11дәріс. XX ғ. 20- жылдарындағы Қазақстандағы тарихи-өлкетану ісінің дамуы. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. ғалымдар қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты.
Кирревкомның тарихи-статистикалық бөлімінің қызметі (1919 ж.), Наркомпростың білім, әдебиет, өнер, музей, мұрағат жөніндегі ғылыми бөлімі (1920 ж), ал 1921 жылдан бастап – Наркомпростың БастыМузей мен БастыМұрағат кіретін Академиялық орталығы болды.
Қазақстанды зерттеу қоғамы (ҚЗҚ), А.Диваев, П.А. Гра, А.Л. Мелков, С.М. Петров, А.А. Четыркина, А.П. Чулошников және т.б. атақты зерттеушілердің ұсынысымен және тікелей қатысуымен 1920 жылы ашылған, төңкерістен кейінгі өлкетанулық жұмыс орталығы болды. 1920 жылы Казнаркомпрос құрамынан Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы мен Орыс географиялық қоғамның Орынборлық бөлімшесінің мұрагері ретінде Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы (1925 жылдан бастап-Қазақстан) бөлініп шықты.
Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының қызметі кезінде Орынбор (1920–1925 ж.), Қызылорда (1925–1929 ж), Алма-Аты (1929 жылдан бастап) зерттелді. Қоғамның мақсаты мен міндеті – оны аймақтарға бөлу. Мектептік өлкетану бөлімі ұйымдастырылды (1924 ж.). Семейдегі Қазақстан өлкетану қоғамының бірінші конференциясы (1924 ж.) өтті.