Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет57/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Сұрақ-жауап әдістерінің ерекшелігі неде?
2. Анкета мен сұхбат жүргізу әдістерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасау
3. Әлеуметтік сұхбат (интервью) интерпретациялау арқылы түсіндіру.
4. Интерет көздіктерімен жұмыс жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Введение в научное исследование по педагогике: Учебное. Под ред. В.И.Журавлева-М.,1988,с.91-106.
2.Ильина Т.А.Вопросы теории и методики педагогического эксперимента. М.,1975.


10- ДӘРІС. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Жоспар


  1. Эксперименттің сандық және сапалық тұсы

  2. Зерттеудің нәтижелері әдеби өнімдер

Математикалық және статистикалық әдіспедагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.


Эксперименттің сандық қорытындысы төменгі көрсеткіштерге сүйенуге боладыі:
а) балдық баға;
б) білімнің орт бағасы
в) дисперсия. Орта квадратты ауытқушылық;
г) үлгеру коэффиценті;
Сандық және жанама әдістерді пайдалануға болады. Оқыту жағдайларын сапалық құрылым бағасын шешуде нақтылы өлшемін жасауға болады.
1. Оқу материалдардағы материалдардағы проблемаларды көру қабілеттерді және мазмұнын түсінуі-6 балл.
2. Жобасын ұсыну-3 балл.
3. Дәлелдер ұсыну-5 балл.
4. Нақты бағыттар – 3 балл.
5. Жағдайды шешу – 5 балл.
6. Шешімді теоритикалық және эксперименттік түрде тексеру – 5 балл.
7. Қорытынды шығару – 3балл.
Барлығы – 30 балл.
Оқушылардың қабілеттерін бағалануда қордағы теоритикалық және нақты материалды келесі нақты шкала бойынша көрсетуге болады:
1.Фактыны айтудан бас тарту – 2 балл.
2.Құбылыстың себебін ашу – 4 балл.
3.Функционалды қажеттіліктерді – 6 балл.
4.Теоритикалық жағдайларды қолдану – 8 балл.
5.Өзіңнің жауабыңды пәндік және модел тілінің көмегі арқылы дәлелде.
Барлығы – 30 балл.
Нақты шкалаға – интервалды шкала жасалады, интервал шегі жиі кездесетін вариацияларға лайық алынған.
- 1,073 – жоғары коэффицентті қабілеттілік.
- 0,7 – 0,43 – орта.
- 0,4-0,17 төмен.
- 0,17-0-өте төмен.
Эксперимент қорытындысын шығаруда сандық жағы ғана емес сапалық жағы да қосылады. Ол келесі бағытпен жүргізіледі.
а) оқушылардың оқу бағдарламасына сай алынған компонеттер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарды орындаудағы танымдық қасиеттерінің мінездемесі.
б) жалпы педагогикалық және әдістемелік талдау, сандық өорытындылар мен көрсетілімдерді интерпретациялау.
в) негізгі тұжырымдаманы көрсету және практикалық бағыттау.
Эксперименттің қорытындысына қарай мәліметтер таблица, схема, диаграмма түрінде көрсетілген.
Экспериментті жасау немесе дайындау үшін ең алдымен оның мақсатын зерттелеудің барысында түйсіну қажет. Сондықтан зерттеуші бастапқы кезеңнен бастап-ақ оның жүру барысын жақсы білу қажет.және зксперименттің алдынғы нәтижелерінен хабары болуы керек. «Әрбір ғылыми зерттеуде қажетті болжаулы шешімдері болуы тиіс, өиткені фактыны бір нәрсеге іліктіру қажет, өйткеніалға қарай бір нәрсемен болсада қозғалу қажет» деді-, И.;.Павлов.
Ал, Ш.И. Ганелин гипотезаны жүрегі, зерттеудің жаны деп көрсеткен. Гипотеза белгілі бағыт береді, яғни факты жинауда да алынған материалды талдағанда. Психологиялық педагогикалық экспериментте мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын зерттеу барысында әртүрлі деңгейде екенін анықтауға болады.
Бұл гипотеза эксперименттің ұйымдастырудың алдын-ала: оқушылардың жас ерекшелігіне, әртүрлі сыныптарға оқу деңгейінің деңгейлеріне қарай алу керек екенін көрсетті.Эксперимент көрсеткендей, көп жағдайда жеткіншіктердің танымдық қызығушылығы, 5-сыныптағы оқушыларға қарағанда өте төмен деңгейде.
