Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


- ДӘРІС. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ



бет47/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

9- ДӘРІС. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ
Жоспар

  1. Педагогикалық эксперимент ұғымы

  2. Зертханалық, табиғи эксперимент

  3. Педагогикалық эксперименттің әдіс ретіндегі ерекшелігі

  4. Педагогикалық эксперимент кезеңдері



Педагогикалық эксперимент – танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан біліп алып, құбылыстар мен деректерді “таза” күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың актуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты - оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық – оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі – зерттеу объектісін қайта құруға бағытталады. Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, ол болжамдарды дәлелдеуі немесе жоққа шығаруы мүмкін.
Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар зиян шегеді Бұл қоғамның құқықтық және адамгершілік қалыптарының бұзылуыны әкеліп соғады.
Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылады. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс мөлшерлері бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу жабдықтарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болуы тиіс.
Педагогикалық эксперимент алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс- тәсілдерін формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зертеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді экспиремент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.
Экспиремент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психологиялық зерттеу әдәсән көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғаға заңдылықтарды ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенің бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен, педагогика саласындағы ғылыми жұмыста қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет