Байланысты: Д?ріс Ойлау м?дениетіні? ?алыптасуы ойлауды? философиялы? т?рі
Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.
3. Рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы болып таблады. Адам болмысы рухани болмысмен нақтыланып, ол қиял, ой-өрiсімен шындықпен орайласып, тиiстi мақсат-мүдденi жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Шындыққа сай келетiн ойдың мазмұны терең, олар өмiр тәжiрибелерiне, бiлiмге негiзделген. Идеялар болмысы жаңаны iздеп табу, белгiсiз нәрсенi ашуға ұмтылу әрекетiнен байқалады.