Эксперименттің жүргізу барысында, ережені қатаң сақтауы тиіс.
Экспериментатордан, оқушыларға деген бейтараптың қатынас және бақылаудағы нақтылық мінез-құлықтары барлық өзгешіліктерге көңіл аудара білуі қажет. Әдетте эксперимент тоқтамсыз динамикалық тұрғыда өтеді: вербальды, сенсомоторлы. Сондықтан эксперименттің мақсатына қарай әр кезеңде тіркеуші асистентердің болғаны дұрыс. Эксперимент мәліметтерін суретке түсіру және жай жазбаша жолмен алуға болады.
Эксперимент жүргізу барысында: керекті белгілі көрсететін хронологиялық тәртібін көрсететін арнайы өлшемдер қолданылады. Эксперимент жүргізу барысында зерттеушінің танымдық қызығушылықтарының тереңдеуін және мінезін көру барысында төмендегі бірнеше көрсеткіштерді көрсетті:
1. Бір пән бойынша тапсырмасы бар конверт таңдауы.
2. Тапсырма таңдау, танымдық қызметіне байланысты оқушылардың қызығушылық мінездері.
3. Эксперимент уақытында орындау іс-әрекетіне қатысты (зейінін бөлуі, қызығуы, немқұрайлылық, босаңсуы).
4. Іс-әркеттің эмоциональды бейнесі (қиындықты жеңіп айналып өтуі, тапсырманы соңына дейін шешуге деген талпыныс, жаңасын таңдау, іс-әрекетін тезірек тоқтату, танымдық процесінің аяқталмауы).
5. Оқу бағдарламасының сыртқы аясындағы танымдық процестердің көрінуі.
6. Зерттеушінің эксперимент жүргізу барысында бос уақыттары қвзығушылықтары лайықты немесе лайықты болмауы. Көрсеткіштерді салыстыра отырып, оқушылардың пәндік деген бағыттылықтарын тұрақтылығының күшін және тереңділігн шығаруға болады.
Экспериментте (Е.С. Туренской «Формирование эстетической активности школьников» Канд. Дисс. Л., 1970) эстетикалық белсенділігінің көрсеткішін зерттеді. Бұл зерттеулерде мектеп оқушыларының эстетикалық іс-әркеттері пәндік бағыттылықты, өнер түрлеріне деген таңдауын зерттеді.
Сол себепті көрсетілген көрсеткіштер эксперименттің – объектісі болып табылады. Зерттеушінің негізгі ұйымдастыруының техникасы болып табылады.
Педагог зерттеушінің алдында мынандай сұрақ тұрады:
- Экспериментке қанша оқушы қажет?
- Қанша мұғалім қатысуы тиіс?
Таңдау негізінен оқушылардың қатысуымен тығыз байланыста болады. Егер зерттеуші жаңа жүйені тексергісі келсе, яғни оны кейін бүкіл барлық типтегі мектептерге тарату туралы мақсатында, олай болса бұл экспериментті күндізгі, кешкі, қалалық, ауылдық мектептердің барлығы қабылдау қажет. Егер педагог бұл кең түрдегі экспериментті жүзге асыра алмайтынын білсе, онда ол нақты зерттеу сандық таңдау жасайды: қалалық мектептерді немесе ауылдық мектептерді, тек қана кіші мектеп немесе жоғарғы сыныптарды. Кейіннен зерттеушіге эксперименталды объектілерді ең қажетті санға дейін таныту. Мысалы: Ауылдық мектептердің ішінен онын емес біреуін немесе екеуін алу, кіші сыныптардың үшеуін немесе екеуін алу. Егер жағдай, мысалы: әйтеуір бір пәннің (тарих, физика) оқытылу әдісін зерттейтін болса, онда жағдайда экспериментальды сыныптарды алуға болады. Егер зерттеуші педагог қазіргі мектептердегі оқушылардың үлгермеушілік себептерін көрсеткісі келсе, онда оған қалалық, ауылдық мектептің жасына қарай, ұл-қыздардың санына қарай мәлімет жинау қажет.
Егер зерттеу экспериментті тәрбие жағдайына байланысты болса, оған 30-40 адам ғана көніл аударған. Әдетте бұндай зерттеуде қалыпты ұжымдардың қатысуы қажет. Кей кездері эксперимент, тақырыбы лабороториялық экспериментке сәйкес кішігірім мектеп оқушыларының топтарымен шектеледі. Әдетте бұл жағдай педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылардың, өзіндік тәрбие индивидуальды тұлғалық, дамуы қабілетінің дамуына, дарындылықтарына т.б. байланысты. Осы барлық жағдайларға сәйкес экспериментальды немесе бақылау сыныптары немесе топтары тандалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет