Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы №71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі



Дата31.12.2019
өлшемі16,87 Kb.
#55120

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Сагындыковна

Қазақ әдебиеті 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі


 Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша шолу жасай отырып, ақын шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу шеберлігін, талдау жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:  жаңа сабақ материалын өздігінен игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, «Дана, дара ақын» видеокөрсетілімі, суреттер, кітаптар.

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

II.  Үй тапсырмасын сұрау («Кубизм» әдісі арқылы)

  1. Мағжан Жұмабаев кім және оның қандай шығармалары бар?

  2. Ақынның «Сүйемін» өлеңінің негізгі идеясын анықтап, өлең жолдарымен дәлелде.

  3. М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жатқа айт.

  4. Ақынның «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқы.

  5. «Мен толқынмын» тақырыбына шағын мәтін құра.

  6. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

III. Жаңа сабақ:

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен



М. Әуезов.

«Дана, дара ақын» видеокөрсетілімі және Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтар көрсетіледі.

Мұғалім сөзі:

 Жамбыл бабамыз өз шығармаларының бірталайын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады («Ленинградтық өренім» және т.б). Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.   1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепропетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.



ІV. «Аттандыру» өлеңі (Өлеңді мәнерлеп оқып беремін).

V. Жаңа сабақты бекіту:

Сөздікпен жұмыс: арғымақ, арлы, алды едің, ағат баспа, аңғарлы жан сөздерінің мағынасын тану (түсіндірме сөздік арқылы)

Топқа бірігу: «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады», «Отанын сатқан оңбас» мақалдарының кеспе қағаздары арқылы оқушылар 3 топқа бірігеді.

Әрбір топ оқулықпен жұмыс жасай отырып және видеокөрсетілім мен слайд бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы тірек сызбаны толтырып, постер жасап, әңгімелеп береді.

Әдебиет теориясы.

Бата алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата беру адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Батаның түрлері: ақ бата теріс бата, серттесу батасы.



Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.

VI. Қорытындылау.Бағалау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың ерліктерін әңгімелей отырып,   Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстыру.



I. Үйге тапсырма.

  1. Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру»  өлеңін  жатқа айту.

  2. Ізденіп, бір бата жаттап келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет