақстан түріктері келтірілген. Арабтың географы және филологы Кудам ибн Джафардың (X ғ.) «Китаб ал-Хараджи ва Санъет ал-китабы» («Книга о харадже и искусстве секретаря») және араб географы Ибн ал-Факи ханның (IX-X ғ.) «Книга рассказов о странах» (Китаб ахбар ал-булдан) атты географиялық-әкімшілік шығармаларында қыпшақтар, оғыздар, қимақтар, сауда нүктелері, қалалары, елді-мекендері және Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арасындағы қашықтық жан-жақты зерделеген. Ибн Фадлан және Абу Дулафтың «Жазбалары» («Рисала») атты еңбегінде қазіргі Қазақстанның батыс облысындағы көшпенді түркі тайпаларының тарихи-географиялық сипаттамалары берілген. Араб тарихшысы және географы ал-Масудидің Қазақстанның ерте орта ғасырдағы тарихи географиясына қатысты 30 томдық «История времени» атты тарихи геогафиялық әнциклопедиясында түрік тайпалары туралы тарихи-географиялық деректер зерделенген.
Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан мен тұрғындарының тайпалық құрылымдары және қалалар мен сауда жолдары жайлы Өте маңызды деректерде ал-Макдисидің «Лучшее разделение познания климатов», Исхак ибн ал-Хусейннің «Груды жемчугов с описанием знаменитых городов в любом месте», ал-Марвазидің «Природные свойства животных», ал-Идрисидің «Развлечения истомленного в странствии по областям», Ибн Баттуттың «Подарок созерцающим о диковинках городов и чудесах путешествий», Ибн Хальдунның «Книга назиданий и поучительных примеров» атты еңбектерінен кездестіруге болады.
●Парсы деректері. Тарихты зерттеулердің аталмыш уақыт кезеңі көршілес және шығыс мемлекеттерінің жекелеген авторларының негізінен жазбаша материалдарына жүгінеді. Нарративті шығармаларындағы маңызды материалдар негізінен тарихи, географиялық және мемуарлы шығармалар болып табылады. Олардың ең бастысы парсы тілінде жазылған. Бұларды араб, түрік және шағатай тілдеріндегі шығармалар толықтырады, көрсетілген деректегі алшақтаған деңгейі әртүрлі. Көршілес жатқан шығыс Түркістандық авторлардың еңбектері нақты деректермен жазылған. Сонымен бірге, өте көлемді және жеткілікті нақты мәліметтер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу туралы жазылған.
Ала ад-дин Ата-Малик Джувейнінің (1260 ж.) «История миропокорителя» атты еңбегінде XIII ғасырдағы Қазақстан шекарасындағы қалалар мен ауылдар, Шағатай мен Жошы ұлыстарының қоныстануы туралы деректер берілген. Фазалаллах Рашид ад-диннің «Сборник летописей» атты XII–XIII ғ. еңбегінен тарихи-география мен тарихи-әлеуметтік негізгі деректерді монғол және түрік тайпалары мен халықтардың тарихынан көруге болады. Низам ад-дин Шами «Зафар-наме», Шараф ад-дин Йазди, Муин ад-дин Натанзи «Мунтахаб ат-таварих-и Му-ини», Хафиз-и Абру «Маджма ат-таварих» 4-томнан және әл-Джурджанидің «Масалик аль-мамалик» атты зерттеулерінде Дешті Қыпшақ және Оңтүстік Қазақстан, Жетісу мен Шығыс Қазақстанның тарихи географиялық деректері зерделенген.
Көрнекті тарихшы және әдебиетші мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи и Рашиди» (XIV-XV ғ.) атты зерттеулерінде Қазақстан хандығының тарихына байланысты Моғолстан мен Қазақстан территориясына көршілес жатқан мемлекеттерге қатысты маңызды деректерді көруге болады. Камал ад-дин Бинайдің «Шайбани-наме» және «Футухат-хани» еңбектерінде Дешті Қыпшақтың тайпалары, Сырдария түбегіндегі Отырар, Сығанақ, Сауран қалалары және Қазақ хандығы тайпалары туралы құнды мәліметтерді көре аламыз. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің (XV-XVI ғ.) «Михман-наме-йи Бухара» атты зерттеулерінде Дешті Қыпшақ және Түркістан, Сырдария маңындағы Оңтүстік Қазақстан қалалары туралы тарихи-географиялық мәліметтер жазылған.
Масуд ибн Кухистанидің «Тарих-и Абулхайрхани» атты зерттеулерінде Дешті Қыпшақ халықтарының ру-тайпалық құрамы туралы келтірген. Зайн ад-дин Васифи «Бадаи аль-вакай» деген еңбегінде Сырдария маңындағы қалалардың өмірі, әртүрлі елдер, жерлер туралы жазылған. Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммад Бухаридің «Шараф-наме-йи шахи» атты еңбегінен Сырдария маңындағы қалалардың экономикалық және этнографиялық жағдайларын, Қазақстанның шекаралары туралы әртүрлі деректерді кездестіруге болады. Махмуд ибн Валидің «Бахр аль-асрар фи манакиб аль ахйар» атты әнциклопедиялық еңбегінде (XVII ғ.) Қазақстанның кейінгі ортағасырлық тарихы, тарихи-географиясы, Сырдарияның орта ағысындағы қалалары сипатталып жазылған.
●Түркі деректері. XI ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан шекарасында ерте ұйғыр және түрік жазбалары таралды. Турфан оазис құжаттарынан IX–X ғасырларда Түркі ордасында соғды жазуы кең етек жайды. Кейінгі кезеңдегі түркі деректері Абдаллах Балхидің «Зубдать аль-асар» атты еңбегінде келтірілген. Тарихшы, ақын, басшы Ұлы Моғол империясының негізін қалаған – Бабурдың (1483–1530) «Бабур-наме» деген еңбегінде қазақтардың этникалық тарихы, Жетісудағы Моғол туралы деректер, Шығыс Дешті Қыпшақтағы Абулхайырдың мемлекетін, Оңтүстік Қазақстан тарихи-географиясы жан-жақты зерделенген.
Өздерінің шығармашылығын түрік тілінде: Махмуд Қашғари, Әлишер Навои, Әбілғазы-хан, Ұлықбек, Баласағұни, Яссауи трактаттары кеңінен таралды.
Тарихи шығарма «Чингиз-наме» деген Өтеміш-Қажы еңбегінде орта ғасырдағы Қазақстан халқының саясаты, әтносаясаты, әлеуметтік-мәдени өмірі көрініс тапқан. Шығыстағы Дешті Қыпшақ, Сырдария маңындағы қалалар, түркі-моңғол тайпаларының құрылуы Мұхаммад Салихтың «Шайтани наме» деген оқулығында берілген.
Қадырғали Жалаиридің «Жами ат-таварих» (1602) атты тархи еңбегінде Қазақ хандығының XV-XV ғасырлардағы тарихи географиясы мен тарихы жазылған. Абулғазидің «Генеалогии тюрков» («Шаджара-ий тюрк») атты еңбегінде Орталық Азияның аумағындағы көп облыстардың саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихи, этнографиялық және тарихи-географиялық деректері керемет зерделенген.
●Орыс және батыс деректері. Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихын зерттеуде Сібір жылнамалары: «Строганов жылнамалары (XVII ғ.)», С.Есиповтың «Сібір жылнамасы (1687 ж.)», «Ремезовтың жылнамасы (XVIII ғ.басы)». маңызды дерек болып табылады. Бұларда осы территориядағы және Сібірдегі тайпалардың жіктелуі жайлы мәліметтер бар. XVII ғасырдағы қазақ далалары арқылы Ресейге Бұхарадан және Хиуадан қырыққа жуық елшілік және Орта Азияға 9 орыс елшілігі кесіп өткен. «Үлкен сызбаларға» арналған зерттеуде қазақ туралы мәліметтер бір тарауда қамтыған. С.Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабында» көрсетуге мүмкін болған барлық географиялық объектілер – таулар, өзеңдер, көлдер, өткелдер, құдықтар сонымен қатар, олардың елдімекендер, олардың арақашықтығы, Қазақстан территориясына қатысты тарихи-географиялық мәліметтер жақсы берілген.
