Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


-6дәріс. Тарихи өлкетанудағы жазба деректердің және ауыз әдебиетінің рөлі



бет9/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
лекция

5-6дәріс. Тарихи өлкетанудағы жазба деректердің және ауыз әдебиетінің рөлі
Халық ауыз әдебиетіндегі өлкетанулық материалдар. Жырау поэзиясы XVI–XVIII ғасырлардағы хандықтың негізгі ойшылдары, хан қызметкерлері мен кеңесшілері, тайпаның әскер-басшылары ретінде қарастырылған. Далалық ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғалары – Шалкиіз Тленшіұлы (1465–1560), Доспамбет жырау (1490–1523), Жиембет жырау (XVII ғ.), Марғаска (XVII ғ.), Ахтамберді (1675–1768), Тәттіқара (1705–1780), Умбетай (1697–1786), Бұхар жырау Қалқаманұлы (1698–1778).
Есім, Тәуке, Тұрсын, Абылай хандар, Төле, Қазыбек , Әйтеке, Сырым билер жайлы, Бөгембай,Есет, Қабанбай, Қарасай т.б. батырлар және т.б. тарихи-эпикалық, тарихи-батырлық мазмұндағы шығармалар өлке тарихы бойынша таптырмас құнды деректер. Поэзияда «Ұлы жұт» кезеңдегі Қазақстанның сол немесе өзге де аймақтарындағы оқиғалар жақсы суреттелген: («Ақтабан шұбырынды») «Қаратаудың басынан көш келеді», «Күншығыстан ызғарлы жел келеді» әндерінің мазмұны осыған сәйкес келеді .
Тарихи-топонимикалық аңыздар. «Ыстық көл туралы аңыз», «Қорқыт туралы аңыз», «Оқжетпес», «Атасу», «Тоқпанның балалары», т.б. атты зерттеулерде өте көне кезенде өмір сүрген тарихи тұлғаға қатысты белгілі бір жердің тау, көл, су, т.б. тарихы келтірілген.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық пікірде тарихи ес мәселесіне айрықша көңіл беріліп, жиі назар аударуда. Тарихи зерденің елеулі бір саласы ретінде танылған адамзат баласының тербеліп өскен төл бесігі – жер Ананың географиялық елді мекен атауларына дейін қоғамдық пікірде қайта ерекшеленіп, сын көзбен қаралып, жаңаша мән-мағына берілуде. Атамекен жеріміздегі топонимикалық атаулардың шығар көзі – ғасырлар бойы фольклор мен эпостық, тарихи жыр-дастандар арқылы тарих кешінде жиі алмасқан ұрпақтар сахнасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде тұрақтанып қорланатын тарихи естің жиынтығы іспеттес. Түркі халқының тарих сахнасына шығып, мемлекет құрған кезеңі, Түркі қағанаты дәуіріндегі елді мекен, жер-су атаулары тікелей сол халықтың ана тілінде жасалып, сап алтындай қоспасыз таза сақталған түрін тасқа мәңгілікке қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері талассыз айғақтап отыр емес пе?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет