ШРКт- топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;
ШРК о- азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.
ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері,тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады:
- топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір руалы қалдықтың мөлшерден аспауы қажет;
- заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрациясы;
- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін концентрация.
Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қоғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді. Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК- заттардың уақытша рауалы концентрациясы анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оны есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішектің таяқша құртының (коли-титр), шыбынның балапын құртының, гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады. Гигиенгалық нормативтер алты көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар: органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі); жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері; фитоаккумуляциялық (транслокациялық); су-миграциялық; ауа-миграциялық және санитарлы-токсикологиялық. Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 13 кестеде көрсетілген.
Кесте 13- Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары
Достарыңызбен бөлісу: |