XIV–XVII ғасырлардағы Азиялық елдерге және Ресейге дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің (Г. де Клавихо, С.Герберштейн, И.Барбаро, А.Контарини, А.Вид, А.Дженкинсон, Ф.Авриль, А. Омарий) саяхаттары мен іс-сапарлары қазіргі Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер жайлы тарихи-өлкетанулық және этнографиялық мәліметтерден тұратын жаңа нарративті деректер базасының құрылуына алып келді.
Орыстың картографиялық материалы қолданылған С.Герберштейн мен А.Видтың карталарында Жайыққа дейінгі жерлер көрсетілген. 1558 жылы Мәскеудегі ағылшынның «Мәскеу компаниясының» тапсырмасымен саудагерлік мақсатта, Орта Азияға жіберілген А.Дженкинсонның (1562 ж.) картасы Қазақстан жайлы географиялық мәліметтерді толықтыра түсті. Картада ол қазақтарды Сырдария жағалауы маңынан, ал ноғайларды Жайық жағалауы маңында қоныстанғанын көрсеткен.
Жазба деректерге қысқаша шолу жасай отырып, нарративті ортағасырлық Шығыс, орыс және Батыс деректерінің көп бөлігі ғылыми айналымға енген деп қорытынды шығаруға болады. Шығыс авторларының еңбектеріндегі Қазақстанға қатысты тарихи материалдар өзара байланыссыздығымен сипатталады. Онда саяси тарих, ондағы тайпалардың, халықтармен билеушілердің көрші елдермен қарым-қатынасы тарихы жайлы мәліметтер берілген. Ал этникалық құрамы, шаруашылық түрі, рухани және материалдық мәдениеттілігіне қатысты мәліметтер үзінді түрінде келтірілген. Шығыс деректеріндегі мәліметтер батысеуропалық, кейіннен орыс саяхаттанушылардың, елшілерінің, ғалымдарының жаңалықтарымен, сонымен қатар орыс жылнамалары мен мұрағаттарындағы мәліметтермен толықтырылады.
●Халық ауыз әдебиетіндегі өлкетанулық материалдар. Жырау поэзиясы XVI–XVIII ғасырлардағы хандықтың негізгі ойшылдары, хан қызметкерлері мен кеңесшілері, тайпаның әскер-басшылары ретінде қарастырылған. Далалық ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғалары – Шалкиіз Тленшіұлы (1465–1560), Доспамбет жырау (1490–1523), Жиембет жырау (XVII ғ.), Марғаска (XVII ғ.), Ахтамберді (1675–1768), Тәттіқара (1705–1780), Умбетай (1697–1786), Бұхар жырау Қалқаманұлы (1698–1778).
Есім, Тәуке, Тұрсын, Абылай хандар, Төле, Қазыбек , Әйтеке, Сырым билер жайлы, Бөгембай,Есет, Қабанбай, Қарасай т.б. батырлар және т.б. тарихи-эпикалық, тарихи-батырлық мазмұндағы шығармалар өлке тарихы бойынша таптырмас құнды деректер. Поэзияда «Ұлы жұт» кезеңдегі Қазақстанның сол немесе өзге де аймақтарындағы оқиғалар жақсы суреттелген: («Ақтабан шұбырынды») «Қаратаудың басынан көш келеді», «Күншығыстан ызғарлы жел келеді» әндерінің мазмұны осыған сәйкес келеді .