Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет45/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Ақпараттандыру – әр түрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып,т олардың ақпараттық талаптарын қанағаттаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-эканомикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, еңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ғылыми журнал мен жинақтардағы жарияланымдар зерттеушінің ғылыми ізденістері, оның ұзақ эксперименттері, қойылған міндеттердің жаңа шешім ізденісі, соны идея табудың логика қорытындысы болып қабылданады. Жарияланымда ғалымның мәселе шешудегі жаңа табыстары сауатты да түсінікті баяндалып, нәтижелері көрсетілуі қажет. Онда зертеуші өзінің жетістіктерін баяндайды, тәжірибемен бөліседі, қателіктерден сақтандыралды, ғылыми ортада оған абырой жинайды немсе оның жалғандығын әшекерелейді. Жарияланым ғалымның белгілі бір мәселеде табысқа бірінші болып жеткенін тіркейді, оның приоритетін басып көрестеді. Бұған қосатынымыз, мақала өз бетінше зерттеушінің ғылыми қисындылығының өлшемі емес, мақаланың негізгі көрсеткіші берілген ақпараттың сапасы. Сондықтан кейбір мемелекеттерде, мысалға АҚШ – та, ғалымның іс- әрекетінің бағалануы оның мақалалар мен баяндамаларын саны арқылы ғана емес, осы зерттеушіге басқалардың еңбектерінде келтірілген сілтеме жасау жиілігі арқылы есептелінеді. Егер басқа зерттеушілер ғылымның мақаласында берілген мәліметтерге сілтеме жасаса, онда алынған материялдардың құндылығы, нақтылығы, пайдалылығы анық екенін көрестеді. Керісінше, ғалым мақаласына жасалған сілтемелер жоқтың қасы болса, онда жарияланымның сапасы төмен, жаңашылдық деңгейі пәс, тақырыбы жалған, жаңа идея жоқ деп нақты айтуға болады.
Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғалымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет