Кеуектілік (пористость) – бұл топырақтың қатты фаза бөліктерінің арасындағы барлық кеуектердіңкөлемінің қосындысы. Кеуектілік келесі формуламен есептеледі:
мұнда, – топырақ тығыздығы,г/см3; –топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см3.
Минералдық топырақтардың әртүрлі қабаттарында оның кеуектілігі кең мөлшерде (25-80%) құбылады, гумус қабаттарында 50-60%, ал батпақты шымтезектерде 80-90% болады.
Топырақтың кеуектілігі ең алдымен оның құрылымына, тығыздығына, механикалық және минералдық құрамына байланысты болады. Топырақта ауаның және судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне қарай әртүрлі болады. Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді. Топырақтың жыртылған, қопсыған қабатында жартысына дейін кеуектер болады да, қалғаны топырақтың қатты бөлігінің үлесіне тиеді. Шымтезекті топырақтарда кеуектілік одан да артық, ал құм топырақтарда 30-40%-дай болады. Өсімдіктер тамырлары кеуекті топырақтарда жақсы өсіп, оңай таралады.
Иленгіштік – сыртқы күштің әсерінентопырақтың өз тұрпатын бұзбаужәне механикалық әсер аяқталған соң бастапқы қалпын сақтау қабілеті. Иленгіштік топырақ ылғалдылығына тәуелді. Құрғақ топырақтың иленгіштік қасиеті жоқ. Қатты ылғалданған топырақтар ағып, иленгіштігін жоғалтады.
Жабысқақтығы – бұл ылғал топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті. Жабысқақтық металл пластинканы топырақтан жұлып алуға жұмсалатын күшпен анықталады, г/см2 өлшенеді. Топырақты жабысқақтығына байланысты (Н.А. Качинский бойынша) былай жіктейді: тұтқырлығы шексіз (>15г/см2), тұтқырлығы күшті (5-15), тұтқырлығы орташа (2-5) және тұтқырлығы әлсіз (<2 г/см2).
Жабысқақтық топырақтың механикалық құрамына, дисперстік дәрежесіне, сіңірілген катиондар құрамына, құрылымына және ылғалдылығына байланысты болады. Гумус мөлшерлері көп топырақтар тіпті ылғалдылығы жоғары болғанның өзінде де жабысқақты болмайды.
Ісіну – топырақтың ылғалдануына байланысты көлемінің ұлғаюы, ол топырақтың механикалық, минералдық және химиялық құрамына байланысты болады. Құрамында сіңірілген натрий бар балшықты топырақтар көп ісінеді.
2>
Достарыңызбен бөлісу: |