Формальді сұхбат – тақырып бойынша алдын ала құрастырылған сұрақтарға орай реттік тәртібін сақтау арқылы сұралушымен пікір алмасып мәліметтер жинау. Бұндай сұрақтарға өзгерістер енгізуге, одан ауытқуға болмайды.
Жартылай формальді сұхбат – пікір алмасу барысында тақырып бойынша алдын ала дайындалған сұрақтармен қатар, қосымша сұрақтар қою арқылы мәліметтер жинау.
Формальді емес сұхбат – нақты тақырып бойынша зерттеуші мен респонденттің еркін пікір алмасуы арқылы мәліметтер жинауы болып табылады. Бұндай сұхбатта сұрақтар алдын ала дайындалмайды, зерттеуші сұхбат барысында туындаған сұрақтарды қойып, респондент оған өз ойын еркін білдіріп жауап беруіне толық жағдай жасалады және зерттеушінің жауаптарды тіркеу формасының стандарты болмайды.
Сұхбат жүргізушінің міндеті сұхбатты ұйымдық жағынан дайындау, қажетті сұралушыларды табу, оларды зерттеуге қатысуға шақыру.
Социологиялық мағлұматтар жинауды аяқтаған соң сұхбат алушы зерттеу орталығына сұхбаттың толтырылған бланкілерін, маршрут парақшаларын, жұмысы туралы есепті тапсырады.
Барлық сұрақтар тексеріліп болған соң зерттеліп отырған объект туралы жинақталған мағлұматтар алу мақсатында сұхбат бланкілеріне арнайы талдаулар жасалады.Сонымен анкеталық сұрау мен сұхбат әлеуметтік мағлұматтардың негізгі көпшілігін алуды қамтамасыз етеді.
Жалпы сұрақ алу әдісі – жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі болып табылады.
Мұғалімнің мамандық ерекшіліктігін ескере отырып, оқу процесінде есептегіш техника құралдарын қолдануға дайындығы міндетті (минималды) білім көлемін, компьютерлік оқыту техналогиясының негізгі әдістерін сенімді қолдануына мүмкіндік беретін дағдылар мен машықтарды қамтуы керек. Ақпараттық мәдениет-бұл ең алдымен әдістемелік, дүниетанымдық, жалпы мәдени, гуманитарлық, арнайы және әдістемелік аспектілерді қамтыған ақпаратты өңдеу процестерінің мәнін түсіну.