Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет24/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер

  1. Д.Әлімжановтың , Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы .-Алматы: Мектеп,1965.

  2. Ә.Исабаев. Қазақ оқытудың дидактикалық негіздері.-Алматы: Қазақ университеті, 1993.

  3. А. Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Санат ,1995.

  4. Оралбаева Н., Жақсыбекова К. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: Ана тілі, 1996.

  5. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту.- Алматы 2006.

  6. Әбілқаев А., Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы:2009

  7. Бейсенбаева З.Б. жоғары оқу орындарына қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы 2009

  8. Әлімжанов Д.,қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы,1965

  9. Сатбекова А.А. қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 1983

  10. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-1995

  11. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.-А,2001

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

  6. http://nachalka.semonfo.ru



9- тақырып. Сөйлесім әрекеті - қазақ тілін деңгейлік оқытудың тетігі. Тыңдалым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілін оқыту сөйлесім әрекетінің түрлерін сабақта тұтас бірлікте қолданумен байланыстылығы. Сөйлесім әрекетінің тілдік жүйемен және қарым-қатынас жағдаятына негізделген хабарды беру және қабылдау, шығармашылық және рецепция үдерісі екендігі. Ол тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім секілді негізгі сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы іске асады.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін оқытудың нәтижесі: айта алу, тыңдай алу, оқи алу және жаза алу сөйлеу бірліктері болып табылады. Сөйлеу біліктіліктері – қарым-қатынас үдерісінде сөйлесім әрекетін орындай алу қабілеті. Кез-келген адам тілді меңгере алады, бірақ тілді меңгеру деңгейі (сөздік қордың көлемі, грамматикалық құралдарды меңгеру деңгейі, стилдерді және т.б. меңгеру) әртүрлі болады.
Сөйлеу біліктілігі сөйлеу дағдысының нәтижесінде қалыптасады. Сөйлеу дағдысының оқушылардың сөйлеу операцияларын автоматты түрде орындай алу қабілетін білдіретіндігі.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қатысымдық бағытты өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етеді.
Тыңдалым бойынша білім алушы оқытушының сөзін, сабақты түсіндіруін және тіл үйренушілердің әртүрлі хабарламаларын тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды түсіне алады. Мысалы, мәтінмен жұмыс кезінде мәтінге баға беріп, мәтінді қолдау, ризашылығын (қарсылығын) білдіру, таңданысын, қызығушылығын, мақтаныш сезімін, өкінішін, қуанышын, ренішін, қорқынышын, үмітін білдіру және т.б. әрекеттерді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет