Дәріс Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары



Дата21.12.2021
өлшемі20,3 Kb.
#104598
түріБағдарламасы
Байланысты:
3 дәріс


Дәріс 3. Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Бағдарламада қазақ тілінің мақсаты мен міндеттері төмендегідей берілген:



  1. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  2. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

  2. тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

  3. аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

  4. мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет